Ауыл әкімдерінің есеп беру науқаны- елімізде дәстүрге айналған үдеріс. Бұл ел алдында жүзеге асқан істі жіпке тізіп, келер жылы атқарылуы тиіс шаруалардың басын қайыратын кезеңі деуге де болады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар- ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына еліміздің өзекті мәселелердің шешімін көрсеткен, әлеуметтік жағдайға көңіл бөлінген маңызды құжат туралы ауыл тұрғындары арасында кеңінен қолдаулар көрсетілді.
Лабасы ауылдық округіндегі төрт елді мекенде 977 аула бар. Халық саны 5500-ден астам. Оның ішінде 553 зейнеткер, 153 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 143 көп балалы аналар, 12 тыл ардагерлері, 91 «Алтын алқа», 62 «Күміс алқа» иелері тұрады.
Округте жыл басынан негізгі құрам бойынша 100, жеке құрам бойынша 34 өкім қабылданса, жеке мәселе бойынша 34 адам қабылданды, оның ішінде 15 ауызша, 19 жазбаша қабылданса, ауыл тұрғындарына 98 анықтама берілді. Жоғары органдардан 465 құжат келіп түсті, 400-ден аса хат-хабар жөнелтілді. 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2021 жылға бекітілген жылдық және тоқсандық жұмыс жоспары бойынша округте жыл басынан 12 тұрғындар жиыны өтті, оның ішінде 8 жиын онлай форматта өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – Ел өркендеуінің берік негізі"атты Жолдауын округке қарасты мекемелерде, ұжымдарда кеңінен түсіндіру, қолдау мақсатында аудандық ақпараттық-насихат топ мүшелерінің қатысуымен төрт елді мекенде 4 жиынөтті, онда барлығы 700-ден астам адам қатысты.Сонымен қатар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іс жүзіне асыру мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес, іс-шаралар өтті. Пандемияға байланыстыіс шаралардың көбісі онлайн форматта өткізілді.
Халықты әлеуметтік қорғау мақсатында тұрмысы төмен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмек 19 отбасына 112 адамға 5 млн 277мың 498 теңге төленді.
Тұрғындарды жұмысқа орналастыру және жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында,«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының І-ші бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру курсында 6 адам және қысқа мерзімді курстарға жұмыссыз 12 азаматтар оқып, жұмысқа орналастырылды. Екінші бағыты - кәсіпкерлікті дамыту бойынша 10 адам 32 млн 590 мың теңге көлемінде несие алды. «Бастау бизнес» жобасы аясында жаңа идеяларды жүзеге асыру мақсатында 11 адам өз кәсіптерін ашу үшін қайтарымсыз грант алды. Бүгінде кәсіптерін ашып, жұмыс жасап жатыр. Үшінші бағыты бойынша жастар тәжірибесіне жоспардағы 5 адамның орнына 8 маман жіберілді (160,0 %), 72 адам қоғамдық жұмыс атқарды, 130,9%. Жалпы жұмысқа орналасуға ниет білдірген жоспардағы 50 адамның орнына 72 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналасу деңгейі 144% құрады.
Медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру бойынша кең ауқымды, түсіндіру жұмыстары атқарылды. БЖТ төлеген 451 адамның денсаулығы сақтандырылды.Карантин кезінде 68 отбасы, яғни 369-ден астам адамға 1 млн 413 мың 500 теңгенің көлемінде азық түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді. Медициналық әлеуметтік міндетті сақтандыру бойынша кең ауқымды, түсіндіру жұмыстары атқарылды. Карантин кезінде 68 отбасы, яғни 370-тен астам адамға 1 млн 400 мың теңгенің көлемінде азық түлікпен қайырымдылық көмек көрсетілді. Округ тұрғындарының 84 пайызы вакцина алды.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша барлық жер көлемі 130 мың 430 га, егістік жер – 4830 га, оның ішінде суармалы 2303 га, тәлімді егістік жер – 2527 га, жайылым – 121 мың 907 га, шабындық –931, бақ – 51 га, бақшалық жер – 45 га, ауыл шаруашылығына жарамсыз жер – 2666 га.2019 жылы дәнді дақылдар 812 гектарға себілді, (түскен өнімі 2211 тн.) Май бұршақ 1596 гектар, (өнімі 4040 тн.) Қант қызылшасы 360 га жерге егіліп, 11580 тн, түсім, картоп – 202 гектар, (өнімі 4121 тн.) Көкөніс – 48 гектар, (өнімі 1584 тн.) Күнбағыс 15 гектар, (өнімі 28,5 тн), Көп жылдық шөп 119 гектар, (өнімі 1428 тн.) Жемістер 39 гектар жерге себілді (өнімі 285 тн.). Округ бойынша 297 шаруа қожалығы, 2 ЖШС, 1 өндірістік кооператив бар. Шаруашылықтар мен жекеменшік тұрғындардың мал басының саны - 6077 бас ірі қара, (оның ішінде – 3014 бас сиыр),42837 бас қой, (20776 саулық қой), 1925 бас ешкі, (аналығы- 978 бас), 3235 бас жылқы, (аналығы- 1420 бас), 7000 мыңнан астам құстар бар.
