Жылдағы дәстүрге айналған барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен жүздесуі және атқарылған жұмыстарына есеп беруі оларды шешу жолдарын қарастырып, алдағы уақытта жоспарлау басты міндетіміз. Президент Қ.Тоқаевтың "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі"атты Жолдауы ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихатталып қолдау тапты.
Округте 5 елді мекен бар.Халық саны – 4117 адам, Округ тұрғындары арасында:көп балалы аналар саны 109, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері-41,«Күміс алқа» иегерлері- 68. 2-азамат Ауған соғысы ардагері, 1-азамат Чернобыль апатына қатысқан, тыл еңбеккерлері -15 адам, 429 -қария зейнеткер жасы бойынша зейнетақы алатын болса, 17 адамға I, II, 14 -адамға III топтағы мүгедектігіне байланысты зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған.16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 4, оған бекітілген 1 әлеуметтік қызметкер, жалғыз басты 4 қарт адамға 1 әлеуметтік қызметкер бекітіліп, көмек көрсетуде.Округте 2-орта мектеп, балаларды сауықтыру лагері, бала бақша, политехникалық колледж, 2 дәрігерлік амбулатория,ФАП, почта бөлімшесі, учаскелік полиция пункті, вет. пункт, өрт сөндіру пункті жұмыс жасайды.
Мемлекетіміздің дамуының басты бағыттарының бірі заманауи әлеуметтік саясат болып табылады, басты мақсаты тұрмыстары төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалау болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмек(АӘП)- 16 отбасына, жанұя құрамы 87 адамға, 5 млн 742 мың тенге көмек берілді.«Нәтижелі жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдараламасы аясында 297 адам жұмысқа тартылды.Бірінші бағыты, -қайта даярлау курсына 9 адам жіберілді. Екінші бағыт, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 4 азамат 2 млн. 333 мың 600тенге қаражат алса,«Бастау Бизнес» кәсіпкерлік оқуын тамамдаған 10 азамат 32 млн 800 мың теңге мемлекеттің қайтарымсыз қаражаттын иеленді.Үшінші бағыт: Жастар практикасына 4 адам, қоғамдық жұмысқа 107 адам тартылды.Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қайырымды істер марафоны жалпы ұлттық жобасы аясында біздің ауылымыздың тұрғындарыда қалған емес.Аз қамтылған отбасыларға барынша көмектерін аямады. 50 қап ұн және 50 қап қант таратты.Досжановтар отбасы - аз қамтылған 7 отбасыға 1 тоқты 6 ешкі берді.Мектепке жол акциясы бойынша 220 мың теңге ( екі жүз жиырма мың теңге ) көлемінде ақшалай қаражат жиналып әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 35 отбасының балаларына оқу құрал жабдықтары мен қатар спорттық киімдер, мектеп формалары таратылып берілді. Округ жастарының ұйымдастыруымен әр жұма сайын дүкенде 100 бөлке нан тегін таратылады.Жетіжал ауылының жастарының ұйымдастыруымен және қоғамдық жұмыскерлердің көмегімен жалғыз басты қарттарға, көп балалы 15 отбасыға отынмен көмек көрсетілді. Көксу политехникалық колледжінің студенттері екі көп балалы отбасыға қайырымдылық жасап, азық-түлікпен қамтамасыз етті.
2021 жылы Көксу бекетінде Қожабергенов,Байсейтов,Қазақстан,Шалабаев,Әуезов көшелеріне 86,625,000 теңге қаражат бөлініп асфальт төселіп жатса, Көксу бекеті мен Нәдрізбек елді мекені арасындағы ұзындығы 5,221 км құрайтын жолға 158,569,7 теңге қаражат бөлініп, асфальт төселінді.
Тұрғындардың спортпен айналысуына кең мүмкіндік беріп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында Көксу бекетінде де 2 800 000 тг қаражат бөлініп Street workout(стрит воркаут) салынды. Және Жетіжал ауылында балалар ойын алаңқайы орнатылды. Жетіжал мәдениет үйіне ағымдағы құны 19 000 000 теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Округінің жалпы жер көлемі 85038,05 га ,оның ішінде:жайылым- 82771,98 га, егістік жері-3116 га, оның ішінде ауыл тұрғындарында-167 га, СПК Құрақты-173га, TOO BTS Group – 70га. Округ бойынша 132 шаруа қожалығы тіркелген.
Округ бойынша 3 шаруа қожалығы жеңілдетілген бағамен 15 тн дизель отын алды. 400 га жерге – 100тн минералды тыңайтқыш, 700 га жерге арам шөптерге қарсы 420 литр гербицид алынды.
КазСушар мекемесімен 1896 га жерге 75 шқ келісім- шартқа отырып, жалпы суммасы 9 078 567 тг толығымен төледі(100%).Округ бойынша жалпы ұзындығы 9 км канал механикалық тазарту жүргізілді: Бақытжан каналы – 3,5 км, Төте Тоған – 3 км, Р-4 – 2,5 км.23,7 км дренаж толығымен тазаланды: Р-1(ұз.4,5км), Р-2 (ұз. 3,7км), Д-16(ұз4,5км), Д-17(ұз. 4,2км), Д-18(ұз. 6,8км).
Жалпы сүдігер 863 га, оның ішінде 350 га терең сүдігер жыртылды.Цифровизация бойынша электронды картаға жайылым жердің 92%, суғармалы жердің 100% енгізілді.Игерілмей жатқан жайылым жерлер бойынша Көксу ауданының жер қатынастар бөлімінен 42 шаруа қожалықтың тізімі берілді. Оның ішінде : 7 ш.қ. малы басқа округте тіркелген, 25 ш.қ. жері жоқ, 6 ш.қ. құжаттарын заңдастырыруда, 4 ш.қ. түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Мал басы саны бойынша, МІҚ малы – 3705 бас, ҰММ малы -22432 бас, Жылқы -2275 бас, түйе – 120 бас.Ветеринария пунктінде 5 мал дәрігері, сонымен қатар ҰММ қолдан ұрықтандыру үшін-2 пункт, МІҚ малды қолдан ұрықтандыру үшін 2 пункт жұмыс жасауда. Округтің бюджеттік бағдарлама шегінде ауыл шаруашылығы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 12 түрлі ауруға қарсы егу және диагностикалық іс-шаралар жоспары уақытылы жүргізілуде.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында үш жақты (бақташы – мал иесі – әкімшілік) келісім шарт жасалып, 20 шаруа қожалығы және екі елді мекеннің бақташылары келісім шартқа отырды.
Окрегте 3 Мал бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Жалпы 400 бастың мал бордақылау алаңы жұмыс істеуде.Мал шаруашылығымен айналысатын 35 шаруа қожалығында – 50 қыстау орналасқан. 16000 тн қысқы мал азық қоры толығымен жиналып (орындалу пайызы 100%), 300 тн мал азығы қыстауға жеткізілді.
Әлеуметтік саланың маңызды салаларының бірі денсаулық сақтау болып табылады. Емдеу мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті емдік құралдармен жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияда тұрғындарға дер кезінде дәрігерлік қызмет көрсету үшін, емхана негізінде 4 орындық күндізгі стационарлық бөлімше жұмыс жасайды. Бір жасқа дейінгі бала өлімі жоқ 1522 адам флюрографиялық тексеруден өтті. Жыл басынан 74 - бала дүниеге келсе, 25 адам - қайтыс болған, табиғи өсім-49 адам.
