Көксу ауданының қоғамдық кеңесінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № 14 шешімін негізге ала отырып,қоғамдық мониторинг жүргізілді. Реестр бойынша 174 қызмет оның 62 қызметін аудан көрсетеді. 2022 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 3307 қызмет көрсетілді, оның ішінде, 2790 немесе 84,37% мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілді, қағаз түрінде 192 немесе 5,81% көрсетілді. Ағымдағы жылдың ақпан,наурыз,сәуір айларында әр түрлі себептермен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылып, қызмет көрсету кешіктіріліп берілген. Атап айтқанда ақпан айында екі бөлімнен ЖКХ және Сабезден анықталды.10 мемлекеттік қызмет оның ішінде 5 қызмет «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» қызмет түрі базаның дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты түспеген.5 қызмет оның ішінде 2 қызмет «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету», 2 қызмет «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу», 1 «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»туралы мемлекеттік қызметтерітехникалық себептермен уақытылы орындалмай қалды және соны уақытында акт, скрин жасап 1414 звондап дәлелдеп мерзімі бұзылған қызметтерден алынып тасталды. Ағымдағы жылдың наурыз айында «Е-лицензиялау» базасына кіруге уақытылы қол жеткізбеуінің (базаға доступ) себебінен 2 қызмет ЖКХ бөлімінен «Ағаш кесуге рұқсат алу» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылды. Мерзім бұзылу себебі мемлекеттік қызмет көрсетуге бекітілген маманның уақытында базаны ашып дер кезінде орындамауынан туындап отыр. Аталған қызметті орындауға 28 күн уақыт берілген. 1 услуга бойынша 9 күн 2 бойынша 28 күн мерзімі өткен. Мемлекеттік қызметтің мерзімін бұзған Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы М.Карбаевтың тарапынан 64 000 теңге айыппұл төленді. Мемлекеттік қызметтің мерзімін бұзған Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы А.Шаравханыға тәртіптік жаза-ескерту тағайындалды.
Көксу ауданы бойынша 18.04.2022 -18.05.2022 жылы аралығында Электронды үкімет порталы арқылы (ПЭП) №10100581051412 Беркимбаева Гулнур Женисовна ЖСН 890825400580 қайтыс болу туралы қайталама анықтама алуға берілген өтініші Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық және АХАТ бөліміне техникалық себептермен 1 өтініш түспеген. «ИС ЗАГС» ақпараттық жүйесінде көрінбегендіктен бөлім тарапынан акт, скрин жасалды.
Белгіленген жоспарға сәйкес, ай сайын аудандық БАҚ-қа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ауылдық округ, бөлімдер мақала жариялайды. 02.03.2022 жылдың №81-15-16/192-И хат мемлекеттік қызметтерді үгіттеу мақсатында атқарып жатқан мемлекеттік қызмет көрсетулер бойынша мақала шығару керектігі ескертілген. Алайда мақала кешіктіріліп берілуде.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментініңбастамасымен «QYZMET LIVE» жобасы іске қосылған. Бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын тізім бойынша тікелей эфирге шығу кестесі берілген. Бекітілген кестеге сайын тікелей эфирге өтуде.
Аудан әкімінің 2022 жылдың 18 наурыздағы №57-ө н/қ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету жөнінде талдау тобы құрылған.2022 жылға арналған іс-шара жоспары бойынша бірінші тоқсанда Мұқыры ауылдық округі әкімінің аппараты және Көксу ауданының жұмыспен қамту орталығына тексеру жүргізілді. Тексеріс кезінде Мұқыры ауылдық округінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған қоңыраудың жоқтығы анықталды. Аталған кемшілік дер кезінде жойылды. Жұмыспен қамту орталығында ақпараттандырылған тақтаның жоқтығы анықталып берілген уақытқа дейін тақта орнатылды. Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратында кемшіліктер анықталды. Анықталған кемшіліктер жойылып,орындалды.
Көксу ауданы әкімінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №270-ө н/қ өкімімен мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша ішкі мемлекеттік бақылау жоспары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.
Аудан әкімінің 2022 жылдың 29 сәуірдегі №74-ө н/қ өкімімен 04.05.2022 жылы Алғабас ауылдық округінде бақылау іс-шарасы жүргізілді.Тексеріс кезіндемемлекеттік қызмет көрсетуге арналған журналдың жоқтығы анықталып Алғабас ауылдық округі әкімінің бас маманы Сейсен Сержанға акт беріліп жіберген кемшіліктерді жою үшін уақыт берілген.Аталған кемшілік жойылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында мерзімдері бұзылған жағдайда мекемелердің бірінші басшылары мен ауылдық округтердің әкімдеріне тиісті шаралар қолдану және Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының сақталуын, мемлекеттік қызмет көрсетудің уақытылы орындалуын өз саласы бойынша жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарлары қатаң бақылауға алу туралы Көксу ауданының әкімінің 04.05.2022 жылғы № 76-ө н/қ өкімімен бекітілді.
Көксу ауданы бойынша бас тарту негіздері болған жағдайда заңнаманың тиісті нормаларына сілтеме жасап, барлық негіздерді көрсете отырып, толық және дәлелді бас тартуды қамтамасыз ету қажет Ағымдағы жылдың 17 маусым күні Көксу ауданының ауылшаруашылығы мен жар қатынастары бөлімінде семинар кеңес өткізілді. Мемлекететтік қызметтер көрсету сапасына 2021 жылы жүргізілген қоғамдық мониторингте орын алған кемшіліктер ағымдағы жылдың 20 мамырдағы №14 шешімімен Көксу ауданының қоғамдық кеңесінде қаралды. Ағымдағы жылдың 01 маусым күні мемлекеттік қызметтер бойынша инфографика, видеоролик түсіріліп әлеуметтік желіге салынды. 2021 жылы жүргізілген қоғамдық мониторингте орын алған кемшіліктерді және мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі туралы ағымдығы жылдың 30 мамыр күні жиын өткізілді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен ауданның жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді Заңнамасының сақталуы бойынша 9 ішкі бақылау шаралары өткізіліп, Заң бұзушылық фактісі анықталмады. Бөлімге келіп түскен хат-хабарлар уақытылы орындалуда.
Көксу ауданының барлық округ әкімдіктерінде, орта білім беру мектептерінде, балабақшаларда, сервистік әкімдікте, аудандық ХКҚО-да және ауданның жергілікті атқарушы органдарында(спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) барлығы 54 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен күнделікті байланыс орнатылған, осы арқылы қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі, қызмет көрсету барысында мемлекеттік мекемелердің Заң талаптарын сақтауы және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі күнделікті бақылауда. Сонымен қатар, ИС «Мониторинг» ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізілуде.
Жоғарыда аталған кемшіліктер күнделікті бақылауға алынған. Бекілген жоспарға сәйкес бөлімдерде, ауылдық округтерде мониторинг жүргізілді. Бөлімдерде, ауылдық округтерде мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері қатаң бақылауға алу туралы түсіндірілді.