Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің ережесі

Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы

мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Бөлім өз қызметін жер қатынастары басқармасының Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
  2. Бөлім туралы Ережені және штат кестесін басқарманың басшысы бекітеді.
  3. Бөлім өзінің қызметінде басқарма басшысына тікелей бағынады және өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілік алады.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Бөлімнің миссиясы: Жетісу облысы аумағындағы жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
  2. Бөлімнің міндеті: жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығын, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасауды, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.
  3. Бөлімнің функциялары:

өз құзыреті шегінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару мәселелері бойынша сот органдарына материалдар дайындау.

  1. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:

жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;

Басқарманың алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;

жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

Басқарманың мүддесін мемлекеттік және сот органдарында білдіру;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім басшысы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапкершілікте болады.
  2. Бөлімнің басшысы басқарма басшысымен Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
  3. Бөлім басшысының өкілеттігі:

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;

Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

Бөлім қызметкерлерін ынталандыруға ұсыныстар дайындайды;

Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;

өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;

Бөлімнің функцияларына жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;

нормативтік құқықтық актілердің орындалу барысын бақылайды;

Бөлімнің қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің, қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің жұмыс тәртібі
  1. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

                              

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою бөлімінің ережесі
Дата публикации
09 сентября 2022