Мұқаншы орта мектебінде 542 бала оқып,73-мұғалім еңбек етсе,Жетіжал орта мектебінде 170 бала оқып,30-мұғалім, политехникалық колледжде 240 бала оқып,34-мұғалім еңбек етеді.Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Мұқаншы орта мектебі бойынша өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мектебінде 2020-2021оқу жылында 542 оқушы білім алды. Оның ішінде 1-4 сыныпта 241 оқушы,5-9 сыныпта 258 оқушы,10-11 сыныпта 53 оқушы.Мектеп бойынша 32 сынып комплект құрайды. 2020-2021 оқу жылының білім сапасы 61,8%, үлгерімі100 %.2020-2021 оқу жылын қорытындылай келе оқу-үлгерім нәтижесі «қанағаттанарлық», 9- сыныпты бітіруші 43 оқушының жетеуі «үздік» аттестатқа ие болды.
Жетіжал орта мектебі барлық пәндер бойынша толық мамандармен қамтамасыз етілген. 2020-2021 оқу жылының І-ІУ тоқсанын оқушылар штаттық режимде, топқа бөлініп оқытылды. Пандемия кезеңінде білім беру ұйымдарында, COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы бұйрық негізінде санитариялық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шараларын күшейту бойынша іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Топқа бөліну негізінде сабақ кестесі құрылды, екі ауысымға бөлініп 1,4,5,9,10,11 сыныптар 1 ауысымда, 2,3 6,7,8 сыныптар 2 ауысымда оқытылып, әр сабақтан кейін 10 минутқа дейінгі аралықта уақытқа қоңырау кестесі жасалды.
Округ бойынша мектепке дейінгі балалар саны -550.0-3 балалардың саны-154, 3-6 балалардың саны- 229. «Куншуақ» бөбек-жай бала бақшасы жұмыс жасайды. Балабақшада 21 қызметкер жұмыс істейді.Мұқаншы орта мектебінде шағын орталық жұмыс жасайды. Шағын орталықта - 50 бала 2 топқа бөлініп тәрбиеленуде. Бір топ ақылы, бір топ ақысыз жұмыс жасайды. Бала бақшаға кезекте 70 бала тұр.
Көксу политехникалық колледжі:Оқу мекемесінде білімгерлер контингенті 240 олардың 100-і 2021 жылдың қыркүйек айында бірінші курска қабылданғандар.Колледж ауылшаруашылық өндірісінің 5 мамандығы бойынша білімгерлер оқытуда. Олар: «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі»,«Аспаз», «Электргазымен дәнекерлеуші» , «Электромонтер», Автомобиль жөндеу слесарі».Колледждің инженерлі – педагогикалық ұжымын 34 оқытушы құрайды, олардың 10 – ы өндірістік оқыту шеберлері болса, 14-і жалпы білім беру оқытушылар. Колледжде 236 орынға арналған жатақханасы бар. Жетім балалар саны-3. Олар жылына бір рет жылдың төрт мезгіліне арналған киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.
Көктемгі әскери қызметке округтен барлығы 60 азамат шақырылып, әскерге 4 адам жіберілді. Күзгі әскери қызметке округтен барлығы 129 азамат шақырылып, әскерге 3 адам жіберілді.
Көксу бекетіндегі Ұлы Отан Соғысы құрбандары мен ардагерлеріне арналған ескерткіштің айналасына гүлдер егіліп, Көксу дәрігерлік амбулаториясының алдына 100 түп күл ағашы отырғызылды.
Округте 48 (қырық сегіз) жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 12 кәсіпкер азық-түлік тауарларын сатумен айналысады, 1 дәріхана жұмыс жасайды. 2021 жылы 1 азық – түлік дүкені, 1 техника сататын дүкен, 1 шаштараз, 2 тырнақ әрлеу, 1 құрал – саймандарды дәнеркелеу, 1 құрал-жабдықтар сататын дүмбіршек ашылды.
Келесі 2022 жылға жоспарланған жұмыстар:
6.Округтегі барлық елді мекендердегі ішкі жолдарға жөндеу жүргізу.
7. Мұқанов, Рысқұлов, Иманов,Жабаев, Исабаев, Алдабергенов орташа жөндеу.