Меню

Страницы

Статья

Мұсабек ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша 2021 жылы есебі және 2022 жылға арналған жоспары туралы баяндамасынан үзінді

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес жыл басында әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру жиындары өткізілуде.

Округ бойынша 314 аула,  329 отбасы, халық саны 1806  адам оның ішіндебелсенді азаматтар  885, жалдамалы жұмыспен қамтылғандар 120, өзін –өзі қамтығандар 443, жеке шаруа қожалықтармен айналысатындар 121, зейнеткерлер – 223,  балалар саны -453,    2021 жылдан 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасы ретінде округ бойынша  2 отбасы тіркеліп, 10 балаға жәрдемақы тағайындалды.

Жаңа нысандағы  атаулы әлеуметтік көмекті түсіндіру жұмыстары бойынша округ көлемінде 2 жиын өткізіліп, әр  көше тұрғындары бойынша  аралау жұмыстары жүргізілді.

Округ бойынша Қызыларық және Жеңіс мектептері 2021 жылғы оқу жылын офлайн режимінде аяқтап,  осы режимде оқушылар дәріс алуда.

Жұмыспен қамту саласы: Мұсабек ауылдық округі  бойынша 2021 жылдың  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына 94 азаматтың өтініші түсіп қанағаттандырылды.«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жоспар 22 адам болса, жұмыспен қамтылғандар 30  адам болды. Екінші бағыты жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша жоспар 2 адам болса, нақты 2 адам қатысқан. Несие алған қаражат- 10,0 млн теңгені құрады.Үшінші бағыт жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында оқу және жұмысқа орналасуға әрекеттесу бойынша жастар практикасына жоспар 2 адам болса- 2 адам алынып тұрақты жұмыспен қамтамассыз етілді. Қоғамдық жұмысқа 27 азамат қабылданды.

Міндетті әлеуметік медициналық сақтандыру жұмыстары басталғалы 543 адамның мәртебесін анықтау тапсырылған оның қазіргі таңға дейін анықталмай отырған азаматтар саны 54 құрайды. 

Ауыл шаруашылығы   округ бойынша барлық жер 98610,82 га ,оның егістік жері барлығы - 2549 га, тәлімді-1551 га, суармалы -1806 га. Алма бақ- 7.0  жайылымдық жер - 92697,82 га. Биылғы жылы күздік бидайдан жоспарланған 25 га жерге егіліп әр га. жерден жалпы 26 цн. ден өнім , жаздық арпа  235 га. көлемде жер пайдаланылып, 26 цн/га-616 тн. өнім алынды. Дәндік жүгері 70 га.,май бұршақ (соя) 989 га жерге егіліп, әр 1 га. жерден 22 цн. өнім алды,  былтырғы жылға қарағанда 10 цн. артық. Мал азығын дайындаудан 386 га жерге көп жылдық шөп егіліп, жалпы шаруа қожалықтарында 4676 тн шөп, округ бойынша елді мекенде 8040 тн. шөп дайындалды. Шаруа қожалықтарында 84 га жерге көкөніс  оның ішінде 20,4 га сәбіз, 58,6 га жуа, 28 га  картоп, 25 га жерге күнбағыс пен 25 га бақша өнімі  егіліп жинап алды. Қант қызылшасы 2021 жылы 165  га жерге егіліп әр га. 452 цн/га жерден  6272 тн. өнім алды. 2022 жылы  260 га жоспар берілген, шамамыз 160-200 га қант қызылшасын егу көлеміне келтіреміз .Осы ауылшаруашылық саласы бойынша  көктемгі-күзгі жұмыстарына жеңілдетілген бағамен тапсырыс бойынша жанар-жағар май, тыңайтқыштар мен тұқым бөлініп, сүбсидиялар берілді.

Малды қолдан ұрықтандыру жұмысы бойынша 2021 жылы  ірі-қара малды ұрықтау пункті қолайсыз, стандарттқа сай болмағандықтан, жұмыс жасаған жоқ.Ұсақ мүйізді малдың 3600 басы қолдан ұрықтанды.Мұсабек ауылдық округінде жалпы ірі қара мал саны-3376 оның сиыры-1884, 63-і бұқа. Ұсақ мүйізді мал-17660, саулығы 10686 бас. Ешкі малы-1132 болса, оның саулығы 635 бас.Жылқы -2998,биесі-1643.17  бас туйе, 502 құс. Барлық малшылармен, бақташылармен үш жақты келісім шарт жасалды.

Салық бойынша: Барлық салық 110 мың  оның : Мүлік салығы 20 мың тенге, толығымен жиналды. Жер салығы 90 мың тенге жоспарға 100 мың жиналды, 112 % орындалды. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мүлікті түгендеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде,  шыққан қателер бойынша жұмыстар атқарылып ретке келтірілді.

Округ бойынша  6 дүкен орналасқан, оның 4-і Мұсабек ауылында, Мәүлімбай ауылында 1  сауда орны жұмыс жасайды.Мәулімбай ауылында 1 азық-түлік /Алинұр/ дүкені жұмыс істейді. Мұсабек ауылында 4 азық-түлік дүкені, 1 ыдыс-аяқ дүкені бар.

Ғаламтор жүйесі әкімшілік пен екі мектептерде орнатылған. Сонымен қатар , АКТИВ, БИЛАЙН ұялы байланысы биіктетілген мұнараға Мұсабек ауылында орнатылған.

Округ бойынша екі мектепке дейін шағын орталығы бар  Қызыларық және негізгі Жеңіс мектебі 2021 жылғы оқу жылын OФ-лайн режимінде аяқтап, 1 қыркүйектің 1 тоқсанында Қызыларық метектебі осы режимде оқушылар дәріс алуда.

Мұсабек ауылындағы МДШО бар Қызыларық орта мектебі 2021-2022 оқу жылында онлайн режимінде оқып келеді. Мектепте 206 оқушы бар, оның ішінде 1 сынып оқушылары мектепке барып оқиды. Биылғы оқу жылына оқушылар оқулықтармен 100%  қамтылған. Бүгінгі таңда мектепте көпбалалы отбасынан 68 оқушы, АӘК алатын 5 оқушы, толық емес отбасынан 16 оқушы бар.

Мәулімбай ауылындағы Жеңіс негізгі орта мектебі 2021-2022 оқу жылында штатттық режимінде оқытып келеді. Мектепте 50 оқушы бар. Биылғы оқу жылына оқушылар оқулықтармен 100%  қамтылған. Бүгінгі таңда мектепте көпбалалы отбасынан 16 оқушы, аз қамтылған отбасынан 8 оқушы бар. Мектепте 26 компьютер бар, оның 3 компьютер интернет желісіне (Astel 4 mbit/c, қазтелеком 1 mbit/c) қосылған.

2021  жылдың көктем-күз   айларында тазалық айлығы жарияланып 10 шақырым арық, 10 шақырым жол жағалауы тазаланды. 325 тн күл-қоқыс шығарылады. Барлық ауылдағы  тұрғындардың үй қоршаулары әктеліп, сырланды. Ауылдың тазалығын сақтау мақсатында  4500 бас жекеменшік қой, 220 бас бойдақ  ірі-қара мал сыртқа шығарылып бағылады. Күл-қоқыс полигон орындары тазаланды. Ауыл тұрғындарына  ағаш, қоршау әктейтін 4 тн известь  таратылды.

Ауылдарға кіріс жолдың екі жағалауындағы талдар түбі , балақ бұтақтары шабылып, ақталды. Мектептер от-жағу маусымына толық дайындықпен кіріп, жылыту жұмысы  дұрыс өтуде. Мектептердің әр сыныптарға жылу өлшемдері қойылды.

Барлық елді мекендерде  ауыл тұрғындарының қоқыс төгетін орындары белгіленіп, сілтемелері жазылып, көрнекі жерлерге ілінген.        

Денсаулық саласында 4 медициналық қызметкер, 4 сантар, жұмысшы қызмет атқарады.Вакцина алу жұмысы жүйелі тұрде өтуде, 3 кезеңде 60 пайыз алынды.

2021 жылы 24 нәресте дүниеге келіп, 6 адам қайтыс болды.

Мұсабек ауылында 1 мұсылмандар мешіті орналасқан, құжаттары толығымен заңдастырылды.

Жастар бағдарламасы бойынша округта жыл бойы Жастар көшбасшысы жұмыс жасады. Ол арнайы жоспарлары бойынша ауылдағы барлық мәдени, спорт іс-шаралары бойынша жұмыс жасап ауыл жастарын белсене қатыстыруға жұмыс атқаруда.

Округтегі  саяси-ахуал бірқалыпты, тұрғындар арасында Үкіметімізге, жастар арасында теріс ұғым,пікірлер таратылып,құқықтық тәртіпті болған жағдайлар болған жоқ.

Құқықтық тәртіпМұсабек ауылдық округі бойынша бір учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасап келді.  Осы жылы округ бойынша 6 мал ұрлығы тіркеліп , 4 ашылып, қалған 2-і қылмыс анықталу үстінде.

            2022 – жылға  атқарылатын жұмыс жоспары:

  1. Қ.К. Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын  және  мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды халыққа түсіндіру;
  2. 2022 жылғы қаржыны дұрыс және тиімді пайдалану;
  3. Ауылшаруашылығы бойынша игерілмей жатқан егістік жерлерді игерту;
  4. Ауыл ішіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4500 мың тенге жоспарланды;
  5. Шағын орталығы бар Қызыларық орта мектебінің сстадионына жайластыру жұмыстарына 51608 мың тенге бөлінеді;
  6. Мұсабек ауылының газ құбырырларының құрылысына 100000 мың тенге;
  7. Мәулімбай ауылындағы Жеңіс негізгі орта мектепке интернет жүйесімен қамту;
  8. Жолдарды күтіп, тазалауға 550 мың тенге белгіленді;
  9. Жеңіс негізгі орта мектебі мен Мұсабек аукылының орталық стадионына  орташа жөндеу жұмыстары;

 Мұсабек ауылының Абай және Әлібаев көшесіне жарық шамдарын орнату.

Дата публикации
20 февраля 2022
Дата обновления
20 февраля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы