1) Ережеге сәйкес Облыстың жер қатынастары басқармасына бақылау функциялары берілмеген.
Осыған байланысты Басқарма бақылау іс-шараларын жүргізбейді.
2) Басқарма Мемлекеттік қызметтерді «Е-Лицензиялау МДҚ» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған.
2026 жылдың ІI тоқсанында басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетті (бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру).
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 15-ні құрайды, оның ішінде:
жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;
ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;
кент, ауылдық жерлерден жер учаскесін беру;
Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;
бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;
жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;
жер учаскесін алуға кезекке қою;
жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;
Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;
жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы;
Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру;
Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу.
Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді;
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.
Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.