
Ағымдағы жылдың мамырдың 2 күні Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Отарбаев Мәлік Нұржанұлы пен Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы Көксу ауданына жұмыс сапары аясында аудандық ардагерлер, жастар мен діни қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Іс-шара Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлының төрағалығымен өтті.
Кездесу барысында Президент кеңесші Мәлік Отарбаев қатысушылармен өзекті мәселелерді, оның ішінде өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуді, зерделеуді талқылады.
Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстары үшін аудан ардагерлері, жастарға және діни қызметкерлерге алғысын білдірді.