Бөлімнің миссиясы: Жетісу облысы аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Бөлімнің міндеті: жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығын, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасауды, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.
Бөлімнің функциялары:
1) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
2) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
3) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.