Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының

2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат

        Облыстың жер қоры 11 846 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 633,8 мың  гектар (егістік – 532,9 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,4 мың гектар, көп жылдық екпелер – 2,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 46,8 мың гектар, шабындық – 126,7 мың гектар, жайылым – 3 846,7 мың  гектар, басқадай жер – 78,4 мың гектар)

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру бойынша

        Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 115 677өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2567, Алакөл ауданы – 8655, Ескелді ауданы – 9501, Қаратал ауданы – 1307, Кербұлақ ауданы – 3157, Көксу ауданы – 7773, Сарқан ауданы – 1321, Панфилов ауданы – 31271, Талдықорған қаласы – 44226, Текелі - 5899). Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.

Облыс аумағында 2023 жылдың соңына дейін инфрақұрылыммен қамтылған 1581 жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері (Ақсу ауданы – 20, Қаратал ауданы – 20, Кербұлақ ауданы – 578, Көксу ауданы – 177, Панфилов ауданы – 210, Сарқан ауданы – 42, Талдықорған қаласы – 514, Текелі қаласы – 20) кезек ретімен берілетін болады.

Халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Ақсу ауданында 112 учаске (15,0 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2023 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге және алаңдарды дайындауға 132,67 млн.теңге қарастырылған.

               Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша

 Ағымдағы жылы босалқы жер қорынан 50 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табысталуы жоспарланған.

Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 7 конкурс өткізілді. Конкурста 83 717,0 га құрайтын 195 жер учаскесі табысталды (Қаратал ауданында 20 учаске, көлемі 18 108 га, Кербұлақ ауданында 6 учаске, көлемі 437,2 га, Көксу ауданында 14 учаске, көлемі 45,2 га,Панфилов ауданында 16 учаске, көлемі 79,2 га, Ақсу ауданында 115 учаске, көлемі 57040,7 га, Сарқан ауданында 24 учаске, көлемі 8006,7 га).

 Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы

        Аэроғашықтық зерттеулер арқылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 857,2 мың га жайылымдық жерлер анықталған (4166 жер пайдаланушы), анықталған жерлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп аяқталды, нәтижесінде:

жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан пайдаланбай жатқан 401,7 мың га жайылымдық жерлерге немесе 1418 жер иелеріне анықталған бұзушылықтырды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді (Ақсу ауданы – 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөл ауданы – 122 субъектіге, жалпы ауданы – 51,6 мың га, Ескелді ауданы – 47 субъектіге, жалпы ауданы – 20,4 мың га, Кербұлақ ауданы – 159 субъектіге, жалпы ауданы – 42,9 мың га,  Көксу ауданы – 191 субъектіге, жалпы ауданы – 61,8 мың га, Қаратал ауданы – 110 субъектіге, жалпы ауданы – 52,7 мың га, Панфилов ауданы – 15 субъектіге, жалпы ауданы – 5,3 мың га, Сарқан ауданы – 247 субъектіге, жалпы ауданы – 53,1 мың га, Талдықорған қаласы – 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га);

аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жүргізген мониторингтің қорытындысымен 327 мың га жайылымның (664 пайдаланушы) иелерінде ИСЖ базасында мал басы тіркелгендігі анықталды (Ақсу ауданы – 66 мың га,  Алакөл ауданы – 72,2  мың га, Ескелді ауданы – 30,2 мың га, Кербұлақ ауданы – 80,5 мың га, Көксу ауданы – 2,3 мың га, Қаратал ауданы – 1,9 мың га, Панфилов ауданы – 68,1 мың га, Сарқан ауданы – 3,4 мың га, Талдықорған қаласы –2,4 мың га).

Аумағы 128,5 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып (Ақсу ауданы – 40174,7 га, Алакөл ауданы – 24966,0 га, Ескелді ауданы – 4033,6 га, Қаратал ауданы – 20178,8 га, Кербұлақ ауданы – 9403,2 га, Көксу ауданы – 7632,6 га, Сарқан ауданы – 10487,4 га, Панфилов ауданы – 11551,3 га, Талдықорған қаласы – 81,0 га), жоспар орындалды (100 мың га).

Қайтарылған жерлер орналасқан орны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді.

       Ағымдағы жылы облыс бойынша пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне 220 мың га жер қайтару жоспарланган, бүгінгі күні мемлекет меншігіне өз еркімен бас тартқан пайдаланушылардан және заңды бұза отырып берілген жерлерден қайтқан көлемі 244 мың га Жер қатынастары басқармасының 3 тоқсандағы атқарылған жұмысы бойынша ақпарат(Ақсу ауданы – 55 644,5 га, Алакөл ауданы – 27 212,4 га, Ескелді ауданы – 17 459,3 га, Қаратал ауданы – 28 794,3 га, Кербұлақ ауданы – 28 134 га, Көксу ауданы – 27 061,7 га, Сарқан ауданы – 31 710 га, Панфилов ауданы – 27 469 га, Текелі қаласы – 1 000 га),  жылдық жоспардан 111%-ға орындалды.

 Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру бойынша

        Ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 755,3 мың га жайылымдық алқап бекітілген (Ақсу – 195,5 мың га, Алакөл – 101,9 мың га, Қаратал – 54,1 мың га, Көксу – 43,1 мың га, Кербұлақ – 113,5 мың га,Панфилов – 88,2 мың га, Сарқан – 118,6 мың га, Ескелді - 34 мың га, Талдықорған - 5 мың га, Текелі қалалары – 1,4 мың га).

Қазіргі таңда елді мекен халқына жайылымға деген қажеттілігі 652,6 мың га жерді қажет етеді (Ақсу – 4,7 мың га, Алакөл – 122,2 мың га, Қаратал – 10,4 мың га, Көксу – 71,2 мың га, Кербұлақ – 168,5 мың га,Панфилов – 133,4 мың га, Сарқан – 13,4 мың га, Ескелді – 99,3 мың га, Талдықорған – 30,6 мың га, Текелі қалалары – 8,9 мың га).

Қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жоспарлар әзірлніп бекітілді.

Бұл жоспарда халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары белгіленген карталары әзірленіп, бекітілетін болады.

Картаға түскен жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылады және жеке меншікке берілмей, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына пайдаланылады.

Халықтың жайылымдық жерге деген сұранысын қанағаттандыру тұрақты бақылауда.

 Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша

       Жер қатынастары басқармасы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

Қызметтің бұл түрі" Е-лицензиялау"мемлекеттік деректер базасы арқылы көрсетіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

 Қабылданған нормативті құқықтық актілер бойынша

Жетісу облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерiн жеке меншiкке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы бірлескен облыстық мәслихат шешімі мен Жетісу облысы әкімдігінің қаулысы қабылданды.

Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дата публикации
12 октября 2023