Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының
4 тоқсандағы атқарған жұмысы туралы
ақпараты
Облыстың жер қоры 11 846 мың гектар жерді құрайды, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 4 633,8 мың гектар (егістік – 532,9 мың гектар, оның ішінде суарылмалысы – 200,4 мың гектар, көп жылдық екпелер – 2,3 мың гектар, тыңайған жерлер – 46,8 мың гектар, шабындық – 126,7 мың гектар, жайылым – 3 846,7 мың гектар, басқадай жер – 78,4 мың гектар)
Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер учаскелерін алу бойынша 108 684 өтініш тіркелген (Ақсу ауданы – 2449, Алакөл ауданы – 8452, Ескелді ауданы – 9165, Қаратал ауданы – 1206, Кербұлақ ауданы – 3049, Көксу ауданы – 7548, Сарқан ауданы – 1256, Панфилов ауданы – 30238, Талдықорған қаласы – 39615, Текелі - 5706).
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласы және Панфилов ауданында тіркелген.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тұрақты бақылауда.
Конкурстар, аукциондарды өткізу және ұйымдастыру бойынша
Облыста 2022 жылы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскесіне құқық беру бойынша 13 конкурс өткізілді. Конкурста 101 350 га құрайтын 365 жер учаскесі табысталды (Ақсу ауданында 249 учаске, көлемі 72 738 га, Алакөл ауданында 15 учаске, көлемі 134,1 га, Ескелді ауданында 26 учаске, көлемі 197 га, Қаратал ауданында 55 учаске, көлемі 27 196 га, Көксу ауданында 14 учаске, көлемі 240,9 га, Сарқан ауданында 6 учаске, көлемі 844 га).
Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында 65 учаске 3 736 га (өтетін күні 28.12.2022 ж) жер учаскелеріне конкурс өткізу жоспарланған.
Облыс бойынша мемлекеттің меншігіне
қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылым жерлер туралы
Аэроғашықтық зерттеулер арқылы пайдаланбай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 857,2 мың гектар жайылымдық жерлер анықталған (4166 жер пайдаланушы), анықталған жерлерге мониторинг жұмыстары жүргізіліп аяқталды, нәтижесінде:
жер инспекциясы тарапынан пайдаланбай жатқан 78,8 мың га жайылымдық жерлерге немесе 22 жер иелеріне анықталған бұзушылықтырды жоюға 1 жыл мерзімге нұсқамалар берілді (Алакөл ауданы – 4 субъектіге, жалпы ауданы – 4 778 га, Қаратл ауданы – 4 субъектіге, жалпы ауданы – 17 109 га, Кербұлақ ауданы – 6 субъектіге, жалпы ауданы – 17 434 га, Көксу ауданы – 2 субъектіге, жалпы ауданы – 6 685 га, Панфилов ауданы – 2 субъектіге, жалпы ауданы – 3 483 га, Сарқан ауданы – 2 субъектіге, жалпы ауданы – 13 000 га, Ескелді ауданы – 2 субъектіге, жалпы ауданы – 16 360 га);
жерді ғарыштан зондтау деректеріне сәйкес субъекктілерге бармай профилактикалық бақылау жүргізу шеңберінде «JerInSpektr» платформасы арқылы 322,9 мың га құрайтын жайылымдық жерлерлер немесе 1396 жер пайдаланушыларына анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірлеріне (ұялы телефон) 1414 қызметімен SMS арқылы хабарламалар берілді (Ақсу ауданы – 495 субъектіге, жалпы ауданы – 113,2 мың га, Алакөл ауданы – 118 субъектіге, жалпы ауданы – 46,8 мың га, Ескелді ауданы – 45 субъектіге, жалпы ауданы – 4 мың га, Кербұлақ ауданы – 153 субъектіге, жалпы ауданы – 25,5 мың га, Көксу ауданы – 189 субъектіге, жалпы ауданы – 55,1 мың га, Қаратл ауданы – 106 субъектіге, жалпы ауданы – 35,6 мың га, Панфилов ауданы – 13 субъектіге, жалпы ауданы – 1,8 мың га, Сарқан ауданы – 245 субъектіге, жалпы ауданы – 40,1 мың га, Талдықорған қаласы – 28 субъектіге, жалпы ауданы – 0,8 мың га);
«JerInSpektr» платформасы арқылы аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе жүргізген мониторингтің қорытындысымен 327 мың га жайылымның (664 пайдаланушы) иелерінде ИСЖ базасында мал басы тіркелгендігі анықталды (Ақсу ауданы – 66 мың га, Алакөл ауданы – 72,2 мың га, Ескелді ауданы – 30,2 мың га, Кербұлақ ауданы – 80,5 мың га, Көксу ауданы – 2,3 мың га, Қаратал ауданы – 1,9 мың га, Панфилов ауданы – 68,1 мың га, Сарқан ауданы – 3,4 мың га, Талдықорған қаласы –2,4 мың га).
аумағы 128,5 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып (Ақсу ауданы – 40174,7 га, Алакөл ауданы – 24966,0 га, Ескелді ауданы – 4033,6 га, Қаратал ауданы – 20178,8 га, Кербұлақ ауданы – 9403,2 га, Көксу ауданы – 7632,6 га, Сарқан ауданы – 10487,4 га, Панфилов ауданы – 11551,3 га, Талдықорған қаласы – 81,0 га), жоспар орындалды (100 мың га).
Қайтарылған жерлер бойынша аудан қала әкімдіктерінен, кадастрлық нөмірі көрсетілген картографиялық құжаттары алынып, жер учаскелері орналасқан орыны көрсетіле отырып геоақпараттық жүйеге толығымен енгізілді.
