Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының
2024 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Облыстың жер қоры 11 848,3 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 529,6 мың гектар (егістік – 532,2 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,7 мың гектар, көп жылдық екпелер – 3,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 45 мың гектар, шабындық – 126,2 мың гектар, жайылым – 3 754,2 мың гектар, басқадай жер – 68,7 мың гектар)
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 119 975 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2634, Алакөл ауданы – 9075, Ескелді ауданы – 9722, Қаратал ауданы – 1389, Кербұлақ ауданы – 3269, Көксу ауданы – 7970, Сарқан ауданы – 1387, Панфилов ауданы – 32264 Талдықорған қаласы – 46230, Текелі - 6035). Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.
Облыс аумағында 2024 жылдың соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылып, 1642 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері (Ақсу ауданы – 150, Қаратал ауданы – 20, Кербұлақ ауданы – 530, Көксу ауданы – 177, Панфилов ауданы – 210, Сарқан ауданы – 21, Талдықорған қаласы – 514, Текелі қаласы – 20) кезек ретімен берілетін болады.
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Ақсу ауданы Матиай ауылына жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2024 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге және алаңдарды дайындауға 6,324 млн.теңге қарастырылып, бөлінді.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Ағымдағы жылы босалқы жер қорынан 50 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табысталуы жоспарланған.
Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 41 конкурс өткізілді. Конкурста 32 328,5 га құрайтын 185 жер учаскесі табысталды (Қаратал ауданында 35 учаске, көлемі 15 369,9 га, Кербұлақ ауданында 1 учаске, көлемі 3,0 га, Панфилов ауданында 135 учаске, көлемі 14 749,6 га, Сарқан ауданында 14 учаске, көлемі 5206,0 га).
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы
2024 жылға облыс бойынша 90,0 мың га жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған (Ақсу ауданы - 15,0 мың га, Алакөл ауданы - 15,0 мың га, Ескелді ауданы – 5,0 мың га, Қаратал ауданы – 15,0 мың га, Кербұлақ ауданы – 10,0 мың га, Көксу ауданы – 7,0 мың га, Сарқан ауданы – 15,0 мың га, Панфилов ауданы - 8,0 мың га).
Ағымдағы жылы қайтқан жерлердің көлемі 85,1 мың га (Ақсу ауданы – 6 989,5 га, Алакөл ауданы – 43 763,0 га, Ескелді ауданы – 1525,86 га, Қаратал ауданы – 18550,9 га, Кербұлақ ауданы – 8101,27 га, Көксу ауданы – 620,0 га, Сарқан ауданы – 1855,0 га) құрайды немесе жылдық жоспардың 94,5% -ға орындалды.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру
бойынша
Елді мекендердегі жеке ауладағы мал бастарын жаю үшін барлығы 774,5 мың га жайылымдық алқап бекітілді (Ақсу-201,3 мың га, Алакөл-101,9 мың га, Қаратал-54,1 мың га, Көксу-43,1 мың га, Кербұлақ-126,7 мың га, Панфилов-88,2 мың га, Сарқан-118,6 мың га, Ескелді-34,1 мың га, Талдықорған-5 мың га, Текелі қалалары-1,4 мың га).
Оның ішінде 2023 (36,9 мың га) - 2024 (19,1 мың га) жылдары 56 мың га берілді, оның: қайтарылған жерлерінен 45,2 мың га (Алакөл-1 мың га, Ескелді-4,6 мың га, Қаратал-18,1 мың га, Кербұлақ-2,4 мың га, Көксу-10,2 мың га, Панфилов-3,1 мың га), босалқы қорынан 10,8 мың га (Кербұлақ ауданы).
Бүгінге халықтың жайылымға деген қажеттілігі 634,6 мың га құрайды (Алакөл-112,2 мың га, Қаратал-10,4 мың га, Көксу-71,2 мың га, Кербұлақ-155,3 мың га, Панфилов-133,4 мың га, Сарқан-13,4 мың га, Ескелді-99,2 мың га, Талдықорған-30,6 мың га, Текелі қалалары-8,9 мың га).
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру жұмыстары тұрақты бақылауға алынған.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
Жер қатынастары басқармасы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Қызметтің бұл түрі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Қабылданған нормативті құқықтық актілер бойынша
«Панфилов ауданының Жаркент қаласы мер ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 44 бірлескен қаулысы және Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 14-85 шешімі қабылданып, Жетісу облысы Әділет департаментінде 2024 жылы 16 ақпанда № 139-19 болып тіркелді.