2023 жылдың ІV тоқсанында Басқарма 3 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: 3 – бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 11 құрайды, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;
жер учаскесін алуға кезекке қою;
жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.