ІV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы талдамалық анықтамасы

1) Ережеге сәйкес Облыстың жер қатынастары басқармасына бақылау функциялары берілмеген.

Осыған байланысты Басқарма бақылау іс-шараларын жүргізбейді.

2) Басқарма Мемлекеттік қызметтерді «Е-Лицензиялау МДҚ» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2 кезеңде көрсетіледі.

Бірінші кезеңді көрсету үшін осы қызмет бойынша өтінішке тек сұралып отырған жер учаскесінің жоспары (схемасы) қоса беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардан Қағидаларда көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Кодекстің 43-бабына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру мақсаттары үшін жер учаскесі берілген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензиялардың көшірмелері қоса беріледі. Алайда, Ережелерде бұл құжат ескерілмеген.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер пайдалану құқығын беру үшін лицензия негіз болып табылатындықтан, облыстың уәкілетті органы осы құжаттарды қосымша сұратуға мәжбүр.

Ұсынымдар: жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскесін сұрау кезінде қосымша құжаттарды ұсыну бөлігінде Ережеге енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бас тартулар мен шағымдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ.

«Сапасыз көрсетілген мемлекеттік қызметке телеграм бот арқылы шағымдану мүмкіндігі пайда болды» түсіндірме ақпарат                         басқарманың интернет ресурсында жарияланды  (30.01.2025ж.,https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/press/news/details/927876?lang=kk).

Сонымен қатар, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі ережеге өзгерістер енгізу бойынша                              басқарманың интернет ресурсында жарияланды. (30.09.2025ж https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/press/news/details/1077560?lang=kk)

Халыққа қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Жер қатынастары басқармасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Цифрлық форматта ашық есік күні іс-шарасына қатысу туралы» тақырыбындағы интернет-конференция өткізілуі туралы ақпарат басқарманың интернет-ресурсында жарияланды (24.02.2025ж., https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-land/press/news/details/944564?lang=kk).

2025 жылдың ІV тоқсанында басқарма 70 мемлекеттік қызмет көрсетті (бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 13-ні құрайды, оның ішінде:

жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;

жер учаскесін алуға кезекке қою;

жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы.

Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді;

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.

Дата публикации
16 января 2026