- «Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Басқарма) Жетісу облысы аумағында еңбек қатынастары саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- Басқарма қарамағында ведомстволар жоқ.
- Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Басқармаға егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Д.Қонаев қаласы
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Жетісу облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.