
Еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі. Кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) жағдайлары ҚР Еңбек Кодексімен реттеледі.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері:
☑️ қауіп көздерін жою немесе шектеу, жабдықты жаңарту;
☑️ технологиялық процестерді, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын жетілдіру.
Еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.
ЕҚжЕҚ бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру механизмі
ЕҚжЕҚ қызметі немесе маманы келесіге құқылы:
- өндірістік, шаруашылық және басқа да үй-жайларды еркін аралап, қарап шығуға және құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылауға;
- ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға міндетті нұсқамалар беруге.