Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

2022 жылғы 21 қыркүйек

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалсын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтар тізімдерінің уақтылы жасалуын және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты жәрдем көрсетсін.
Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Президент

Қазақстан Республикасының

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 21 қыркүйек

№ 1019

Дата публикации
23 сентября 2022
Дата обновления
23 сентября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы