Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес жыл басында әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру жиындары өткізілуде. Осыған орай бүгін мен сіздерге округ әкімі ретінде 2021 жылы атқарған жұмыстарым бойынша тоқталып өтсем.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді курсқа 10 азамат жіберілді. Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікті дамыту негізінде мал шаруашылығы мен жеке кәсіпті дамытуға 8 азамат 18 млн 800 мың теңге көлемінде несие алды. Мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік субъектілер бойынша 5 азамат 2 млн 910 мың теңге көлемінде грантқа ие болды. Үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 17 азамат жіберлді. 4 жас маман жастар практикасынан өтті. Қоғамдық жұмыспен 44 жұмыссыз қамтылды. Атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасы, 44 адамға 2 млн 556 мың теңге төленді. Тұрғын үй жәрдемақасы 4 отбасыға 68 590 теңге төленді.
Инфрақұрылымдарды дамыту бойынша: Мұқыры ауылдық округі Қазақстанның 10 жылдығы ауылы Нұрманбет көшесіне көше жарық шамы орнатылды. Орнату жұмыстарын « КазСтрой Груп» жапуапкершілігі шектелу серіктестігі жүргізді, бөлінген қаражат 3 425 000 теңге. Мұқыры ауылында 2021 жылы мемлекеттік сатып алу парталы бойынша ашық конкурс жүргізіліп, «НацСтройЛидер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұтып алып окрукке спорттық жаттығу жабдықтары бар Workout спорт алаңын салды. Бөлінген қаражат 280 0000 теңге.
Мұқыры ауылы бойынша Жексенбай, Уәлиханов, Мұқанов,Алтаев,Маметова көшелеріне, Қазақстанның 10 жылдығы ауылы бойынша Сәтбаев, Оспанов көшелеріне асфальт салынды. Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында 1 млн 700 теңге қаражат бөлінді. Мұнда заңсыз қоқыс тастау орындарын жоюға 700 мың теңге, полигонды тазалау қызметіне 1 млн теңге бөлінді.
2022 жылға Мұқыры ауылнды М.Алтаев, Уалиханов көшелеріне және Қазақстанның 10 жылдығы ауылында Сәтпаев көшелеріне жаңа жарықтандыру қондырғысын орнату жұмыстарын жүргізуге құжаттарына және сараптамадан өткізу үшін «AmirZhoba» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырғызылып, 2 млн 612 теңге бөлінді.
Ауылшаруашылығы саласының негізгі егін шаруашылығы бойынша: округ бойынша майбұршақ егілгені 1192 гектар, жиналған өнім 3 003 тонна, дәнді дақылдар барлығы 870 гектар егілді, жиналған өнім 1072 тонна, арпа 244 гектар, 512 тонна өнім алды. Көп жылдық шөп 226 гектар, 14 347 тонна . Негізгі сала қантқызылшасы 242 га егіліп, 8312 тонна өнім алынды.
Мал басы мүйізді ірі қара 4000 бас, ұсақ мал 15704 бас, жылқы 1530 бас. Ветеринария саласы бойынша жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу мақсатында мүйізді ірі қара 9 ауру түрінен 39 720 мал басы, ұсақ мал 10 ауру түрінен 196 220 мал басы, жылқы 7 ауру түрінен 4190 бас егілді. /Мүйізді ірі қара аурулары егілген түрі ящур, эмнар, пастререллез, лептоспироз, сибир язва, бешенство, вирусный диария, туберкулез, серология. Ұсақ мал ящур, пастреллез, сибир язва, липтоспироз, оспа, бешенство, бродзот, эктима, чума. Жылқы пастереллез, сибирская язва, лептоспироз, бешенство, мыт, сальмонеллез, сал/
Сүдігер жыртылғаны 800 гектар, оның ішінде терең сүдігер 245 гектар жыртылды. Ауылшаруашылық техникасын жаңарту мақсатында «Қайнар Көксу» , «Жалайыр» шаруа қожалықтары 2 дана комбайн алды, «Дамир» шаруа қожалығы 1 дана МТЗ 92 маркпалы трактор алынды.
Салық бойынша : 2020 жылы жеке кәсіпкерлерден түсетін салық жоспар 740 мың теңге, түскені 939 мың теңге, орындалғаны 140,0 пайыз. 2021 жылы жеке кәсіпкерлерден салық түсірілмеді. 2020 жылы мүлік салығы жоспар 56 мың теңге, түскені 62 мың теңге, орындалғаны 133,4 пайыз болса, 2021 жылы мүлік салығы жоспар 56 мың теңге орындалғаны 67 мың теңге, 119,6 пайыз. 2020-2021 жылдарды салыстырғанда 108,0 пайыз. 2020-2021 жылдары жер салығы жоспар 397 мың теңге, түскені 397 мың теңге, орындалғаны 100 пайыз. 2020-2021 жылдары автокөлік салығы заңды тұлғалар бойынша жоспар 552 мың теңге, түскені 552 мың теңге, орындалғаны 100 пайыз. Автокөлік жеке тұлғалардың салығы 2020 жылы жоспар 3 млн 360 мың теңге, түскені 2 млн 745 мың теңге, орындалғаны 81,6 пайыз болса, 2021 жылы жоспар 8 млн 655 теңге, орындалғаны 8 млн 606 теңге. 99,4 пайыз. 2020-2021 жылға салыстырғанда 313,5 пайызға өсті.
Қоғамдық қауіпсіздік; қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 2021 жылы 10 бейнебақылау жүйесі орнатылды. Криминогендік жағдайға байланысты 2021 жылы 8 қылмыс тіркелді, оның ішінде екеуі мал ұрлығы, біреуі бұзақылық, 5 қылмыс біреудің мүлкін тонау. Ашылғаны 7 қылмыс. / Ашылмағаны 1 мал ұрлығы/ . Орындалғаны 87,5 пайыз.
Орта білім беру жұмыстары білім беру бағдарламасына сәйкес іске асырылуда. Округте оқушылардың алаңсыз білім алуға барлық жағдай жасалған. 2021-2022 оқу жылында округтегі 2 орта мектеп бар, Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебінде 414 оқушы, Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектебінде 68 оқушы білім алуда.
Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебнің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша: 2021 жылға Жапсарбаев атындағы ОМ ағымдағы жөндеуге 50 348,0 мың теңге бөлінді. Қалқа Жапсарбаев атындағы орта мектебін ағымдағы жөндеуге «ВЕК-909» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім 48 782 221,6 теңгеге жасалды. Келісім бойынша жұмыстар 2021 жылғы 01 маусымда басталып, 07 қазанда аяқталу қажет болған, алайда бүгінгі күнге жүмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда Қазақстанның 10 жылдығы ауылында 120 орынды жаңа мектеп құрылысы басталды.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін Мұқыры ауылында «Қызғалдақ» және «Таңшолпан» балабақшалары жұмыс жасайды, онда 160 бала тәрбиелеуде. Қазіргі уақытта тәрбие жұмыстарының басты мақсатының бірі – халқымыздың әдет-ғұрпына, ұлттық дәстүріне, мәдениетіне, өнеріне үйрету мақсатында, іс-шаралар өткізіп, мерекелерде ертеңгіліктер ұйымдастырылуда.
Денсаулық сақтау саласы: Жалпы округ бойынша эпидахуал тұрақты. Атқарылған шаралардың нәтижесінде аса қауіпті жұқпалы аурулар - сарып /бруцеллез/, Туберкулез аурулары тіркелген -1. Округ бойынша 2021 жылы жұқпалы аурулар тіркелмеген. 2021 жылы 18 адам қайтыс болса, 36 бала туылды. Өсім +18 пайыз.
2021 жылы бюджеттің шығыс бөлігі толық 100 пайызға игерілді. 2021 жылға елді мекендерінде тұрғындар алдында есеп беру кездесулерінде айтылған талаптар мен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар: 1-мәселе: Қазақстанның 10 жылдығы ауылының жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы. Аталған мәселе бойынша Қазақстанның 10 жылдығы ауылындағы Сәтпаев пен Оспанов көшелеріне асфальт төсеу бойынша көпірлері ауыстырылып, көшелердің ой-шұңқырларын тегістеу мақсатында тас қиыршық төселініп, асфальт төселінді.
2022 жылға төмендегі жұмыстарды атқару үшін жобалық сметалық құжаттама жасалынып, қаражат бөлуге жұмыстар жүргізілуде:
5. Мал шаруашылығы бойынша 100 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңын салуға жұмыс жүргізу.