Жетісу облысының аумағы 11,8 млн. га құрайды (8 аудан және 2 облыстық маңызы бар қала).
Облыстың жер қоры 11 848,3 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 718,2 мың гектар (егістік – 533,4 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 197,2 мың гектар, көп жылдық екпелер – 3,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 52,3 мың гектар, шабындық – 126,4 мың гектар, жайылым – 3 934,1 мың гектар, басқадай жер – 68,7 мың гектар)
Облыста шаруашылық субъектілерінің саны 19 289 құрайды (оның ішінде шаруа қожалықтары – 18 886, АҚ, ЖШС – 317, өндірістік кооперативтер – 34, ҒЗИ, мекемелер және оқу орындары – 16, басқа қосалқы кәсіпорындар – 2, басқа мемлекеттік кәсіпорындар - 34).
Елді мекен жері – 0,5 млн. га.
Өнеркәсіп мақсатындағы жерлер – 0,1 млн. га.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi – 0,7 млн. га.
Орман қорының жері – 1,5 млн. га.
Су қорының жері – 6,4 мың га
Босалқы жері – 4,3 млн. га.