Төрт елді мекеннің және шаруашылықтардың малын емдеу мақсатында 12 мал дәрігері халыққа қызмет етеді. Жыл басынан 4 елді мекенде 7234 бас ірі қара малдан қан алынып, тексеру нәтижесінде 18 бас бруцеллезге оң нәтиже берді, 50281 бас ұсақ мүйізді малдан бруцеллезге қарсы қан алынып, тексеру нәтижесінде 2 бас бруцеллезге оң нәтиже берді. Ол малдар дер кезінде қайта өңдеу цехына жіберілді. Мал иелеріне өтем ақы төленді. Жоспарланған 16 бас жылқы, 16 иттен бруцеллезге қарсы қан алынды, тексерілді. Түрлі жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу жұмысы толығымен, яғни 100 пайызға орындалды. Малды бірдейлендіру мақсатында 1270 бас ірі қара, 14640 ұсақ мал, дерек қорға енгізілді.
Округі көлемінде 4 орта білім ошағында 113 жоғары білімді, 7 арнаулы орта білімді ұстаз 890 оқушыға білім береді.Пандемияға байланысты карантин уақытында Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қашықтықтан (онлайн) оқыса, Талапты, Еңбекшіқазақ, Жамбыл атындағы орта мектептерінде шалғай ауылдардағы оқушылар саны 180-нен аспаған жағдайда штаттық режимде оқытылды.
Тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтылып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету, мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп ұжымдары, әкімшілік қызметкерлері, шаруашылық басшылары, кәсіпкерлер белсене қатысты. Округке қарасты 3 бала бақша және бір шағын орталықта бүгінде 150 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мәмбет ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория мен Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ ауылдарындағы 3 фельдшерлік пункттер бар. Халықтың демографиялық ахуалын жақсартуға, ана мен баланың денсаулығын нығайтуға арналған профилактикалық шаралар өз деңгейінде атқарылып отырады.Жыл басынан 101 - бала дүниеге келсе, 32 адам - қайтыс болған, табиғи өсім-69 адам.
Округте 1 Мәдениет үйі, 1 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 3 спорт залы,1 Жастар спорт кешені 4 стадион бар. Еліміздегі пандемия жағдайына байланысты мәдени және спорттық шараларға шектеу қойылды.Кейбір мерекелік шаралар онлайн режімде өткізілді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында өткен жалпы іс шаралар -15.«Жасыл ел» еңбек жасақшыларына 2021 жылы 15 жас қамтылса, жастар практикасына 8 жас маман қатысты.
Округке қарасты 4 елді мекенде 4 мешіт бар. Жалпы округте қоғамдық-саяси ахуал қалыпты жағдайда.
Округ бойынша 16 жекеменшік азық-түлік дүкені, 1 шаштараз, 1 мейрамхана нысанында 20-ға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Еңбекшіқазақ ауылындағы май зауытында жергілікті халықтың 20-дан астамы жұмыспен қамтылып отыр.
Көктемгі әскери қызметке округтен барлығы 120 азамат шақырылып, әскерге 7 адам жіберілді. Күзгі әскери қызметке округтен барлығы 90 азамат шақырылып, әскерге 3 адам жіберілді.
Ауылды көркейту мен абаттандыру барысында санитарлық тазалық ең күрделі мәселелердің бірі. Алматы-Өскемен жол бойының тазалығы, ауыл ішіндегі көшелердің, Еңбекшіқазақ - Мәмбет –Талапты- Жамбыл ауылдары арасындағы жол бойының тазалығы үнемі бақылауда тұрады.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 1-өлкелік полиция қызмет етеді. Қызметтік үймен, телефон, автокөлік, компьютермен қамтамасыз етілген. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Қылмыстың алдын алу, болдырмау, заң бұзушылыққа жол бермей үнемі бақылап отыру үшін, мектеп ұжымы, ауыл тұрғындары, жастарынан тұратын «Ерікті халық жасақшылар» тобы құрылып, кешкі кезекшілік жұмыстары жүргізілуде.
Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту мақсатында алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
1.Жамбыл және Еңбекшіқазақ ауылдарынан ФАП құрылысын салуға ықпал ету
4. Май зауыты көшелеріне ағымдағы жөндеу, яғни асфальт салу және жарық орнату. Ауылға кіре беріс алаңынан Workout балалар ойын алаңын салу.