ЖОБА
Панфилов ауданы
Жаркент қаласының және ауылдық округтерінің
шекарасын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жетісу облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жаркент қаласының шекарасынан жалпы алаңы 3133,0 гектар жерлерін алып тастау жолымен;
Бірлік ауылдық округінің шекарасына Жаскент ауылдық округінің жалпы алаңы 5388,0 гектар жерлерін енгізу жолымен;
Талды ауылдық округінің шекарасынан жалпы алаңы 717,0 гектар жерлерін алып тастау жолымен;
Үлкеншыған ауылдық округінің шекарасына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 1537,0 гектар жерлерін енгізу жолымен;
Шолақай ауылдық округінің шекарасынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы алаңы 2401,0 гектар жерлерін алып тастау жолымен шекаралары өзгертілсін.