Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы
жер кадастры бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
1) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
2) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
3) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, мекемелерден, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан, жер телімдері иелерінен және жерді пайдаланушылардан заңнамада белгіленген тәртіппен сұрау және алу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз функцияларын орындауға қажетті өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
Бөлім қызметкерлерін ынталандыруға ұсыныстар дайындайды;
Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілігін қарастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
Бөлімнің функцияларына жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
нормативтік құқықтық актілердің орындалу барысын бақылайды;
Бөлімнің қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің, қызметкерлерімен ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.