«Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға арналған бюджеті

«Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, облысының аумағында тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету  мемлекеттік орган болып табылады. Өз қызметін 2022 жылдың 27 -маусымындағы Жетісу облысы әкімдігінің № 4 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүргізеді.

«Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым:

1) «Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»ММ-нің «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

           2023 жылдарға 264 – Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілігі бойынша 3 бюджеттік бағдарламалар бекітілді, олар:

         001 «Жергілікті деңгейдегі тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» - 2023 жыл – 186875 тыс.тг. Осы бағдарлама бойынша шығыстар 7 штаттық мемлекеттік қызметкерлер мен 18 техникалық қызметкерлерге еңбекақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, салық шегерімдеріне, іссапар шығыстарына, сондай-ақ кеңсе тауарларын сатып алу үшін, коммуналдық (электр энергиясы, су, жылумен жабдықтау, телефон, интернет, арнайы байланыс) және басқа да қызметтер мен жұмыстарға (веб-сайтты сүйемелдеу, "1С Бухгалтерия", "Бюджеттік қаржыландыру" бағдарламаларын сүйемелдеу, стендтер, мекеме бланкілерін дайындау, компьютерлік техниканы жөндеу және қызмет көрсету) арналған.

       002 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» 2023 жыл – 198369 мың тг.,  өңірде іс жүргізудің толық мемелекеттік тілге көшуіне жағдай жасауға және облыстағы тұратын басқа ұлт тілдерінің дамуына ықпал ету, мемлекеттік үштұғырлы тіл саясатын іске асыру, сондай-ақ бағынысты КММ-нің қызметшілеріне еңбек ақы төлеу, салық төлеу, іс сапар шығындарын төлеу, бухгалтерлік есеп жүргізу, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін төлеу, негізгі құралдарды және өзге де негізгі жабдықтарды ұстау, жөндеу және оған қызмет көрсету үшін және 41,5штаттық қызметкерлерге еңбекақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы, салық шегерімдеріне, іссапар шығыстарына, сондай-ақ кеңсе тауарларын сатып алу үшін, коммуналдық (электр энергиясы, су, жылумен жабдықтау, телефон, интернет, арнайы байланыс) және басқа да қызметтер мен жұмыстарға (веб-сайтты сүйемелдеу, "1С Бухгалтерия", "Бюджеттік қаржыландыру" бағдарламаларын сүйемелдеу, стендтер, мекеме бланкілерін дайындау, компьютерлік техниканы жөндеу және қызмет көрсету) арналған.

       032 «Ведомстволық бағыныстағы  мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары» 2023 жыл – 2822 мың тг., басқарманың ведомстволық бағынысты КММ материалдық-техникалық базасын нығайту үшін.

     

 

Дата публикации
19 сентября 2023