2022 жылдың 1 тоқсан бойынша Көксу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен барлығы 3307 қызмет көрсетілді, оның ішінде, 2790 немесе 84,37% мемлекеттік қызмет электронды форматта көрсетілді, қағаз түрінде 192 немесе 5,81% көрсетілді. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанда аудандық БАҚ-да 3 мақала жарияланды. 1 тоқсанда белгіленген жоспарға сәйкес, талдау тобымен тексеру жұмыстары жүргізілді.Заң бұзушылық фактісі орын алмады. Аудан бойынша бекітілген жоспарға сәйкес, «Нұр Отан» партиртиясының, қоғамдық кеңес мүшелерімен отырыстар өткізілді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді насихаттау мақсатында ауылдық округ әкімдіктерінде азаматтарды қабылдау жүргізілді. Әлеуметтік желі Көксу инстаграм парақшасы арқылы «Қызмет Лайв» жобасы арқылы 2 тікелей эфир өткізілді. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімімен ауданның жергілікті атқарушы органдарына мемлекеттік қызметтерді Заңнамасының сақталуы бойынша 4 ішкі бақылау шаралары өткізіліп, Заң бұзушылық фактісі анықталмады.
2019 жылы 15 қазан күні аудан әкімдігінің ғимаратында Көксу ауданының «Сервистік әкімдігі» ашылды. Бүгінгі күні, «Сервистік әкімдікте» 3 қызметкер қоғамдық жұмыс арқылы алынып, қызмет етуде, аталған қызметкерлер Сервистік әкімдік жұмысымен қатар, «E-gov» порталы арқылы электронды қызметтерді алу барысында аудан тұрғындарына көмек көрсетуде.
Көксу ауданының барлық округ әкімдіктерінде, орта білім беру мектептерінде, балабақшаларда, сервистік әкімдікте, аудандық ХКҚО-да және ауданның жергілікті атқарушы органдарында(спорт бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) барлығы 54 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылып, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен күнделікті байланыс орнатылған, осы арқылы қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі, қызмет көрсету барысында мемлекеттік мекемелердің Заң талаптарын сақтауы және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейі күнделікті бақылауда. Сонымен қатар, ИС «Мониторинг» ақпараттық жүйесі бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне күнделікті бақылау жүргізілуде. Ағымдағы жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің орындалу мерзімінің бұзылу фактілертілері тіркелген жоқ.
Көксу ауданы әкімі аппаратының мониторинг бөлімі