Бүгінгі таңда Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді:
Өткен жылы Айнабұлақ ауылдық округі әкімі аппараты арқылы 1 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, 60 анықтама берілді. «Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында», арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот, @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді,кедергісіз алуда. Жыл басынан 30 тұрғын түрлі анықтамалар алды. Айнабұлақ ауылдық округ әкімі аппараты және округ аумағындағы барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Аудандық газетке 1 мақала шықты.Аудандық мониторинг бөлімі тарапынан ішкі бақылау шаралары жүргізіліп, зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі. Зерттеу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар жасалып, тұрғындарға қызметету үшін қолайлы жағдайлар жасалған.