Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халына«Халық бірлігі және жүйелі реформалар-Ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы бүкіл халықтың, әрбір шаңырақтың, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға арналған.
Қабылиса ауылдық округі 2 елді мекеннен Ақтекше және Көкбастау ауылдарынан тұрады.
Жалпы округте тұратын халық саны 1475 адам, оның ішінде 2 адам болкар, қалған қазақ. түтін саны 307. Ақтекше ауылында – 970 адам, 193 түтін.Көкбастау ауылында – 505 адам, 114 түтін
Ауылдық округінің әкімі және мамандар жұмыстарын бекітілген қызметтік міндеттер бойынша жүргізеді. Жұмыс жоспарлары –жылдық, тоқсандық, айлық болып бекітілген.Іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Істер номенклатурасы облыстық мұрағатпен келісіліп бекітілген. Жаңа номенклатура негізінде 2021жылы арнаулы салаларға 52 жинақ папкасы, 13 журналдар және 9 арнаулы кітаптар ашылды. Сонымен қатар 2 алфавиттік кітап, 24 шаруашылық кітабі толтырылды. Әкімнің жеке қабылдауында 26- адам болды, жазбаша өтініш -6 тіркеліп жауап берілді.
ҰОС жылдарында тылдағы еңбек еткендер 5 адам мемлекеттік жәрдемақыны алады, зейнеткерлері 83, ал IІ- ІІІ және 16 жасқа дейінгі мүгедектер барлығы 24 адам, Асыраушысынан айрылғандар 6 жанұя, бар. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған 40 ана жәрдемақы алады,
1 жасқа дейінгі туылған балалар жәрдемақысын алатындар-21 жанұя, және 4 баладан көп балалы 27- ана бар.
Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелеріне келетін болсақ Қоғамдық жұмысқа тартылғаны 43 адам, 3 адам кәсіби оқуға жіберілді. 1 тұлға мал шаруашылығын дамыту үшін 1,8 млн теңге несие алды. 5тұлға бағдарлама аясында грант алды. 4 жас маман жастар практикасында жұмыс атқарды.
Атаулы әлеуметтік көмекті жыл басынан бері 1 отбасыға тағайындалды. Отбасының құрамы 7 адам, төленген ақша көлемі 446830 теңге.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі және бірыңғайжиынтық төлемнің маңызы туралы округ тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы әлемге тараған індет біздің елді мекенді де айналып өткен жоқ. Осы себептен індеттің таралуына жол бермес үшін елде карантин күшейтілді.Осыған байланысты округте арнайы жұмысшы тобы құрылып індеттен қорғану үшін қандай шаралар атқару керектігі халыққа түсіндірілі.
Қайрымдылық іс шаралар ұйымдастырылып көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тұрмысы төмен отбасыларға шамамен 1 млн теңгеге 16 отбасыға қайырымдылық көмектер жасалынды. (азық түлік, киім кешек, мектепке керек құралдар және жылқы, ірі қара мал, ұсақ мал берілді.)
2021 жылы 670 га күздік бидай, 497 га жаздық бидай1922 га арпа, 961 га көп жылдық шөп егілді, Округте жиналған шөп 18500 тонна. Округте 101 шаруа қожалық жер және мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа қожалықтар егістік жерлерін толық игеруде. Қазіргі заман талабына сай жүргізіліп жатқан сандық жүйеге егістік жер толығымен енгізіліді, шабындық жердің 2110 га жері енгізілді. Қалған 131 га жер алдағы уақыттарда енгізілетін болады. Жайылымдық жердің 62400 га жері енгізілді, қалған 3546 га жерді енгізу үшін жұмыстар атқарылады. Қазіргі уақытта шаруалар ауылшаруашылығы жерлерін өз мақсатында игеруде. Жайылымдық жерлергеде түгендеу жұмыстары жүргізілді. Малы бола тұра басқа тұлғалардың атында тіркеуге қойған шаруашылық иелеріне малдарын өз аттарына тіркеу керектігі ескертілді. Шаруалар малдарын өз атына тіркеуге қоюда.
Округте бір етті бағытта ауыл шаруашылығы кооперативі құрыған Басшысы Бейсенов Мади болып сайланды. Аталған кооперативке 26 адам мүше болып тіркелді.
Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жалғастырылып, мал басының өсуі, мал өнімділігінің артуы қолға алынуда. 15 шаруа қожалық мүйізді ірі қара малын асылдандыру үшін асыл тұқымды бұқа алып мемлекет тарапынан берілетін субсидияны алып отыр.
Ауылдан жаз мезгілінде күнделікті 3 автакөлікпен келіп сүт жинап тұрды. Сүт жинау пункті әр он күн сайын тұрғындармен есептесіп отырады. Ауылдық әкімшілік және дәрігерлерден құрылған топпен отгон мал жайылым учаскелерін аралау, малшылардың денсаулығы мен әлеуметтік жағдайларын тексеру 4 рет жүргізілді.
Шаруашылық кітаптарын электронды пилотный программаға енгізу жұмысы уақытылы жүргізіліп тұрады. Малдың бірдейлендіру электронды базаға енгізу жұмысыда жүргізілді.
Округте ауыл шаруашылығымен шұғылданатын 101 шаруа қожалығы, 22 жеке кәсіпкер және халыққа қызмет көрсететін 2 сауда орны бар, отандық тауар өндірушілердің тауарларын сатуға келетін кедергілерді қысқарту мақсатында округте орналасқан сауда орнымен үш жақты меморандумдар жасалды.
Инфрақұрылым бойынша округте 9 көше бар ұзындығы 21 км 7 көшеге асфалт төселінген, 2 көшеге тас төселінген, Көше жарығымен 7 көше қамтылған.
2021 жылы Ораз Жандосов, Нұрбақыт Қойшыбеков, Демесін Мақұлбеков көшесіне көше жарығы тартылды. Алдағы жылдары Жамбыл Жабаев, Шаған көшелеріне көше жарықтары орнату және Сатыпалды Сүгіров, Шаған көшелеріне асфалтъ төсеу жұмыстары жоспарда бар.
Ауыз су жүйесінің ұзындығы 17 шақырым, үй үйге су кіргізілген. Округтегі ауыз су жүйесі талапқа сай жұмыс жасап тұр
Ауылдық округте 1 ФАП және 1 Көкбастау амбулатория мекемесі бар, онда 5 штаттық бірлікпен, атап айтсақ 1-врач, 1-акушер, 3 медбике, 1 автокөлікпен қамтылған. Емдеу – профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде эпидахуал біршама тұрақтанып12 бала туылып, қайтыс болған адамдар саны-7 адам.Бюджет тарапынан 1-5 жас аралығындағы балаларға, сонымен қатар созылмалы жүрек ауруы, артериялық қан қысымының жоғарлауы, бронх демікпесі (бронх асма), созылмалы өкпе ауруларында, асқазан және ұлтабар жарасы ауруында тегін дәрі – дәрмекпен қамтамсыз етіліп тұрады. 2021 жылдан COVID-19 вирусына қарсы екпе ауыл тұрғындарынан 574 адам, І-ІІ компонетін алды.Пфайзер оқушы-30,студент-8, бала емізетін әйелдер-20, аяғы ауыр әйелдер-2 барлығы 60 адам.
Округте өткізілетін мәдени іс шараларға, қоғамдық жұмыстарға мектеп ұжымдары белсенді қатынасып көмек көрсетеді. Биылғы жылы Ақын Қабан Жырау атындағы орта мектепте 30 мұғалім, оның ішінде 6- мұғалім педагог- сарапшы, 9 мұғалім педагог- модератор, 2 мұғалім 1 санатта, 4 мұғалім 2 санатта. 160 оқушы, 17 тәрбиеленушіге білім-тәрбие беруде және 29 адам әр түрлі жұмыстар атқаруда. 12 таңдау пәндері мен 10 үйірме ақылы жүргізіледі, спорттық 5 үйірме ақысыз жұмыс істейді. Мектеп 90- компьютермен жабдықталған. Орташа есеппен 2 балаға 1- компютерден келеді.1 лингафон кабинеті, жаңа модификациялы химия, биология кабиенттері бар, спорт зал толық спорттық заттармен қамтылған. Кітапханада оқу құралдары толық жеткілікті, 20 орындық оқу залы әр түрлі әдеби баспамен қамтылған. 2021 жылы 15 түлек мектепті бітірді. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысқан балалардың, орташа көрсеткіші 65,0 балл жинады. 5 бала жоғарғы оқу орнында грантқа,осының ішінде 10 бала колледжіге грантпен, Мектеп жанында 50 орындық шағын орталық, 10 қызметкермен жұмыс істейді.
Ақтекше ауылдық мәдениет үйі 5 штаттық бірлікпен жұмыс істейді. Би, дәстүрлі әндер, домбыра, әжелер ансамбілінің үйірмелері бар. Тәуелсіздіктің -30 жылдығына орай мерекелік іс шаралар, мереке күндеріне арналған іс шаралар онлайын форматта өтті.Ақтекше ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Кітапханада барлығы 10700 кітап қоры бар, қазақшасы- 6700 дана.
Ауылдық округінде учаскелік полиция уәкіліне арнап қызметтік үймен жұмыс орны салынды.Арнайы кабинет, сейфпен, телефон желісімен, орындық, стол құралдырмен жабдықталған. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында округте мектеп мұғалімдерінен құрылған «Жасақшылар тобы» жұмыс істейді. 2021 жылы 2 қылмыс, мал ұрлығы тіркелді.
2022 –жылға қойылған жұмыс жоспарым:
Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру.