Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес республика бойынша барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындар алдына есеп беру кездесулерi өткiзiледi, оның ең басты мақсаты тұрғындарды ақпараттандыру болып табылады.
Жарлыөзек ауылдық округі бойынша жалпы 3 елді мекен орналасқан. Округ бойынша халық саны 2908 адам, 510 түтін саны, 2 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 257 жеке шаруа қожалықтары бар.
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлері ҚР Әдеп кодексін сақтап, ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет етумен қатар, қызметтің сапасын арттыру мақсатында өздеріне бөлініп берілген міндеттер бойынша қызмет атқаруда. Сонымен қатар 6 мал дәрігері, 1 өлкелік полиция инспекторы, 1 пошта қызметкері жұмыс істейді.
Ауыл тұрғындарының сұранысы бойынша 454 анықтама берілді, 2021 жылы негізгі қызмет бойынша шығарылған өкімдер саны – 55, жеке құрам бойынша –43 өкім, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 15, барлығы қанағаттандырылған. Кіріс және шығыс құжаттары 100% мемлекеттік тілде жүргізіледі, 2021 жыл бойынша келіп түскен кіріс құжаттарының саны-371, шығыс құжаттардың саны- 499. Жеке мәселелері бойынша 33 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды.Округ бойынша 120 тонна арзандатылған жаңар-жағар майға сұраныс берген шаруа қожалықтар толығымен алды.
2021 жылы барлық егістік суармалы жерлер 3164 га тиімді пайлануда, оның ішінде негізгі дақылдар май бұршақ – 1970 га, қант қызылшасы – 407 га, дәнді жүгері 256 га егілді.
Жаздық бидайдан 95 тонна, жазғы арпадан 80 тонна астық жиналды. Май бұршақ дақылдарынан 4885 тонна, қант қызылшасынан 7815 тонна тәтті түбір өнімі жиналып қант зауатына өткізілді. 2022 жылы 320 гектар қант қызылшасы егіледі деп жоспарлап отырмыз.
2021 жылдың санағы бойынша жалпы ірі қара – 3100 бас, жылқы – 2299 бас, қой мен ешкі – 9220 бас, 4650 үй құстары тіркелген. Ауылымыздағы эпизоотиялық жағдай қалыпты.
Қазақстан дамуының басты бағыттарының бірі заманауи әлеуметтік саясат болып табылады, басты мақсаты тұрмыстары төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік-еңбек қатынастарының біріңғай мемлекеттік саясатын іске асыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалау болып табылады.
Жарлыөзек ауылдық округінде экономикалық 1463 белсенді халық бар. Оның ішінде жалдамалы жұмыскерлер – 271, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 559 адам, қосалқы шаруашылығымен айналысатындар саны – 529 адам. 2021 жылы 24 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 45 адам басқа жұмыстарға, қайта даярлауға 12 адам, жастар практикасына 7 адам жіберілді.
Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларына төленетін атаулы әлеуметтік жәрдемақыны алу үшін 7 отбасы құжаттарын өткізіп, 1 млн 947 мың 932 теңгеге көмек алды.
Округ бойынша 10 сауда орны тіркелген, оның 7 дүкен болса, 3-і сауда киосктары. Жалпы округ бойынша дүкендермен негізгі азық-түлік бағаларын тұрақты төмен бағада ұстап тұруға ауыл әкімдігінің бақылауына алынған.
«Амир жоба» жауапкершілігі шектелген серіктеспен 4 млн 053 мың 907 теңгеге 5 көшеге жарық шамдарын орнату үшін жобалау-сметалық құжаттары жасалып, «Сат сараптама» жауапкершілік шектеулі серкітестігімен тексерілді.Жалпы ұзындығы 8022 метр. Жөндеу жұмыстарын «Энергохолдинг LDT» Жауапкершілігі шектелген серіктестігімен жүргізілді. Жалпы құны 50 млн.103 мың 871 теңге 78 тиын.
Мұқаншы ауылында шағын стадион және балалар ойнайтын алаң салынды. Жөндеу жұмыстарын жеке кәсіпкер «Кенженова» жүргізді. Жалпы құны 39 млн. 86 мың 880 теңге. Бозтоған ауылының Жапсарбаев көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орташа жөндеу жұмыстарын «BS BUILD» Жауапкершілігі шектелген серіктестігімен жүргізілді. Жалпы ұзындығы 1,1 км. Жалпы құны 19 млн 936 мың теңге. Бұл жұмыстар Көксу ауданының жолдары бөлімі арқылы жасалынды. Сонымен қатар осы бөліммен 3 көшеге қиыршақ құм төселді. «Көксу Көркем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 1 млн теңгеге Мұқаншы ауылында орналасқан қатты қалдық төгетін орынның тазалау жұмыстары жүргізілді.
2021 жылы округ бойынша барлық салық түрлерінен 7 млн 198 мың 900 теңге салық түсті, олар жер салығы жеке тұлғалардан – 57мың 700теңге, мүлік салығы – 254мың 300 теңге, жеке тұлғалардын көлік салығы – 6млн432 мыңтеңге, заңды тұлғалардан көлік салығы – 186 мың 400 теңге, жеке табыс салығы – 268 мың 500 теңге жиналды.
Қазіргі уақытта мемлекет әрбір адам өзінің шеберлігін байқауға арнаған барлық жағдайлар жасауда. Қолынан іс келетін адамның бос жүруіне, бос отыруына жол бермеуі өте қажет.Сондықтан «Ауылшараушылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша мал басын өсіру, бордақылау мақсатында 2020 жылы округтің 6 азаматы шағын несие жалпы соммасы 10 млн600 мың теңге алса, 2021 жылы 10 азамат 35 млн 750 мың теңге несие алып, өз кәсіптерің дамытуда. Сонымен қатар 1 азамат 580 мың мемлекеттік грант алды.
Көктемгі-күзгі мезгілде санитарлықтазарту, көркейту, көгалдандыру мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен көктемде және күз айларында сенбіліктер өткізеді. Ағымдағы жылы осындай сенбіліктерде ауылымыздың көшелері тазаланып, жабайы күл-қоқыс орындары жойылып, әртүрлі құрамдағы қоқыс шығарылды.Әр сәрсенбі және жұма күндері «Тазалық күндері» болып жарияланып, ауылымыздың тазалық жұмыстары мектеп, балабақша, әкімшілік, дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен 14 шақырым жол бойы тазаланды, 7,5 шақырым арық жүйелері тазаланды, 210 тонна күл-қоқыс шығарылды, 1000 түп көшет ағаштар отырғызылды.
Мұсабек атындағы орта мектептебінің ғимараты 740 балаға арналған, асхана, спорт зал, кабинеттермен заман талабына сай жабдықталған. «Балбөбек» шағын орталығында 20 бала тәрбиеленуде. Мектептен 5 шақырымнан астам шалғайда орналасқан жерден 13 оқушы тасымалданып оқытылады. Мұсабек атындағы орта мектебінде 52 мұғалім білім беруде. 2020-2021 оқу жылын 456 оқушы аяқтады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы – 58,9 % . 11 сыныпты 24 оқушы, оның 4- «Алтын белгі», 2 оқушы үздік аттестатпен аяқтады. Барлығы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысып, тестілеу қорытындысы бойынша білім сапасы 75,2 балл құрады.
Тұрмысы төмен аз қамтылған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке баруын қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» акциясы
ұйымдастырылды.Дәстүрге айналған бұл ізгі шара биылғы жылы акция барысында 16 отбасына 430мың теңгеге қайырымдылық көмегі көрсетілді.
«Балдырған» бөбек-жай балабақшасында 11 тәрбиеші жұмыс жасайды, оның ішінде – 9 жоғары білімді, 2 - арнаулы орта. Балабақшамыз 75 орынға арналған. Олар жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді – 2-3 жас аралығында «Балапан» сәбилер тобы, 3-4 жас аралығында «Айгөлек» орта тобы, 4-5 жас аралығында «Қарлығаш» естиярлар тобы, әр топта 25 бала бар. Қазіргі уақытта короновирус індетінің алдын алу мақсатында балабақша жұмысы уақытша кезекші топтар / топта 15 адамнан артық емес/ жинастырылып, жұмыстарын жалғастыруда.
Денсаулық саласы медициналық қызметтің сапасын арттыруға, азаматтардың, ана мен баланың денсаулықтарының жағдайын жақсартуға, аурулардың санын азайтуға бағытталған.
Округімізде 1 дәрігерлік амбулаторияжұмыс жасайды. Дәрігерлік амбулатория бүгінгі күнге сай, барлық құрал жабдықтармен қамтылған,көлікпен, компьютермен жабдықталған Онда 9 орынды стационар бөлімі, зертханасы бар. Бүгінгі күнге жоғарғы білімді 1 дәрігері және 8 медбике халыққа қызмет көрсетуде. 2021 жылы 7899 емделуші қаралған, оның ішінде үйден ем қабылдаған 816 адам. Сонымен қатар 972 емделушілерге тегін дәрі-дәрмекпен көмек көрсетілді. Босанған әйелдер саны – 43 адам, жүктілікпен есепте тұрған – 39 әйел, флюрографиялық тексерістен 1008 адам өтті, 977 адамға екпелер салынды, 249 адам тұмауға қарсы егілді. 2021 жылы 45 бала дүниеге келіп, 13 адам қайтыс болды. Табиғи өсімі 32 адам. Округ бойынша 1 жедел жәрдем көлігі жұмыс жасайды.
Жалпы вакциналау – жұқпалы ауруларға қарсы ең тиімді қорғаныстың бірі болып танылады.Біздің округ бойынша 1726 адам короновирусқа қарсы екпе алды, оның 238 адам ревакцинациядан өтті. Оның ішінде «Пфайзер» екпесін 72 адам, олардың 36 оқушы, 11 студент, 25 жас аналар.
Жарлыөзек және Бозтоған ауылдарында 2 ашық спорт алаңы, «Ұлан» спорт кешені бар. Ауыл ішінде футбол, волейбол, күрес, тоғызқұмалақ секциялары жұмыс істейді.
Округ бойынша жастар арасында құқық бұзушылық бойынша Көксу ауданының ішкі істер бөлімінде кәмелеттік жасқа толмағандар есепте тұрғандар тіркелмеген. Экстремизм және терроризм бағытында басқа діни ағымға кіріп кеткен жастар жоқ.
Ауылдық округ аумағындағы қоғамдық қауіпсіздік және құқық сақтау тәртібі ауылдық округі әкімінің және полицияның учаскелік инспекторының тұрақты бақылауында. Округте 1 өлкелік полиция қызметкеріне әкімшілік ғимаратынан 1 кабинет беріліп, телефон, автокөлікпен қамтамасыз етілген. Күндізгі және түнгі кезде кезекшілік ұйымдастырылған. 2021 жылы 7 қылмыс тіркеліп, ашылды.
Алдымызда бірлесіп атқаратын жұмыстар жетерлік, 2022 жылы округіміздің бірнеше жұмыстарына жобалау сметалық құжаттары дайындалып, келешекте орындалуы жоспарлануда. Атап айтсақ, олар келесі жобалар:
Балаларға арналған ойын аланың салу.