«Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын қалпына келтiрiп отыруды, жер учаскелерін табыстау және нысаналы мақсатын өзгертудің ашықтығын, шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасауды, жер қатынастары саласында заңдылықты нығайтуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
2) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) құқықтары:
1) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша облыс әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізу;
2) Басқарманың алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;
3) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) міндеттері:
1) Басқарманың мүддесін мемлекеттік және сот органдарында білдіру;
2) өз құзыреті шегінде келісімшарттар, келісімдер жасау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
7) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
11) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
12) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.
1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
3) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
5). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
6). өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
7).Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
9).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
10).Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
11).бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;
12).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
13).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
14).Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
19..Бірінші басшы құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
20.Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
Басқарманың мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.