Меню

Страницы

Статья

«Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

Ауданымыздағы ірі және орта кәсіпорындардан 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 1793,0 млн. тенгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 37,8 пайызды құрады. (2021 жылмен салыстырғанда 30,9 пайызға төмен). Ағымдағы жылы нақты өндіріс қарқынын сақтап, жаңа инвестициялық жобалар есебінен өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру жоспарлануда.

2022 жылға кәсіпкерлік бөлімінің жылдық жұмыс жоспары жасалынып, осы жоспардағы іс-шараларды орындау мақсатында, аудан бойынша  өнеркәсіп жоспарға сәйкес  28 млрд теңгені құрайды, оның ішінде өндеу өнеркәсібі 26 млрд теңгені құрайды. Жұмыс жасап тұрған өнеркәсіп кәсіпорындарына, сауда, тұрмыстық және сервистік қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру нысандарына мониторинг жүргізілуде.

Сонымен қатар, нан, ұн, қант, күнбағыс майы, көкөністер және т.б. әлеуметтік мәні бар тауарлардың бағалары және жанар-жағармай бағалары қадағаланып, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасына  ақпарат жіберілуде. «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ-мен бірлесіп, тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын бөлу жөнінде шаралар қабылдануда. Бүгінгі таңда Көксу ауданында ӘМАТ сатуға арналған әлеуметтік бұрышы бар 17 дүкен бар, оның ішінде 9 ауылдық округ пен Балпық би ауылында әлеуметтік бұрышы бар 7 дүкен бар, олар Бастау, Бастау-2, Бақыт, Алғабас, Арман, Мұрат, Асқар. Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мақсатында жыл басынан бері "Жетісу" ӘКК "РИР" АҚ-мен қант өнімдерін, күріш пен күнбағыс майын сатып алу туралы шарт жасасу арқылы "Көксу ауданының кәсіпкерлік бөлімі" Көксу ауданындағы азық-түлік дүкендеріне өтінім бойынша кәсіпкерлерге 29,5 тонна қант, 522 литр күнбағыс майы мен 750 кг күріш және 40 кг кеспе жеткізілді. Аталған өнім Көксу ауданы ауылдық округтері дүкендерінің әлеуметтік бұрыштарында сатылуда. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айының 7 нен бастап Көксу қант зауытының қант қамысын өндіруге арналған жұмысын қайта бастап іске қосылды, бүгінгі таңға 3 тоннадай қамыс қанты өндірілді, онымен қоса қамыс қантына жылдың аяғына дейін 10000 тоннаға сұраныс берілді.

Шағын кәсіпкерлік саласында

Шағын кәсіпкерлікте бүгінгі таңда 3987 бірлік кәсіпкерлік тұлғалар жұмыс істейді, оның ішінде іс-әрекеттегілер 3579 кәсіпкер. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда уақытша азайды немесе 98,6% құрайды. Оларда жұмыспен қамтылғандар саны 5651 адам және 1025,5 млн. теңгенің өнімі өндірілді.  Жергілікті бюджетке 100,7 млн. теңге түсті (2021 ж. – 231,6 млн. тг.). Осы жоспардағы іс-шараларды орындау мақсатында, ауылдық округ әкімдеріне: жалпы 208,5 млн теңгені құрайтын 8 – сауда орындары, 2 – қоғамдық тамақтану орындары, 2 – тұрмыстық қызмет көрсету және 3 – сервистік қызмет көрсету объектілері, сонымен қатар, 933 млн теңгені құрайтын 10 – шаруа қожалығы мал бордақылауға, 4 – агроөнеркәсіп кешенін ашу жүктелді. 

Шағын және орта бизнес салаларында кәсіпкерлікті дамыту мониторингі жүргізілуде.

Сауда және қызмет көрсету саласында

Жалпы ауданда бүгінгі күнге бөлшек сауда тауар айналымы 708,9 млн теңгені құрайды, ИФО 100,0 % (2021 жылы 636,7 млн теңге, ИФО 100,9%) былтырғы жылмен салыстырғанда 111,3% жоғары. Аудан бойынша 377 сауда және қызмет көрсету объектілері жұмыс істейді: оның ішінде 245 сауда дүкені, 53 қоғамдық тамақтандыру орындары, 39 тұрмыстық қызмет көрсету және 37 сервистік қызмет көрсету объектілері және 3 базар- «Ауыл», «Шаған» сауда базарларында және мал базары аудан кәсіпкерлері делдалсыз сауда үстемесін қоспай тікелей өз өнімдерін сатуда.

Инвестиция

Аудан бойынша 2022 жылға негізгі қорға тартылған инвестиция көлемінің жоспары 5,8 млрд теңгені құрайды оның ішінде республикалық бюджеттен 3,0 млрд теңге өз қаражатынан 2,8 млрд теңге жоспарлануда.  Сондай-ақ, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша негізгі қорға тартылған инвестиция 279,1 млн.теңгені құрап ИФО 49,4 % (2021ж – 537,7 млн.тг. ИФО -176,0%), оның ішінде: жергілікті бюджеттен 108,3 млн. теңге және өз қаражат есебінен 170,7 млн теңге.

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Есеп

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы