«ТІЛ – ҒҰМЫР» облыстық жас қаламгерлер байқауы

 «ТІЛ – ҒҰМЫР» облыстық

жас қаламгерлер байқауын өткізу қағидалары

  1. Жалпы ережелер:   Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалымен бірлесе Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық, Мағжан Жұмабаевтың туғанына    130 жылдық мерейтойлары аясында рухани құндылықтарды насихаттау, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әдебиеттің дамуына ықпал етіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында Жетісу облысы әкімінің «Шамшырақ» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» атты байқау жариялайды.
  1. Байқаудың мақсаты:
  • Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру;
  • Шәкәрім Құдайбердіұлының және Мағжан Жұмабаевтың еңбектері мен шығармашылығын кеңінен насихаттау;
  • ұлттық құндылықтарды дәріптейтін қазіргі заманғы қазақстандық әдебиетті дамыту және оған қолдау көрсету;
  • мемлекеттік тіл саясатын үйлестіруде жастардың белсенділігін арттыру, жас қаламгерлерді танымал ету.
  1. Байқауды ұйымдастыру тәртібі:

3.1. Байқаудың ұйымдастырушысы – Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы.

3.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың   интернет-ресурсына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy?lang=kk,  Facebook, Instagram) орналастырылады.

  1. Байқаудың шарттары:
  1. Поэзия бәйгесі:

4.1.  «Адалдың әділ жолына, Ақырын басып жет, халық» тақырыбына немесе (Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай) «Мен жастарға сенемін» тақырыбына бір өлең (Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жылдық мерейтойына орай).

  1. Проза бәйгесі:

4.2.  Еркін тақырып

4.3. Әр автордың бұған дейін еш жерде жарияланбаған шығармасы, яғни поэзия 4 бет, проза 15 беттен аспауы шарт. Сонымен қатар шығарма компьютерде Times New Roman қарпімен,                        1,5 интервалымен, 14 кегльмен терілуі шарт.

4.4. Байқауға 18-35 жас аралығындағы (қаламгерлер, ақындар, журналистер) аудандық, қалалық іріктеу кезеңінен өткен байқаудың жеңімпаздары қатыса алады.

4.5. Шығарманы бағалауда көркемдік деңгейінің жоғары болуына, идея ерекшелігіне, әдеби-көркем құндылығына, баяндау реттілігі мен мағыналылығына, жанрға сәйкестігіне, грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына, тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі (плагиатқа тексеріледі).

4.6. Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) әзірленген шығармалар қабылданады.

4.7. Шығармалар 2023 жылғы 22 мамырдан 22 маусымға дейін қабылданады. Шығарманың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні (жеке куәлігінің скан.нұсқасы), тұрғылықты мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, электронды мекенжайы, өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат (қосымша берілген үлгіге сәйкес) Басқармаға ұсынылады.

  1. Қорытынды ережелер

5.1. Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

5.2. Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны Басқарманың ресми сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

5.3.   Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.

5.4. Байқаудың бас жүлде иегеріне «Шамшырақ» атты Жетісу облысы әкімінің арнайы жүлдесі табысталады. Сондай-ақ жүлделі орын иелері арнайы Дипломдармен, Алғысхаттармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

5.5. Алматы облысы әкімінің «Ақ қауырсын» жүлдесінің проза жанрының бас жүлдегері  Жетісу облысы әкімінің «Шамшырақ» жүлдесінің проза жанрына қатыса алмайды. Поэзия жанрына қатысуға мүмкіндік беріледі.  (немесе «Ақ қауырсын» жүлдесінің поэзия жанрының бас жүлдегері  «Шамшырақ» жүлдесінің поэзия жанрына қатыса алмайды. Проза жанрына қатысуға мүмкіндік беріледі)

       Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы, І. Жансүгіров көшесі  36 Б, Тіл сарайы 22 кабинет.

       Байланыс телефондары: 8 (747) 036 00 18 Меруерт Абылханова, электрондық пошта: abylhanova.07@mail.ru

 

 

 

Дата публикации
25 мая 2023