2024 жылғы 1 тоқсандық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

2024 жылдың І тоқсанында басқарма 4 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: 2 - бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, 1 - жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, 1 - іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.

Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 11 құрайды, оның ішінде:

  • жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
  • іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
  • ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
  • елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
  • Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
  • жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
  • бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
  • жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;
  • жер учаскесін алуға кезекке қою;
  • жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

 «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы түскен өтініштерге Жер қатынастары басқармасы тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Жер қатынастары басқармасында өзіне бағынысты ұйымдардың жоқ екендігін хабарлайды.

2024 жылдың І тоқсанында басқарма 4 Мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: 2 - бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, 1 - жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту, 1 - іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру.
Дата публикации
09 апреля 2024