Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІV тоқсандары үшін жұмыс жоспары

БЕКІТЕМІН

Жетісу облысы жер қатынастары

басқармасының басшысы

_______________ Е. Әпеков

 «____» ________ 2025 жыл

      Жер қатынастары саласында

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша

анықталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін

себептер мен жағдайларды жою бойынша 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІV тоқсандары үшін жұмыс жоспары

 

№

Іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Аяқталу түрі

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

 

1

Ережеге сәйкес «Бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» мемлекеттік қызметін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

«Е-Лицензиялау МДҚ» ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде жергілікті атқарушы органдар көрсетілмейді.

Жетісу облысының жер қатынастары басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін талқылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушылар жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарға өтінім беруге мәжбүр.

 

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетілетін Жетісу облысының жергілікті атқарушы органының көрсетілетін қызметті берушілер тізімдерінің тізбесіне қосу мәселелері бойынша хат жолдау.

 

 

 

 

хат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жерге орналастыру және жердің құқықтық қатынастары бөлімі

 

 

 

мамыр

2025 жыл

2

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» Мемлекеттік көрсетілетін қызметі 2 кезеңде көрсетіледі. Бірінші кезеңді көрсету үшін осы қызмет бойынша өтінішке тек сұралып отырған жер учаскесінің жоспары (схемасы) қоса беріледі. Көрсетілетін қызметті алушылардан Қағидаларда көзделмеген

құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Кодекстің 43-бабына сәйкес пайдалы қазбаларды өндіру мақсаттары үшін жер учаскесі берілген жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензиялардың көшірмелері қоса беріледі. Алайда, Ережелерде бұл құжат ескерілмеген.

Жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер пайдалану құқығын беру үшін лицензия негіз болып табылатындықтан, облыстың уәкілетті органы осы құжаттарды қосымша сұратуға мәжбүр.

 

жер қойнауын пайдалану үшін жер учаскесін сұрау кезінде қосымша құжаттарды ұсыну бөлігінде Қағидаларға енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау.

хат

 

жерге орналастыру және жердің құқықтық қатынастары бөлімі

мамыр

2025 жыл

 

3

«Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасына сәйкес жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарамастан, жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген картаға енгізілген жер учаскелері мемлекеттік қажеттіліктер үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жатады. Бұл ретте жер учаскелері алынуы мүмкін елді мекендерден қашықтық анықталмаған. Осылайша, өз жерлерін адал пайдаланатын, оның ішінде шартты есебінен құрылған агроқұрылымдардан жер учаскелерін алу қаупі бар

«Жайылымдар туралы» Заңға жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықты жайылымдармен қанағаттандыру үшін қажетті мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою жүргізілетін елді мекендерден қашықтықты регламенттейтін өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау.

хат

Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою бөлімі

мамыр

2025 жыл

4

Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары конкурс өткізу қағидаларының 7-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жыл сайын тиісті жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде конкурсқа қойылатын жер учаскелерінің (бос жер учаскелері болған жағдайда) тізбесін қалыптастыруды, келісуді және бекітуді жүзеге асырады. Бұл ретте конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін одан әрі қалыптастыру, келісу және бекіту жылына кемінде 2 рет (бос жер учаскелері болған жағдайда) жүргізіледі.

жойылғаннан кейін келесі конкурсты өткізудің нақты мерзімін белгілеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

хат жолдау.

хат

жер кадастры

мамыр

2025 жыл

 

 

Жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша 2024 жылғы ІІ, ІІІ, ІV тоқсандары үшін жұмыс жоспары
Дата публикации
25 апреля 2025