Ол жүйеде әр жердің көлемі, нысаналы мақсаты, шекаралары көрінеді.
Жайылымдық жерлерге қолжетімділігін арттыру
бойынша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес облыс бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының шөлді аймақтағы 1 басына жүктемесі орташа есеппен ірі қараға 13,5 га (8-19 га), қой мен ешкіге 2,7 га (1,6-3,8 га), жылқыға 18,8 га (9,6-28 га), түйеге 18,7 га (11,2-26,2 га) жайылымнан айналады.
Таулы аймақта орташа есеппен ірі қараға 11,2 га (2,5-20 га), қой мен ешкіге 2,2 га (0,5-4 га), жылқыға 13,5 га (3-24 га), түйеге 15,7 га (3,5-28 га) жайылымнан айналады.
Облыстың өзіндік қосалқы шаруашылықтарында 1,5 млн. мал басы бар, оның ішінде: ірі қара - 310 мың, ұсақ мал - 1 млн. 100 мың, жылқы - 74 мың, түйе - 195.
Ауыл тұрғындарының малын жаю үшін барлығы 719,4 мың га жайылымдық алқап бекітілген (Ақсу – 195,5 мың га, Алакөл - 91 мың га, Қаратал – 54,1 мың га, Көксу – 38,1 мың га, Кербұлақ – 103,5 мың га,Панфилов – 88,2 мың га, Сарқан – 113,6 мың га, Ескелді - 29 мың га, Талдықорған - 5 мың га, Текелі қалалары – 1,4 мың га).
Қазіргі таңда елді мекен халқына жайылымға деген қажеттілігі 688 мың гектар жерді қажет етеді (Ақсу – 4,7 мың га, Алакөл – 124,1 мың га, Қаратал – 10,4 мың га, Көксу – 76,2 мың га, Кербұлақ – 177,4 мың га,Панфилов – 133,4 мың га, Сарқан – 16,5 мың га, Ескелді – 106,3 мың га, Талдықорған – 30,6 мың га, Текелі қалалары – 8,9 мың га).
Облыстың 6 ауданында жалпы көлемі 30,9 мың га жайылымдық жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қою жұмыстары жүргізілуде (Ақсу – 5,2 мың га, Қаратал – 4,7 мың га, Көксу – 8,5 мың га, Кербұлақ – 6,1 мың га,Панфилов – 3,6 мың га, Ескелді – 106,3 мың га).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін
электрондық форматқа көшіру бойынша
2015 жылы облыста жер ресурстарының кешенді электрондық картасы әзірленді. Аталған картаға облыстың ауыл шаруашылығы алқаптары, пайдаланылмайтын жерлер, берілген нұсқамалар, ирригациялық желілер, облыс орталығынан қашық орналасқан жері көрсетілген облыстың туристік объектілері, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар енгізілді.
Қазіргі уақытта Өңірлік геоақпараттық жүйе (бұдан әрі - геопортал) құрылды, онда барлық қолданыстағы салалық дерекқорлар мен кадастрлар біріктірілген.
Бұл ретте, 2015 жылғы электрондық картаның деректері электрондық үкімет процестерін автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету үшін тұғырнама болып табылды.
Геопортал көрсетілетін қызметті алушымен де, көрсетілетін қызметті берушімен де электрондық үкімет порталының өзара іс-қимылын жүзеге асыратын бірыңғай платформа болып табылады.
Жер қатынастары басқармасы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармалары, ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп кешенді картаны жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізді. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін өтініштерді қабылдаудан бастап жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруге дейін электрондық форматқа толық көшіруді қамтамасыз етті. Бұл ретте, жер учаскелерін беру процестерінің ашықтығы мен бақылануы қамтамасыз етіледі.
Жер қатынастары саласындағы пилоттық жоба ретінде облыстық маңызы бар қалаларда (Талдықорған, Текелі) енгізілетін 10 мемлекеттік қызмет және сәулет және қала құрылысы саласындағы 6 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды.
2019 жылы жерге орналастыру және топо-геодезиялық жұмыстарды қамтамасыз етудің базалық референц станцияларының 7 кешені орнатылды. 3 пилоттық қаланың 1:500 (3-5 см рұқсатымен) масштабында жоғары сапалы аэрофототүсірілім және топографиялық түсірілім бойынша далалық жұмыстары жүргізілді.
Геопорталға мынадай қабаттар жүктелген: ресімделген және бос жер учаскелері, қалалардың бас жоспарлары және елді мекендердің аумақтарын функционалдық аймақтарға бөлу, тұрғын және тұрғын емес құрылыстар, елді мекендердегі қызыл желілер, санитариялық-қорғау аймақтары, су қорғау аймақтары, коммуникациялармен қамтамасыз ету (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, телекоммуникация желілері).
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды.
Бұдан басқа, табиғи монополиялар субъектілерін инженерлік желілерге қосуға техникалық шарттар беру және ведомствоаралық келісу процестері қосымша автоматтандырылды.
Жобаны іске асыру құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, топотүсірілім, техникалық шарттар, аумақтарды дамыту жоспарлары және т.б. беру бойынша онлайн қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 1 жылдан 30 күнге дейін, сәулет және құрылыс саласында 100 күннен 10 күнге дейін қысқарады.
ӨГАЖ дайындығы - 100% құрайды. Қазіргі уақытта уәкілетті орган (ҰҚК) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне толық тексеру жүргізді.