Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының
2023 жылдың 1 тоқсандағы атқарған жұмысы туралы
ақпараты
Облыстың жер қоры 11 846 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 633,8 мың гектар (егістік – 532,9 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,4 мың гектар, көп жылдық екпелер – 2,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 46,8 мың гектар, шабындық – 126,7 мың гектар, жайылым – 3 846,7 мың гектар, басқадай жер – 78,4 мың гектар)
Электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезекке қою қызметі арқылы облыс бойынша 109 426 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2461, Алакөл ауданы – 8286, Ескелді ауданы – 9259, Кербұлақ ауданы – 3075, Көксу ауданы – 7601, Қаратал ауданы – 1229, Панфилов ауданы – 30515, Сарқан ауданы – 1272, Талдықорған қаласы –39987, Текелі қаласы - 5741).
Кезекте тұрғандардың басым көпшілігі Панфилов (27,8%), Алакөл (7,5%), Ескелді (8,4%), Көксу (6,9%) аудандарында және Талдықорған (36,5%) қаласында тіркелген.
Облыс бойынша 2023 жылға инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген және дайындалған жер учаскелерінің саны 1581 (көлемі 242,76 га) құрайды. Аталған жер учаскелері осы күнге дейін әкімдіктердің тарапынан таратылмаған.
(Ақсу -20 (2,0 га), Қаратал – 60 (6 га), Кербұлақ – 578 (124,0 га), Көксу – 177 (39,36 га), Панфилов -210 (21,0 га), Сарқан – 42 (0,4 га), аудандары, Текелі қаласы – 20 (2,0 га) және Талдықорған қаласы – 500 (52,0 га),
Халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Ақсу ауданында 112 учаске (15,0 га) жеке тұрғын үй құрылысы үшін 2023 жылы инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізуге және алаңдарды дайындауға 132,67 млн.теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.
Жер қатынастары саласына қатысты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша
Жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы негізінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Бұл қызметтердің түрін «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер базасы» арқылы көрсетіледі.
2023 жылдың 1 тоқсанында Басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 10 (5 - бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру, 4 - жерге орналастыру жобаларын бекіту, 1 - Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру) - мемлекеттік қызметтерді көрсеткен.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Облыста 2023 жылы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 2 конкурс өткізілді. Конкурста 18187,2 га құрайтын 36 жер учаскесі табысталды (Қаратал ауданында 20 учаске, көлемі 18108,0 га, Панфилов ауданында 16 учаске, көлемі 79,2 га).
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне
қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерлер туралы
Жетісу облысы бойынша 2022 жылы аэроғарыштық зерттеулер арқылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 857,2 мың гектар жерлер анықталған жерлердің 128,5 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды.
(Ақсу ауданы – 40174,7 га, Алакөл ауданы – 24966,0 га, Ескелді ауданы – 4033,6 га, Қаратал ауданы – 20178,8 га, Кербұлақ ауданы – 9403,2 га, Көксу ауданы – 7632,6 га, Сарқан ауданы – 10487,4 га, Панфилов ауданы – 11551,3 га, Талдықорған қаласы – 81,0 га).
Жер ресурстарын басқару Департаменті тарапынан пайдаланбай жатқан 401,7 мың га жайылымдық жерлерге немесе 1418 жер иелеріне анықталған бұзушылықтырды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді
(Ақсу ауданы – 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөл ауданы – 122 субъектіге, жалпы ауданы – 51,6 мың га, Ескелді ауданы – 47 субъектіге, жалпы ауданы – 20,4 мың га, Кербұлақ ауданы – 159 субъектіге, жалпы ауданы – 42,9 мың га, Көксу ауданы – 191 субъектіге, жалпы ауданы – 61,8 мың га, Қаратал ауданы – 110 субъектіге, жалпы ауданы – 52,7 мың га, Панфилов ауданы – 15 субъектіге, жалпы ауданы – 5,3 мың га, Сарқан ауданы – 247 субъектіге, жалпы ауданы – 53,1 мың га, Талдықорған қаласы – 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га);
Қайтарылған жерлердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында орналасқан орыны көрсетіле отырып облыстың өңіраралық геоақпараттық жүйесіне толығымен енгізілді.
Жүйеде әр жердің көлемі, орналасқан орны, алқап түрі көрсетіле отырып, кез келген заңды және жеке тұлғаларға көре алады.
Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс бойынша мемлекет меншігіне жер қайтару 220 мың га көзделген, бүгінгі күні қайтқан жердің көлемі 57 984,8 га-ға (Ақсу ауданы – 3 621,4 га, Алакөл ауданы – 15002,0 га, Ескелді ауданы – 779,94 га, Қаратал ауданы – 14 115,4 га, Кербұлақ ауданы – 3 200 га, Көксу ауданы – 2046 га, Сарқан – 17 000 га, Панфилов ауданы – 2220 га), жылдық жоспардан 26,3%-ке орындалды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және басқарма мен жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру
бойынша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының шөлді аймақтағы 1 басына жүктемесі орташа есеппен ірі қараға 13,5 га (8-19 га), қой мен ешкіге 2,7 га (1,6-3,8 га), жылқыға 18,8 га (9,6-28 га), түйеге 18,7 га (11,2-26,2 га) жайылымнан айналады.
Таулы аймақта орташа есеппен ірі қараға 11,2 га (2,5-20 га), қой мен ешкіге 2,2 га (0,5-4 га), жылқыға 13,5 га (3-24 га), түйеге 15,7 га (3,5-28 га) жайылымнан айналады.
Облыстың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында 1,5 млн. мал басы бар, оның ішінде: ірі қара - 310 мың, ұсақ мал - 1 млн. 100 мың, жылқы - 74 мың, түйе - 195.
Ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 719,4 мың га жайылымдық алқап бекітілген (Ақсу – 195,5 мың га, Алакөл - 91 мың га, Қаратал – 54,1 мың га, Көксу – 38,1 мың га, Кербұлақ – 103,5 мың га,Панфилов – 88,2 мың га, Сарқан – 113,6 мың га, Ескелді - 29 мың га, Талдықорған - 5 мың га, Текелі қалалары – 1,4 мың га).
Ағымдағы жылы облыс бойынша пайдаланылмайтын немесе мақсатына сай пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне 220 мың га жер қайтару жоспарланган, бүгінгі күні мемлекет меншігіне өз еркімен бас тартқан пайдаланушылардан және заңды бұза отырып берілген жерлерден қайтқан көлемі 56 750,8 га (Ақсу ауданы – 3 621,4 га, Алакөл ауданы – 15 002 га, Ескелді ауданы – 779,94 га, Қаратал ауданы – 14 115,4 га, Кербұлақ ауданы – 3 200 га, Көксу ауданы – 2046 га, Сарқан – 17000 га, Панфилов ауданы – 986,07 га), жылдық жоспардан 25,8%-ке орындалды.
Осының ішінде 27-30 наурыз аралығында Көксу ауданынан 1446 га жайылымдық, Қаратал ауданынан 10 мың га жайылымдық, Сарқан ауданынан 9000 га жайылымдық жер учаскелері мемлекетменшігіне қайтарылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін
электрондық форматқа көшіру бойынша
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.
Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.
Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.
Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды қамтамасыз етудің базалық референц станцияларының 7 кешені орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.
Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.
Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. беру бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.
ӨГАЖ дайындығы - 100% құрайды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган (ҰҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне толық тексеру жүргізді.