2023 жылғы 3 тоқсандық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп

Жетісу облысының жер қатынастары басқармасымен

көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

       2023 жылдың ІІІ тоқсанында Басқарма 6 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде: 5 - жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту бойынша, 1 – бұзылған жерлерді рекультивациялау жобасын келісу және беру.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 10 құрайды, оның ішінде:

жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;

жер учаскесін алуға кезекке қою.

Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.

2023 жылғы 3 тоқсандық мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есеп
Дата публикации
12 октября 2023