Дала өртін өшіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Дала өрттері, ыстық құрғақшылықтан, найзағай түсуден, отты абайсыз пайдаланудан, жер бетін тазалау кезінде құрғақ шөптi жағудан және басқа себептерден шығуы мүмкін. Аталған өрттер елді мекендегі ғимараттардың, ағаш көпірлердің, электр желілерінің ағаш бағаналары және басқа жанғыш заттардың жануына әкеп соқтыруы мүмкін.
Өрт қауіпті кезеңге дайындықты шынықтыру мақсатында, 2022 жылдың 17 мамыр күні, сағат 10.00-де, Көксу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі (ТЖБ) және №8-Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерінің (ӨСБ) ұйымдастыруымен, Мұқыры ауылында, «Дала өрттерін сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Практикалық сабаққа сәйкес, №8-ӨСБ қызметкерлері мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарының мүшелерімен (ЕӨҚ) дала өрттерін сөндіру кезіндегі іс-әрекеттері пысықталды. Сондай-ақ, дала өртін сөндіру кезінде ЕӨҚ зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға: ТЖБ-нен 3 адам, 1 техника – Нива; №8 ӨСБ-нен 7 адам, 1 арнайы техника - Урал АЦ-5-40; Көксу ауданының әкімдігінен 1 адам; Көксу ауданы полиция бөлімінен 2 қызметкер, 1 арнайы техника – Hyundai Elantra; 1 - Жедел жәрдем көлігі, 2 медициналық қызметкер; Мұқыры және Лабасы ауылдық округінің ЕӨҚ-нан 15 адам, 3 техника – 2 Нива, МТЗ-80 соқасы бар 1 трактор; Барлығы: 7 бірлік техника және 30 адам.
Оқу-жаттығу соңында, ЕӨҚ-мен дала, тау-орман өрттерін сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау және дала өрттерін сөндіру кезіндегі ерекшеліктері туралы нұсқаулық өткізілді.