GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпарат
Онлайн-қабылдау
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Әкім аппараты
Все материалы
Кадр саясаты және мемлекеттік қызметке кіру
21 октября 2026
Үздік бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте бос жұмыс орындары қолжетімді

🎓 2026 жылғы 7 қазаннан бастап GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары болатын жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтегі төменгі лауазымдардағы бос жұмыс орындарымен танысып, https://eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады.

🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.

☎️ Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болады:
📞 +7 (7282) 24-06-88
📞 +7 707 301 00 71

Тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымы
21 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ

«Көксу жылу-су сервис» МКК тұтынушыларға 2026 жылғы 1 қарашадан бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 қазандағы №84-НҚ бұйрығымен мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:

·         орташа тариф - 285,42 теңге/м³ (ҚҚС-пен);

·         халық үшін 149,83 теңге/м³;

·         бюджеттік ұйымдар үшін - 679,19 теңге/м³;

·         өзге тұтынушылар үшін - 251,67 теңге/м³.

Әлеуметтік қамсыздандыру
21 октября 2026
Үздік дипломмен бітірген жас түлектерге мемлекеттік қызметте бос лауазымдар қолжетімді

2026 жылғы 7 қазаннан бастап жоғары оқу орнын үздік аяқтаған, яғни GPA көрсеткіші 3.33 және жоғары түлектер eqyzmet.gov.kz порталы арқылы мемлекеттік қызметтегі төменгі бос лауазымдармен танысып, өтінім бере алады.

🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы "Түлектерге арналған бос лауазымдар" бөлімінің мүмкіндіктерін пайдаланыңыз.

☎️ Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша Департаментке хабарласуға болады: +7(7282)240688, +77073010071.

@elgeqyzmet.gov.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті

Білім
05 октября 2026
Жетісу облысы құрылғаннан бері 26 білім беру нысаны салынып, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді

Жетісу облысы құрылғаннан бері білім беру инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Осы уақыт аралығында 26 жаңа білім беру нысаны салынып, 33 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді, бейімделген мектептердің саны екі есеге қысқарды. Сонымен қатар педагогтерді жүйелі қолдау және мұғалім мамандығының беделін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Мұғалімдер күніне орай өңірдің 350-ден астам педагогі марапатталды, олардың 9-ы мемлекеттік наградаларға ие болды. Педагогтерді кәсіби мерекесімен облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы академиялық драма театрында өткен салтанатты шарада құттықтады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Құттықтау сөзінде Бейбіт Исабаев өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен қоғамды дамытуда педагогтердің айрықша рөл атқаратынын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тамыз кеңесінде: «Адамды, оның дүниетанымын өзгерту тек нағыз тәлімгердің қолынан келеді», - деп атап өтті. Қоғамда заң мен тәртіпке, тазалық пен мәдениеттілікке негізделген жаңа этиканы қалыптастыру ісі осы маңызды миссиядан, яғни мектеп қабырғасынан басталады. Балаларымыздың білім алуы ғана емес, тәрбиесі, өмір қиындықтарына дайын болуы және адамгершілік қасиеті да сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан педагогтерді қолдау мен олардың еңбегіне лайықты жағдай жасау – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі, – деген облыс әкімі білім беру инфрақұрылымын дамыту және өңір педагогтерін қолдау шараларына кеңінен тоқталды.

Өзін-өзі жетілдірудегі жетістіктерімен, шығармашылық ізденістерімен, оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін тиімді қолдануымен ерекшеленген бірқатар педагогті атап өткен өңір басшысы мұғалімдердің кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығы олардың шәкірттерінің жетістіктері мен табыстарынан көрінетінін айтты. Бұл ретте ауыл мектептері оқушыларының арасында өтетін «Мың бала» олимпиадасында 33 бала жеңімпаз атанса, 14 оқушы еліміздің үздік лицейлерінде тегін білім алуға жолдама алған. Сонымен қатар соңғы 4 жылда өңір оқушылары халықаралық олимпиадалар мен зияткерлік байқауларда 73 жүлделі орынға ие болды, оның 13-і алтын, 28-і күміс және 32-сі қола медаль.

Педагогтердің біліктілігін арттыру жұмыстарына да ерекше көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, облыс педагогтерінің 85,5%-ы оқу процесінде жасанды интеллектіні қолдану бағытындағы оқудан өтті. 12 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырса, 14 мыңнан астам педагог санатына сәйкес лауазымдық жалақысына ай сайынғы үстемеақы алады. Сондай-ақ жыл сайын «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып, оның қорытындысы бойынша жеңімпаздарға мемлекеттік гранттар табысталады. Сондай-ақ соңғы 4 жылда 1400 жас маманға «Дипломмен - ауылға» бағдарламасымен көтерме ақы, сондай-ақ 554 маманға тұрғын үй сатып алуға жеңілдетілген несие берілді.

- Облыс құрылғаннан бері жан-жақты қолдаудың арқасында өңіріміздің 29 педагогі жоғары мемлекеттік наградаларға ие болды. Педагог-шеберлеріміз де ерекше құрметке бөленді. Олардың барлығы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды, – деді Б. Исабаев марапаттау рәсіміне көшіп.

Осы жиында 8 педагогке жоғары мемлекеттік награлар беріліп, оларға «Құрмет» ордені, 2 «Ерен еңбегі үшін» медалі және 5 «Шапағат» медалі берілді. Тағы 5 педагог «Ыбырай Алтынсарин» медалімен марапатталды. Еске салсақ, бүгін Астанада Мұғалімдер күніне орай Президенттің қатысуымен өткен салтанатты жиында Талдықорғандағы Мұхтар Арын атындағы № 24 мамандандырылған лицейінің мұғалімі Айман Жантілеуова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған еді.

Сондай-ақ өңір басшысы облыстық байқау номинацияларының жеңімпаздарын да марапаттады. Атап айтқанда, «Үздік сынып жетекшісі» аталымында Алакөл ауданы А. Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің 8-сынып жетекшісі Мөлдір Түсіпбекова жеңімпаз атанды. «Үздік ауыл мектебі» аталымында Кербұлақ ауданы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп үздік деп танылса, «Үздік балабақша» аталымында Көксу ауданының «Алпамыс» бөбекжай-бақшасы жеңімпаз атанды. Сарқан ауданы Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аида Арғынбаева «Жетісу ұстазы» аталымының жеңімпазы болды. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.

Салтанатты шараның ресми бөлімі өңірдегі мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің қатысуымен дайындалған мерекелік концертке жалғасты.

- Бүгін мен үшін өте қуанышты күн. Ұстаздар мерекесінде мемлекеттік наградаға ие болып отырмын. Бұл жалғыз менің ғана еңбегім емес, барша ұстаздардың адал қызметінің бағаланғаны деп білемін. Мемлекет басшысы білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Сондықтан еліміздің ертеңі болатын жас ұрпақты білімді әрі тәрбиелі етіп өсіруге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, - деді «Құрмет» орданенің иесі, М. Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейдің директоры Гүлжанар Еспанова.  

– Ең алдымен, ұстаз еңбегіне ерекше көңіл бөлініп жатқаны үшін алғыс айтқым келеді. Білім саласында жүргеніме 42 жыл болды. Бүгінгі марапат – тек менің ғана еңбегімнің нәтижесі емес, бұл – бүкіл педагогикалық ұжымымның еңбегі, әріптестерімнің қолдауы, ата-аналардың сенімі және әрине шәкірттерімнің жетістіктерінің жемісі. Барша ұстаздарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын, – деді «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Қаратал ауданы М. Горький атындағы орта мектептің мұғалімі Октябрина Ким.

Оның сөзін тағы бір әріптесі жалғады:

– Менің жұмысым жан-жақты, білімді әрі озық ойлы жас ұрпақты тәрбиелеу екенін мақтан тұтамын. Мұғалім мамандығының қызығы да осында. Барлық бастамаларымызға қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекетімізге алғыс айтамын. Түрлі байқауларға қатысып, өзімізді әр қырымыздан көрсетуге мүмкіндік көп. Біз әртүрліміз, бірақ барлығымыз ортақ іске қызмет етіп келеміз. Мерекелеріңізбен, құрметті әріптестер! – деді Текелі қаласындағы №4 орта мектептің «Шебер» санатындағы мұғалімі Наталья Банецкая.  

Атап өтсек, қазіргі таңда Жетісу облысында 19 мың педагог еңбек етеді. Биылғы оқу жылында Рудничный және Сұптай ауылдарында жаңа мектептер іске қосылды. Ал Республика күні қарсаңында Көксай ауылында жаңа мектеп пен Талдықорған қаласында «Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты есігін айқара ашады. Сонымен қатар Қаратал ауданының Үштөбе қаласында, сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Көксу ауданының Балпық би ауылында әрқайсысы 600 орынға арналған мектептер салынуда. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін өңір мектептері физика, химия және биология пәндеріне арналған 240 заманауи кабинетпен жабдықталады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев 

02 октября 2026
Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваға – 90 жыл: көп балалы отбасылар үйлі болды

 

Жетісу облысында кезектегі азаматтар жаңа тұрғын үйлерге ие болды. Баспана кілтін беру салтанаты Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өткізілді. Жаңа үй иелеріне кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көксу ауданы Зылиха Тамшыбай ауылында салынған үйлердің кілтін беру барысында Бейбіт Исабаев жаңа қоныс иелерін қуаныштарымен құттықтады:

- Бүгін ауылдарыңызда қос қуаныш. Бақытын еңбектен тапқан Зылиха Тамшыбаева апамыздың 90 жылдығына арналған тағылымды шаралар өтіп жатыр. Сонымен қатар осы ауылда салынған жаңа үйлердің алғашқы қоныстанушыларына кілт тапсырғалы отырмыз. Президенттің халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмасына сәйкес бұл үйлерде өмір сүруге барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Осы жаңа қоныста ұрпақтарыңызбен өсіп-өне беріңіздер, үйлеріңіздің іші құт-берекеге толсын, - деді Б. Исабаев.

Баспаналы болған кезекте тұрған азаматтар ризашылық пікірін білдірді. Солардың арасында көп балалы ана Лаура Азамбаева да бар.

- Біздің отбасымызда 8 баламыз бар, немерелі де болдық. Жолдасым Марат Әбдіғали Көксу қант зауытында жұмыс істейді. Тұрғын үй кезегіне 2023 жылы тұрғанбыз. Бүгін, міне, көптен күткен үйімізге қол жеткіздік. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш, - деді ол.

Атап өтсек, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Зылиха Тамшыбай ауылында 15 жеке тұрғын үй салынған болатын. Осы күні кезекте тұрғандарға 5 үй берілді. Қалған 10 үй де пайдалануға дайын. Мұндағы әрбір тұрғын үйдің жалпы ауданы 73,0 шаршы метр. Бұл үйлерді азаматтарға «Отбасы банк» АҚ белгіленген тәртіппен беруді жүзеге асырады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

Мәдениет
02 октября 2026
Жетісу облысында Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы аталып өтті

 

Жетісу облысында Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығы аталып өтті. Мерейтой аясында облыстық ғылыми конференция және басқа да тағылымды шаралар ұйымдастырылып, ардагердің өмірі жолы арқылы еңбек құндылығы дәріптелді. Мерейтойлық жиынға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, қаламгерлер, еңбек ардагерлері, Зылиха Тамшыбаеваның жерлестері мен ұрпақтары қатысты. Конференцияда Мемлекет басшысының құттықтау хаты оқылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Мерейтойлық шара Көксу ауданындағы Зылиха Тамшыбай ауылында Еңбек Ерінің бюстіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнан соң жиналған қауым ауылдық мәдениет үйінің фойесінде «Елге еңбегі сіңген тұлға» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Көрмеге Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолын арқау еткен кітаптар, марапаттары, фотосуреттері, әр жылдарда алған құттықтау жеделхаттары, тұтынған бұйымдары және басқа да өзіне тиесілі заттары қойылды.

«Еңбекпен өрілген гүл ғұмыр» мерейтойлық конференциясында облыс әкімі Бейбіт Исабаев алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хатын оқып берді.

«Баршаңызды Социалистік Еңбек Ері, көрнекті қоғам қайраткері Зылиха Тамшыбаеваның туғанына 90 жыл толуына арналған конференцияның ашылуымен құттықтаймын! Зылиха Жанболатқызы саналы ғұмырын ел иглігі үшін қажырлы қызмет етуге, яғни ауыл шаруашылығын дамытуға арнады. Ол әрдайым еңбекқорлық пен іскерліктің озық үлгісін көрсетті. Зылиха Жанболатқызының ел дәулетін еселеуге қосқан үлесі орасан зор. Ол айналасына үнемі шапағатын тигізіп, жұртының риясыз құрметіне бөленді. Біз халқымыз жаппай қолдаған Конституциямызда алғаш рет еңбекқорлық құндылығына айрықша мән бердік. Бұл асыл қасиетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіру үшін кәсібіне адалдық танытып, соңында мол өнеге қалдырған осындай тұлғалардың ғұмырын дәріптеуіміз керек», - делінген құттықтау хатта.

Мұнан соң өңір басшысы Бейбіт Исабаев:

- Елді өркендететін де, мемлекетті нығайтатын да – Зылиха апамыздай абзал азаматтардың маңдай тері мен адал еңбегі. Сондықтан бүгінде қоғамда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатын орнықтыруда, еңбек құндылығын қалыптастыруда бізге осындай мемлекетшіл, тарихи тұлғалардың өмір жолы мен еңбегі айнымас темірқазық, әрі жарқын үлгі бола алады, - деді Б. Исабаев.

Бұдан соң конференцияға қатысушылар З.Тамшыбаеваның еңбек жолы, аграрлық саладағы жетістіктері, қоғамдық қызметі, ел тарихындағы орны туралы ғылыми баяндамалар оқып, естеліктер  айтты.

- Зылиха Жанболатқызы ауыл шаруашылығын, әсіресе егіншілікті, соның ішінде қант қызылшасының өндірісін сол кездегі алдыңғы қатарлы технологияға сай дамыта отырып, өнімді әр гектарынан тұрақты түрде 600-700 центнерге жеткізді. Бұл өткен ғасырдың 80-ші жылдарындағы Жетісу  рекордының символына айналды. Агротехнология дамыған, жасанды интеллект өмірімізге дендей енген бүгінгі күннің өзінде мұндай көрсеткішке   жетіп отырған шаруашылықтар көп емес. Зылиха Тамшыбаева мұндай үлкен көрсеткішке қажырлы еңбектің, істі білікті ұйымдастырудың арқасында қол жеткізді, - деді ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Ақылбек Күрішбаев.

З. Тамшыбаевамен бірге қызмет еткен азаматтың бірі ардагер Наурыз Қылышбаев та Еңбек Ерінің ерекше болмысына тоқталды:

- Кезінде мемлекет қайраткері, көрнекті тұлға Д. Қонаев Жетісу өңіріне келген сапарларының бірінде «Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай Жақаев, Жазылбек Қуанышбаев және Зылиха Тамшыбаева - осы кісілерді халқымыздың төрт бәйтерегіндей көремін. Қазақ деген халықтың ақсақалдары қандай болған десе осы төртеуін алдымен атар едім. Олар - еңбек деген ұлы мектептің төрт арысы», - деген болатын. Тамшыбаеваның тәлімін алып, шыңдалып шыққан Темірхан Нүсіпов, Жанайдар Егінбаев және басқа да іскер азаматтар облыстың ірі шаруашылықтарының жұмысын білікті жүргізді. Зылиха Жанболатқызының еңбек дәстүрі бізге мәңгілік үлгі, - деді Н.Қылышбаев.  

Атап өтсек, осы күні мерейтой аясында волейбол, футбол және қазақ күресінен жарыстар өткізіліп, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.

Еске салсақ, Социалистік Ең­бек Ері Зылиха Тамшыбаева Та­л­­дықорған облысы, Гвардия - қазіргі Кербұлақ ауданы, Шанханай ауылында дүниеге келген. Қырық жылдай Көксу ауданындағы «Еңбекші» кеңшарын басқарып, оны алдыңғы қатарлы озық шаруашылыққа айналдырды. Оған 1981 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сондай-ақ екі мәрте Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту, «Парасат», «Құрмет» ордендерімен марапатталып, «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері» құрметті атағына ие болды. Республика Жоғарғы Кеңесінің төрт мәрте депутаты болып сайланды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев.

Әлеуметтік қамсыздандыру
01 октября 2026
Қарттар күні: Жетісу облысында 6 белсенді өмір сүру орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында 98 мың зейнеткер бар. Қарттарды қолдау мақсатында өңірде әлеуметтік, медициналық және сауықтыру бағыттарындағы кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар белсенді ұзақ өмір сүруге, өзара қарым-қатынасқа және мазмұнды демалыс өткізуге қолайлы жағдайлар жасалуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының жұмысы - осындай негізгі бағыттардың бірі. Алакөл, Сарқан, Көксу, Панфилов аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында жалпы саны 6 орталық жұмыс істейді. Күн сайын олардың қызметін 500-ге жуық қарт адам пайдаланады.

Орталықтардың басты міндеті – зейнет жасындағы адамдардың белсенді өмір салтын қолдау, олардың қоғаммен етене араласуына ықпал ету, физикалық және психологиялық денсаулығын нығайту, сондай-ақ білім алуына және өзара қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызу.

Мұнда келушілер үшін еңбек терапиясы, сурет салу, скандинавиялық жүріс, йога және фитнес сабақтары өткізіледі. Үстел теннисі, шахмат, дойбы, бильярд, тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істейді. Сондай-ақ би, вокал және хор өнері, тігін тігу мен қолөнер сабақтары ұйымдастырылған. Қарт адамдар ағылшын және қазақ тілдерін үйреніп, компьютерлік және қаржылық сауаттылығын арттыра алады, массаж қызметін алып, басқа да сауықтыру шараларына қатысады.

Жалғызбасты қарт адамдар мен қосымша әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға да ерекше көңіл бөлінуде. Халықаралық қарттар күніне орай өңірде онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылып жатыр. Оның аясында қарт адамдар мен мүгедектігі бар азаматтарды қолдау бағытында мерекелік, әлеуметтік және қайырымдылық шаралары өткізіледі. Жалпы, мерекелік онкүндік аясында облыстың аудандары мен қалаларында 40-қа жуық негізгі ірі іс-шара өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, жалғызбасты қарт адамдарға үй шаруасына көмектесу, қысқы отынын дайындауға жәрдемдесу, азық-түлік себеттерін табыстау, тұрмыстық қызметтерді тегін көрсету, сондай-ақ медициналық тексеруден өтуіне қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар саябақтарда бірге серуендеу, қарт адамдардың өмір жолы, еңбек тәжірибесі мен естеліктеріне арналған әңгіме-сұхбаттар ұйымдастырылады.

«Халықаралық қарттар күні – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың көп жылғы еңбегі мен қоғамның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіруге мүмкіндік беретін маңызды күн. Онкүндік аясында біз тек мерекелік іс-шараларға ғана емес, қарт адамдарға нақты қолдау көрсету шараларына да ерекше көңіл бөлеміз. Бұл жұмысқа мекемелер, қоғамдық ұйымдар, кәсіпкерлер мен жастар белсенді түрде атсалысуда», – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Осылайша, өңірде өткізіліп жатқан іс-шаралар күнделікті әлеуметтік қолдаудан бастап, денсаулықты нығайту, белсенді ұзақ өмір сүру және мазмұнды демалысты ұйымдастыру мәселелерін қамтып отыр. Еске салсақ, Халықаралық қарттар күніне арналған онкүндік 10 қазанға дейін жалғасады.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттер авторлары: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев.

ТЖ профилактикасы
30 сентября 2026
60 секундтық қауіпсіздік: жылыту маусымына дайындық

Күннің суытуымен пештерге, жылыту қазандықтары мен электр құрылғыларына түсетін жүктеме артады. Жылыту маусымы басталар алдында жылыту жабдықтарының, түтін мұржалары мен электр сымдарының жарамдылығын тексеру қажет. Пеш пен түтін мұржасы күйеден тазартылып, анықталған жарықтар мен ақаулар уақытылы жөнделуі тиіс.

Газ жабдығын пайдаланған кезде қосылу орындары мен желдету арналарының жай-күйін тексеріңіз, жұмыс істеп тұрған жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз және қолдан жасалған немесе ақаулы электр құрылғыларын пайдаланбаңыз, пештер мен жылытқыштардың жанына тез тұтанатын заттарды қоймаңыз.

Жеке үйлерде пешпен жылытуға ерекше назар аудару қажет. Пешті жағар алдында түтін мұржасындағы тартудың қалыпты екеніне көз жеткізіңіз, от жағу үшін тез тұтанатын сұйықтықтарды пайдаланбаңыз және қызып тұрған пештің маңында балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Ең бастысы, үйге автономды өрт хабарлағышын орнатыңыз. Ол түтін пайда болған жағдайда дер кезінде дыбыстық белгі беріп, өртті ерте анықтауға көмектеседі. Жылыту маусымына дайындық көп уақытты қажет етпейді, алайда өрт қаупін азайтып, үйіңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты

Фототілші: Жұмабай Мұсабеков

60 секундтық қауіпсіздік: жылыту маусымына дайындық

Білім
29 сентября 2026
Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды

Мұғалімдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі ұстаздарға алғыс білдіруге және олардың еңбегін дәріптеуге бағытталған «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясын бастайды.

Бастама 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміздің барлық өңірінде өтетін «Ұстаз - ұлт шамшырағы» іс-шаралары аясында жүзеге асырылады. Осы кезеңде білім беру ұйымдарында педагог мәртебесін арттыруға және ұстаздық кәсіпті дәріптеуге бағытталған мерекелік, ағартушылық және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бүгінде Қазақстандағы 23 мыңға жуық білім беру ұйымында 600 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Олардың күнделікті еңбегі білім сапасын қамтамасыз етуде, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде және еліміздің адами капиталын дамытуда маңызды рөл атқарады.

Акция аясында әрбір азамат өзінің ұстазы немесе тәлімгері туралы айтып, естелігімен бөлісіп, алғысын білдіре алады.

Қатысушылар әлеуметтік желілерде ұстазы туралы фото, видео немесе оқиғасын #ҰстазымАрдақтыҰстазым хэштегімен жариялай алады, хат немесе ашықхат жолдай алады, сондай-ақ алғысын жеке білдіре алады.

Министрлік оқушыларды, түлектерді, ата-аналарды, қоғам өкілдерін және барша қазақстандықтарды акцияға қосылып, өмірінде із қалдырған ұстаздары туралы естеліктерімен бөлісуге шақырады.

Еске салайық, 2023 жылдан бастап Қазақстанда Мұғалімдер күні ресми түрде 5 қазанда атап өтіледі. Кәсіби мереке аясында еліміздің барлық өңірінде педагогтердің, білім саласы ардагерлерінің, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өтеді.

Дереккөз: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайты

Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды

28 сентября 2026
2026 жылғы 1 қазаннан бастап жылумен жабдықтау қызметіне жаңа тарифтің енгізілуі туралы хабарлама

«Көксу жылу - су сервис» МКК тұтынушыларды 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жылумен жабдықтау қызметі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №67-НҚ бұйрына сәйкес тарифтер бекітілгенін хабарлайды: орташа тариф - 13 379,47 теңге ҚҚС-мен, халық есепке алу аспабы бар - 2 114,38 теңге, халық есепке алу аспабы жоқ 4 304,03 теңге және 163,55 теңге. Бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы бар - 15 034,15 теңге, бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы жоқ - 36 631,47 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы бар - 13 266,98 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы жоқ - 19 903,92 теңгені құрайды.

Социальные сети
Инстаграмм
Фейсбук
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы