Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының
2023 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Облыстың жер қоры 11 846 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 633,8 мың гектар (егістік – 532,9 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,4 мың гектар, көп жылдық екпелер – 2,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 46,8 мың гектар, шабындық – 126,7 мың гектар, жайылым – 3 846,7 мың гектар, басқадай жер – 78,4 мың гектар)
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 108 426 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2449, Алакөл ауданы – 8452, Ескелді ауданы – 9165, Қаратал ауданы – 1206, Кербұлақ ауданы – 3049, Көксу ауданы – 7548, Сарқан ауданы – 1256, Панфилов ауданы – 30238, Талдықорған қаласы – 39615, Текелі - 5706). Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Ағымдағы жылы босалқы жер қорынан 50 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы табысталуы жоспарланған.
Жыл басынан бастап ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 4 конкурс өткізілді. Конкурста 18 669,6 га құрайтын 56 жер учаскесі табысталды (Қаратал ауданында 20 учаске, көлемі 18 108 га, Кербұлақ ауданында 6 учаске, көлемі 437,2 га, Көксу ауданында 14 учаске, көлемі 45,2 га,Панфилов ауданында 16 учаске, көлемі 79,2 га).
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер туралы
Аэроғашықтық зерттеулер арқылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 857,2 мың га жайылымдық жерлер анықталған (4166 жер пайдаланушы), анықталған жерлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп аяқталды, нәтижесінде:
жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан пайдаланбай жатқан 401,7 мың га жайылымдық жерлерге немесе 1418 жер иелеріне анықталған бұзушылықтырды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді (Ақсу ауданы – 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөл ауданы – 122 субъектіге, жалпы ауданы – 51,6 мың га, Ескелді ауданы – 47 субъектіге, жалпы ауданы – 20,4 мың га, Кербұлақ ауданы – 159 субъектіге, жалпы ауданы – 42,9 мың га, Көксу ауданы – 191 субъектіге, жалпы ауданы – 61,8 мың га, Қаратал ауданы – 110 субъектіге, жалпы ауданы – 52,7 мың га, Панфилов ауданы – 15 субъектіге, жалпы ауданы – 5,3 мың га, Сарқан ауданы – 247 субъектіге, жалпы ауданы – 53,1 мың га, Талдықорған қаласы – 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га);
аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жүргізген мониторингтің қорытындысымен 327 мың га жайылымның (664 пайдаланушы) иелерінде ИСЖ базасында мал басы тіркелгендігі анықталды (Ақсу ауданы – 66 мың га, Алакөл ауданы – 72,2 мың га, Ескелді ауданы – 30,2 мың га, Кербұлақ ауданы – 80,5 мың га, Көксу ауданы – 2,3 мың га, Қаратал ауданы – 1,9 мың га, Панфилов ауданы – 68,1 мың га, Сарқан ауданы – 3,4 мың га, Талдықорған қаласы –2,4 мың га).
Аумағы 128,5 мың га ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып (Ақсу ауданы – 40174,7 га, Алакөл ауданы – 24966,0 га, Ескелді ауданы – 4033,6 га, Қаратал ауданы – 20178,8 га, Кербұлақ ауданы – 9403,2 га, Көксу ауданы – 7632,6 га, Сарқан ауданы – 10487,4 га, Панфилов ауданы – 11551,3 га, Талдықорған қаласы – 81,0 га), жоспар орындалды (100 мың га).
Қайтарылған жерлер орналасқан орны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне енгізілді.
Ағымдағы жылы облыс бойынша пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне 220 мың га жер қайтару жоспарланган, бүгінгі күні мемлекет меншігіне өз еркімен бас тартқан пайдаланушылардан және заңды бұза отырып берілген жерлерден қайтқан көлемі 167,6 мың га, жылдық жоспардан 76,2%-ға орындалды.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру
бойынша
Ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 719,4 мың га жайылымдық алқап бекітілген (Ақсу – 195,5 мың га, Алакөл - 91 мың га, Қаратал – 54,1 мың га, Көксу – 38,1 мың га, Кербұлақ – 103,5 мың га,Панфилов – 88,2 мың га, Сарқан – 113,6 мың га, Ескелді - 29 мың га, Талдықорған - 5 мың га, Текелі қалалары – 1,4 мың га).
Қазіргі таңда елді мекен халқына жайылымға деген қажеттілігі 688 мың га жерді қажет етеді (Ақсу – 4,7 мың га, Алакөл – 124,1 мың га, Қаратал – 10,4 мың га, Көксу – 76,2 мың га, Кербұлақ – 177,4 мың га,Панфилов – 133,4 мың га, Сарқан – 16,5 мың га, Ескелді – 106,3 мың га, Талдықорған – 30,6 мың га, Текелі қалалары – 8,9 мың га).
Қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету мақсатында 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару жоспарлар әзірлніп бекітілді.
Бұл жоспарда халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары белгіленген карталары әзірленіп, бекітілетін болады.
Картаға түскен жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иелiктен шығарылады және жеке меншікке берілмей, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына пайдаланылады.
Аэроғарыштық зеттеулер арқылы анықталған пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің 2022 жылы мемлекет меншігіне қайтарылған 128,5 мың гектардың ауыл маңына жақын орналасқан жайылымдық жерлеріде картаға енгізіліп, халық мұқтажы үшін берілетін болады.
Халықтың жайылымдық жерге деген сұранысын қанағаттандыру тұрақты бақылауда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметер тізіліміне сәйкес жер қатынастары саласында ағымдағы жылдың 2 тоқсанында13 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес көрсетілді.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.
Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.
Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.
Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды қамтамасыз етудің базалық референц станцияларының 7 кешені орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.
Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.
Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. беру бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.
ӨГАЖ дайындығы - 100% құрайды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган (ҰҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне толық тексеру жүргізді.