
- Тілдерді қолдану мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, облыстағы тіл саясатын үйлестіру жұмыстарын, мекемедегі ономастика, көрнекі ақпарат және іс жүргізу мәселелерінен туындайтын міндеттерді іске асыру.
1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылау жасауды қамтамасыз етедi, ономастикалық комиссиялардың жұмысын үйлестіреді, мемлекеттік ономастикалық жұмыс бағдарламасының орындалуына бақылау жасайды;
2) облыстық ономастика комиссия қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді, қалалық, аудандық ономастикалық жұмысшы топтармен байланыс орнатады;
3) облыстық ономастика комиссиясына келіп түскен материалдардың уақытында қаралуын, олар жөнінде негізделген қорытындылар қабылдануын, осы материалдарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк ономастика комиссиясына одан ары қаралуына және қорытынды шешiм қабылдануына жiберудi қамтамасыз етеді;
4) бөлiм қарауына келiп түскен өтініш берушілердiң хаттарымен жұмыс жүргізеді және оларға жазбаша жауап береді;
5) облыстағы тіл ахуалының жағдайына және дамуына мониторинг жасау, әлеуметтік зерттеу базасы негізінде талдау материалдарын дайындау, ономастикалық жұмыстың жай-күйі туралы мәлiметтердi қоса отырып облыстағы тілдік ахуалды зерттеу бойынша деректер базасын құрайды;
6) тілдерді дамыту саласында iс-шараларды іске асыруды қамтамасыз ету, тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделейді;
7) ғалымдармен, ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнатады, ізденiс және ғылыми жұмысты іске асырып, географиялық, әкімшілік-аумақтық нысандар атауларының өзгергені жөнінде мәліметтерді тауып тіркейді;
8) ежелгі халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға тұрғындардың құрметпен қарау қатынасын қалыптастыру мақсатында ономастика мәселелерi жөнiнде мерзімді баспада материалдар жариялайды;
9) нысандарды, сыртқы ақпараттық жарнамаларды, маңдайшаларды көркем безендендіру барысында тіл мәдениетін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді жүргізеді;
10) жоғары тұрған ұйымдардың ономастика мәселелері жөніндегі бақылауда тұрған құжаттары бойынша ақпараттық материалдарды уақытында дайындауды қамтамасыз етеді;
11) тіл саясатының мәселелері жөнінде семинарлар, мәжілістер, конференциялар, конкурстар және басқа да көпшілік шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.
1) өзінің құзіреті шеңберінде жұмыс істеу үшін заңды тұлғалардан қажетті мәліметтерді сұрауға;
2) бөлімнің қызметіне байланысты басқарма басшысының бұйрықтар
жобасымен танысуға;
3) осы ережеде қарастырылған міндеттерге байланысты, жұмысты жетілдіру жөнінде, басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізуге;
4) бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша басқарма басшысынан ақпараттар мен құжаттарды алуға құқығы бар.
Бір көшеге атау беру немесе қайта атау бойынша атқарылатын жұмыстарға кемінде жарты жыл уақыт кетеді.