Облыстың жер қоры 11 848,3 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 529,6 мың гектар (егістік – 532,2 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,7 мың гектар, көп жылдық екпелер – 3,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 45 мың гектар, шабындық – 126,2 мың гектар, жайылым – 3 754,2 мың гектар, басқадай жер – 68,7 мың гектар)
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 116 988 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2588, Алакөл ауданы – 8826, Ескелді ауданы – 9571, Қаратал ауданы – 1307, Кербұлақ ауданы – 3157, Көксу ауданы – 7773, Сарқан ауданы – 1334, Панфилов ауданы – 31547, Талдықорған қаласы – 44831, Текелі - 5944). Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.
Облыс аумағында 2024 жылдың соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылып, 1642 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері (Ақсу ауданы – 150, Қаратал ауданы – 20, Кербұлақ ауданы – 530, Көксу ауданы – 177, Панфилов ауданы – 210, Сарқан ауданы – 21, Талдықорған қаласы – 514, Текелі қаласы – 20) кезек ретімен берілетін болады.
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Ақсу ауданында 112 учаске (15,0 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2023 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге және алаңдарды дайындауға 132,67 млн.теңге қарастырылып, бөлінді.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Ағымдағы жылы босалқы жер қорынан 50 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табысталуы жоспарланған.
Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 23 конкурс өткізілді. Конкурста 141 340,7 га құрайтын 529 жер учаскесі табысталды (Қаратал ауданында 72 учаске, көлемі 41 557,0 га, Кербұлақ ауданында 14 учаске, көлемі 789,7 га, Көксу ауданында 30 учаске, көлемі 322,7 га,Панфилов ауданында 83 учаске, көлемі 461,2 га, Ақсу ауданында 265 учаске, көлемі 81 786,3 га, Алакөл ауднында 35 учаске, көлемі 5463,1 га, Сарқан ауданында 30 учаске, көлемі 10 960,7 га).
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы
Аэроғашықтық зерттеулер арқылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 857,2 мың га жайылымдық жерлер анықталған (4166 жер пайдаланушы), анықталған жерлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп аяқталды, нәтижесінде:
жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан пайдаланбай жатқан 401,7 мың га жайылымдық жерлерге немесе 1418 жер иелеріне анықталған бұзушылықтырды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді (Ақсу ауданы – 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөл ауданы – 122 субъектіге, жалпы ауданы – 51,6 мың га, Ескелді ауданы – 47 субъектіге, жалпы ауданы – 20,4 мың га, Кербұлақ ауданы – 159 субъектіге, жалпы ауданы – 42,9 мың га, Көксу ауданы – 191 субъектіге, жалпы ауданы – 61,8 мың га, Қаратал ауданы – 110 субъектіге, жалпы ауданы – 52,7 мың га, Панфилов ауданы – 15 субъектіге, жалпы ауданы – 5,3 мың га, Сарқан ауданы – 247 субъектіге, жалпы ауданы – 53,1 мың га, Талдықорған қаласы – 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га);
аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жүргізген мониторингтің қорытындысымен 327 мың га жайылымның (664 пайдаланушы) иелерінде ИСЖ базасында мал басы тіркелгендігі анықталды (Ақсу ауданы – 66 мың га, Алакөл ауданы – 72,2 мың га, Ескелді ауданы – 30,2 мың га, Кербұлақ ауданы – 80,5 мың га, Көксу ауданы – 2,3 мың га, Қаратал ауданы – 1,9 мың га, Панфилов ауданы – 68,1 мың га, Сарқан ауданы – 3,4 мың га, Талдықорған қаласы –2,4 мың га).
Аумағы 128,5 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып (Ақсу ауданы – 40174,7 га, Алакөл ауданы – 24966,0 га, Ескелді ауданы – 4033,6 га, Қаратал ауданы – 20178,8 га, Кербұлақ ауданы – 9403,2 га, Көксу ауданы – 7632,6 га, Сарқан ауданы – 10487,4 га, Панфилов ауданы – 11551,3 га, Талдықорған қаласы – 81,0 га), жоспар орындалды (100 мың га).
Қайтарылған жерлер орналасқан орны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді.
2023 жылы мемлекет меншігіне 220 мың га пайдаланылмаған немесе мақсатсыз пайдаланылған жерлерді қайтару жоспарланған, 2023 жылдың басынан бастап 246 мың га жер мемлекеттік меншікке қайтарылды (Ақсу – 55 644,5 га, Алакөл – 27 212,4 га, Ескелді – 18 549,3 га, Қаратал – 28 794,3 га, Кербұлақ – 29 134 га, Көксу – 27 061,7 га, Сарқан – 31 710 га, Панфиловский аудандар – 27 469 га, Текелі қаласы- 1 000 га), жылдық жоспар 112% орындалды.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру бойынша
Облыс бойынша ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 755,3 мың га жайылымдық алқап бекітілген (Ақсу – 195,5 мың га, Алакөл – 101,9 мың га, Қаратал – 54,1 мың га, Көксу – 43,1 мың га, Кербұлақ – 113,5 мың га,Панфилов – 88,2 мың га, Сарқан – 118,6 мың га, Ескелді - 34 мың га, Талдықорған - 5 мың га, Текелі қалалары – 1,4 мың га).
Қазіргі таңда елді мекен халқына жайылымға деген қажеттілігі 688 мың гектар жерді қажет етеді (Ақсу – 4,7 мың га, Алакөл – 124,1 мың га, Қаратал – 10,4 мың га, Көксу – 76,2 мың га, Кербұлақ – 177,4 мың га,Панфилов – 133,4 мың га, Сарқан – 16,5 мың га, Ескелді – 106,3 мың га, Талдықорған – 30,6 мың га, Текелі қалалары – 8,9 мың га).
Бүгінгі күні 2023-2024 жылдарға арналған «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар» Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары және Талдықорған, Текелі әкімдігіктерімен бекітілді.
Аудан және қала әкімдіктерімен елді мекен халқына қажетті жайылымдарды мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жүргізіледі.
Қаратал (105,8 млн. тенге) мен Панфилов (98,2 млн. тенге) аудандарында 2023 жылға геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлінді. Зерттеу жұмыстары аяқталған соң жайылымдарды басқару жоспарлары (шамамен осы жылдың аяғына дейін) әзірленіп, бекітілетін болады.
Халықтың жайылымдық жерге деген сұранысын қанағаттандыру тұрақты бақылауда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
Жер қатынастары басқармасы "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Қызметтің бұл түрі «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында ағымдағы жылдың басынан бері 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Қабылданған нормативті құқықтық актілер бойынша
2023 жылы Жетісу облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерiн жеке меншiкке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы бірлескен облыстық мәслихат шешімі мен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы қабылданды.