Меню

Страницы

Статья

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын қамту туралы ІI - тоқсанға атқарылған жұмыстар және ІІI - тоқсанға міндеттер туралы ақпарат

Жыл басынан аудан бойынша 1083 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олардың  474 тұрақты, 609 уақытша жұмыс орындар. (Жоспар 1284, тұрақты 700, уақытша 584)  Тұрақты жұмыс орындар ауылшаруашылығы саласы - 129, сауда саласы – 142, экономикалық басқа түрлері - 203 орындар ашылды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларыніске асыру  мақсатында   жұмыспен қамту орталығы арқылы  1189адам жұмысқа тартылды (жоспар – 892 адам)  (131%).Жыл басынан бос жұмыс орындарына тіркелген жұмыссыздар арасынан тұрақты  жұмыс орындарына 376 адам жұмысқа орналастырылды.

Еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту курсына - 150 адам жолданды. (жоспары – 150 адам). Оқытылатын мамандықтар: аспазшы - 15 адам, кондитер -10,шаштараз – 15, тырнақ әрлеуші – 25, есепші - 20, тігінші - 20, бет әрлеуші – 5, косметолог – 5,                       аяқ киім тігу ісі- 35 адам. Бүгінгі күні оқуға жіберілгендер оқуын аяқтап, оның ішінде 143 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Ауылдық округтер бойынша оқуға жіберілгендер:  Айнабұлақ  ауылдық округіне – 2,   Алғабас – 7, Еңбекші – 14, Балпық– 86, Жарлыөзек – 7, Мұсабек– 2, Мұқаншы–7, Мұқыры – 15, Лабасы – 6, Қабылиса – 4 адам жолданды.

Жыл басынанжаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған  400 АЕК мөлшерінде (1 225200 тг) мемлекеттік  грант 15 адамға берілді. (жоспар - 95 адам). Грант алған жұмыссыздар арасынан аз қамтылған отбасы – 2 адам, көпбалалы отбасы  -  9 адам,  жастар санатына жататын - 4 адам. Грант келесі бизнес-идеяларды іске асыруға  мал шаруашылығы 8 адам, жылыжай 2 адам, кулинария 2адам, сән салоны 1 адам, фотосалон 1 адам, СТО 1 адамға берілді.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 49 адам жолданды(жоспар-47 адам).Оның ішінде 4 адам жұмысын аяқтады.

Ауылдық округтер бойынша: Алғабас – 8, Балпық би – 5, Мұсабек – 5, Мұқыры – 6, Лабасы – 15, Қабылиса – 10 адам жіберілді.Еңбекші,Жарлыөзек,Мұқаншы ауылдық округтер бойынша  әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылмады.

Жастар практикасына37 адам жолданды(жоспар - 46 адам). Оның ішінде 3 адам жұмысын аяқтады.

Ауылдық округтер бойынша: Айнабұлақ  ауылдық округіне – 2, Алғабас – 3, Еңбекші – 2, Балпық– 17, Жарлыөзек – 2, Мұсабек – 3,  Мұқаншы– 1, Мұқыры – 1, Лабасы – 3, Қабылиса – 3 адам жолданады.

Қоғамдық жұмысқа 543 адам жолданды (жоспар - 120 адам). Оның ішінде 70 адам жұмысын аяқтады, 15 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Ауылдық округтер және мекемелер бойынша:  Айнабұлақ  ауылдық округіне – 35,  Алғабас – 34, Еңбекші – 61, Балпық – 117, Жарлыөзек – 32, Мұсабек  – 34, Мұқаншы –  104, Мұқыры – 32, Лабасы – 60, Қабылиса – 34  адам жолданды.

Алғашқы жұмыс орны жобасына - 6 адам жолданды (жоспар – 10 адам).  Жергілікті бюджеттен  7 351,0 мың теңге бөлінді.

Ауылдық округтер және мекемелер бойынша:  Айнабұлақ  ауылдық округіне – 0,  Алғабас – 0, Еңбекші – 1, Балпық– 5, Жарлыөзек – 0, Мұсабек  – 0, Мұқаншы–  0, Мұқыры – 0, Лабасы – 0, Қабылиса –0  адам жолданды.

Ұрпақтар келісімшарты жобасына (жоспар – 3 адам). 

Күміс жас жобасы бойынша 13 адам жұмысқа жолданды. (жоспар - 20 адам).

«Көксу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-не жыл басынан 30 мүмкіндігі шектеулі азаматтар өтініш білдірді. Оларды ішінде: «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025  жылдарға арналған Ұлттық жобасы» аясында  қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсына 1 адам жолданды. Қазіргі таңда оқуын аяқтап, тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа 25 адам және        жастар практикасына 2 адам жолданды.

Квотадан тыс тұрақты бос жұмыс орындарына 5 адам жұмысқа орналастырылды.

Аудан бойынша «Қылмыстық жазасын  өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі  аудандық комиссиясын құру туралы» 2022 жылдың 19 қаңтар айында аудан әкімдігінің № 08 қаулысымен комиссияның құрамы бекітілген. Жыл басынан комиссияның І отырысы өткізілді. Комиссия отырысы тоқсан сайын өткізіледі.                                                                                                     

«Көксу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 29-2 Көксу ауданының Маслихатының шешіміне сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (45945тг.) 3 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

Пробация есебінде тұрған 56 азаматтардын жұмыспен қамту орталығына               19 жұмыссыз адам жүгінді. Оларға 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бос жұмыс орындары ұсынылды.

Жұмыспен қамту орталығына жүгінген азаматтар ішінен квота бойынша  3 адам тұрақты жұмысқа: ЖШС «УызМай Industry» (Сарсен Е.),  ЖШС «Строитель» (Сейдахметов Б), ЖШС «Көксу қант заводы»  Ж. Шакиртов  орналастырылды. Квотадан тыс 4 адам: (Ермұханбетова Г.) аудандық ауруханаға санитарка ретінде, 2 адам Еңбекшіқазақ ауылында «Ұлттық» жоба аясында ФАП құрылыс жұмыстарын жүргізген «Сем-Шоғы Құрылыс Сервис» ЖШС-не Абдибеков Ерден, Ысқақбай Ерназар,«Медет» ШҚ-на 1 адам Болыс Нұрбек малшы ретіндетұрақты жұмысқа орналастырылды. 2 адам уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілді, 1 адам есепші  мамандығы бойынша қысқа мерзіміді кәсіби оқуға жіберілді, оқуын аяқтап, «Аманат» оқу орталығына жұмысқа қабылданды. 11 адам жұмыспен қамтудың ұсынылған белсенді шараларынан өз еріктерімен бас тартты.

Квота бойынша бекітілген ЖШС «Көксу қант заводы»,  ЖШС «УызМай Industry», ЖШС «Строитель» мекемелерінің бос жұмыс орындарына түзеу мекемесінен босатылып келген, пробация есебінде тұрған жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. 

Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық бухаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығымен пробация есебінде тұрған жастар арасынан шағын футболдан жарыс өткізілді.  

2022 жылдың 3 тоқсан  аралығында  халықты  жұмыспен  қамтуға жәрдемдесудің  белсенді  шараларыніске асыру  мақсатында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас жобасы» бағдарламаларын  жоспарын  орындау  жұмыстары жүргізіледі.

«Көксу ауданы әкімдігінің халықты 

жұмыспен қамту орталығы»

КММ-нің директоры                                                                    А.Жунисов

 

Дата публикации
08 августа 2022
Дата обновления
08 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы