Облыстың жер қоры 11 848,3 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4718,2 мың гектар (егістік – 533,4 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 197,2 мың гектар, көп жылдық екпелер – 3,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 52,3 мың гектар, шабындық – 126,4 мың гектар, жайылым – 3 934,1 мың гектар, басқадай жер – 68,7 мың гектар)
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 126 786 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2732, Алакөл ауданы – 9575, Ескелді ауданы – 10001, Қаратал ауданы – 1536, Кербұлақ ауданы – 3500, Көксу ауданы – 8222, Сарқан ауданы – 1516, Панфилов ауданы – 34118, Талдықорған қаласы – 49325, Текелі - 6261). Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.
Облыс аумағында инфрақұрылыммен 1135 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері қамтылған (Ақсу ауданы – 150, Қаратал ауданы – 20, Кербұлақ ауданы – 510, Көксу ауданы – 177, Панфилов ауданы – 237, Сарқан ауданы – 21, Текелі қаласы – 20) кезек ретімен беру жоспарлануда.
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Ақсу ауданы (Матай ауылы) аумағынан 150 жеке тұрғын үй учаскелеріне (көлемі 15,0 га) қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізуге 2023 жылы 132,6 млн. теңге бөлінген.
Жобаны аяқтау үшін 2024 жылы жергілікті бюджеттен 6,3 млн. теңге бөлініп, инженерлік-инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілді.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Ағымдағы жылы босалқы жер қорынан 68 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табыстау жоспарланған.
Бүгінгі күнге облыста 36 конкурс өткізіліп (Ақсу ауданы – 117 учаске, Алакөл ауданы - 99 учаске, Қаратал ауданы – 82 учаске, Панфилов ауданы – 135 учаске, Көксу ауданы – 13 учаске, Сарқан ауданы – 47 учаске, Кербұлақ ауданы – 17 учаске, Ескелді ауданы – 212 учаске), онда ауданы 113,5 мың га немесе 722 жер учаскесі табысталды.
Бүгінгі күні облыс бойынша коммерциялық жерлерге жалпы саны 26 аукцион өткізіліп, көлемі 32,0 га болатын 72 жер учаскелері табысталды (Ақсу ауданы – 5 учаске, Алакөл ауданы – 40 учаске, Кербұлақ ауданы – 11 учаске, Ескелді ауданы – 1 учаске, Панфилов ауданы – 9 учаске,Сарқан ауданы – 1 учаске, Талдықорған қаласы – 2 учаске, Текелі қаласы – 3 учаске).
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы
2024 жылға облыс бойынша 90,0 мың га жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған (Ақсу ауданы - 15,0 мың га, Алакөл ауданы - 15,0 мың га, Ескелді ауданы – 5,0 мың га, Қаратал ауданы – 15,0 мың га, Кербұлақ ауданы – 10,0 мың га, Көксу ауданы – 7,0 мың га, Сарқан ауданы – 15,0 мың га, Панфилов ауданы - 8,0 мың га).
Бүгінгі күні қайтқан жерлердің көлемі 127,63 мың га (оның ішінде 3,4 мың га егістік, 123,28 мың га жайылымдық), немесе жылдық жоспар 141%-ға орындалды.
Анықтама: Ақсу жоспар - 15,0 мың га, қайтарылды – 12 898 га-86%, Алакөл жоспар – 15 мың га, қайтарылды - 43 763 га-291%, Ескелді жоспар - 5,0 мың га, қайтарылды - 3 570,86 га-71,4%, Каратал жоспар - 15,0 мың га, қайтарылды - 18 550,9 га-124%, Кербұлақ жоспар - 10,0 мың га, қайтарылды - 10 664,5 га-106%, Көксу жоспар - 7 мың га, қайтарылды – 6 059,28 га-86,5%, Сарқан жоспар - 15,0 мың га, қайтарылды - 12 276,8 га-81,8%, Панфилов жоспар - 8 мың га, қайтарылды – 17 352,29 га-216,9%.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру
бойынша
Елді мекендердегі жеке ауладағы мал бастарын жаю үшін барлығы 774,5 мың га жайылымдық алқап бекітілді (Ақсу-201,3 мың га, Алакөл-101,9 мың га, Қаратал-54,1 мың га, Көксу-43,1 мың га, Кербұлақ-126,7 мың га, Панфилов-88,2 мың га, Сарқан-118,6 мың га, Ескелді-34,1 мың га, Талдықорған-5 мың га, Текелі қалалары-1,4 мың га).
Оның ішінде 2023 (36,9 мың га) – 2024 (24,1 мың га) жылдары елді мекеннің жеке ауладағы мал бастарын жаю үшін 62,8 мың га бекітілді, оның: қайтарылған жерлерінен 52 мың га (Ақсу – 5,2 мың га, Алакөл – 1 мың га, Ескелді – 4,5 мың га, Қаратал – 17,4 мың га, Кербұлақ – 3,2 мың га, Көксу – 7,7 мың га, Панфилов – 12,0 мың га, Текелі – 1 мың га), босалқы қорынан 10,8 мың га (Кербұлақ ауданы).
Бүгінге халықтың жайылымға деген қажеттілігі 634,6 мың га құрайды (Алакөл-112,2 мың га, Қаратал-10,4 мың га, Көксу-71,2 мың га, Кербұлақ-155,3 мың га, Панфилов-133,4 мың га, Сарқан-13,4 мың га, Ескелді-99,2 мың га, Талдықорған-30,6 мың га, Текелі қалалары-8,9 мың га).
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
Жер қатынастары басқармасы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Қызметтің бұл түрі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында ағымдағы жылы 19 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.