Меню

Страницы

Статья

Қазақстандық мемлекеттік қызмет

Цифрлық технологиялардың даму заманы болып табылатын біздің уақытта адам тұрмысының үйреншікті салаларымен қатар адамзаттың дамуына айтарлықтай әсер еткен заманауи салалар да пайда болды. Әлбетте, олардың барлығы да мемлекет тарапынан реттеуді талап етеді. Қазақстандық мемлекеттік қызмет те шетте қалмауда. Бүгінде оның техникалық та, заңнамалық база тұрғысынан да заманауи талаптарға сай екендігін сеніммен айтуға болады.

Соның бірден-бір дәлелі болып 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы табылады. Бұл заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кіруге, оны өткеруге, тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын, сондай-ақ өзге де адамдардың мемлекеттік органдардағы қызметі мәселелерін айқындайды.

 Аталған заңдағы жаңашылдық деп мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік және саяси болып бөлінуін айтуға болады. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi. Мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатқа ие, саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыруға жауаптылықта болатын мемлекеттiк қызметшi.

Екі топқа жіктелу нақ та түсінікті екенін көріп отырмыз. Сөзсіз, аталмыш өзгерістер, мемлекеттік қызметшілердің өкілеттіктерінің шекараларын айқындауға мүмкіндік берді.   

Оған қоса, қазақстандық мемлекеттік қызметшілер «А» корпусы мен «Б» корпусына бөлінген болатын. «А» корпусына кадр резервіне іріктеудің, конкурстық іріктеудің, мемлекеттік қызметті өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар кіреді. Қалған мемлекеттік қызметшілер «Б» корпусына жатады.

Қорыта мемлекеттік қызметтің дамуы белгілі бір деңгейде қазақстандық қоғаммен де байланысты екенін айта кеткен маңызды. Өйткені, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды азаматтар айқындайды. Қоғам талаптарына сай келетін тұтынушыға бағдарланған ғана адам мемлекеттік қызметте жұмыс жасауы керек, себебі оның шешімдерінен тек бір елді мекеннің ғана емес, тұтастай мемлекеттің болашағы айқындалуы мүмкін.       

 

Дата публикации
30 марта 2020
Дата обновления
30 марта 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы