Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының 2022 жылға арналған бюджеті
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығын (бұдан әрі – Жарлық) іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шаралары жоспарын орындауға қатысты Алматы және Жетісу облысы болып екіге бөлінді.
2022 жылы облыстық бюджеттен 001 "Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 5 205, 0 мың теңге қаражаты бөлінген. Бұл бағдарлама басқару аппаратын ауысы тәртібімен ауысқан 3 штаттық бірлігіне және 2 техникалық персоналды ұстауға бағытталған.
Жетісу облысының 2022 жылғы 2022 жылдың 24 тамызындағы № 26 қаулысына сәйкес 109" Қазақстан Республикасы Үкіметінің кезек күттірмейтін шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы қызметті жүзеге асыру" бағдарламасы бойынша 26 055,0 мың теңге қаражаты бөлінген.
Бұл бағдарлама басқару аппаратын 6 штаттық бірлігін ұстауға бағытталған.
Жетісу облысының маслихатының 2022 жылғы 01 қыркүйегіндегі № 9-21 шешімі негізінде 001 "Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметтер" бағдарламасы бойынша 34 716,0 мың теңге қаражаты бөлінген. Бұл бағдарлама басқару аппаратын ұстауға бағытталған.
003 «Жер қатынастарын реттеу» бағдарламасы бойынша 9 086,0 мың теңге бөлініп отыр. Оның ішінде:
Мемлекеттік жер кадастрынан ақпарат беру және кадастрлық картаның бөлігін жасау бойынша 4 000,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді паспорттау үшін 5 086,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілді.