Меню

Страницы

Статья

Ай сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау ұйымдастырылады

Көксу ауданының бекітілген жоспарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ай сайын әрбір бөліммен ішкі талдау жұмыстары ұйымдастырылып, ағымдағы жылдың сәуір, мамыр, маусым айларында Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемелері қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау жүргізілді. Талдау қорытындысына сәйкес, аталған бөлімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудандық «Нұрлы Көксу» газетінде мақалалар беріліп тұрады.

Талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері орын алған жағдайда, олардың туындау себептері анықталып, жою бойынша арнайы іс-шара жоспары жасалынып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын түсіндіру  жұмыстары бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта аталған бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғастырылуда, бұл бағытта арнайы жұмыстар басты назарда, тұрақты бақылауда.

Дата публикации
28 июня 2022
Дата обновления
28 июня 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы