Меню

Страницы

Статья

Еңбекші ауылдық округі әкімі Алпысбаев Асқар Ахметқалиұлының 2021 жылғы атқарған жұмысы туралы және 2022 жылға арналған міндеттері туралы баяндамасынан үзінді

Азаматтардың  жүгінулері   жөніндегі  жұмыстар: Өткен жылыокруг әкімі    жеке  құрам  бойынша  56 өкім, негізгі   құрам  бойынша  113 өкім, 8 шешім  қабылдады. Жоғарыдан  түскен  273құжат тіркелді, 245 шығыс  құжаттар  жолданды. Округтегі  құжатайналым жұмыстары толық  100  пайыз  мемлекеттік  тілде  жүргізіледі.  Жыл  басынан  50адам  қабылданды, оның  ішінде:   35азаматтың  жазбаша  өтініші тіркеліп, 15 адам  жеке қабылдауда  болды, барлық өтініштерге уақытылы және толық  жауап қайтарылды.

Бүгінгі күнге 14 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, «Сауда-саттықты/ конкурстарды, аукциондарды/ өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»  туралы -9, «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» туралы-3, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2.

Округте 4 елді мекен бар.Халық саны – 3706 адам, Округ тұрғындары арасында:көп балалы аналар саны 150, оның ішінде «Алтын алқа» иегерлері-62,«Күміс алқа» иегерлері- 36.  1-азамат Ауған соғысы ардагері, 7-азамат тыл еңбеккерлері, 428 -қария зейнеткер жасы бойынша зейнетақы алатын болса, 100 адамға I, II, III топтағы мүгедектігіне байланысты зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған.16 жасқа дейінгі мүгедек балалар саны 11, оған бекітілген 1 әлеуметтік қызметкер, жалғыз басты 4 қарт адамға 1 әлеуметтік қызметкер бекітіліп, көмек көрсетуде.Округтегі барлық  елді мекендер толығымен  орталық ауыз су жүйесіне қосылған.

 Округте 3-орта және 1-бастауыш мектеп,1-бала бақша, 1 дәрігерлік амбулатория, 3-ФАП, почта бөлімшесі,  учаскелік полиция пункті жұмыс жасайды.Бәрі заманауи талаптарға сай жабдықталған.

Мемлекетіміздің  дамуының басты бағыттарының бірі заманауи әлеуметтік саясат болып табылады, басты мақсаты тұрмыстары төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету,жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды қадағалау болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауындаАтаулы әлеуметтік көмек алу жүйесін ашық, әділ және ең бастысы еңбекке жұмылдыруға ықпал ететін жүйеде құруды тапсырған болатын.

«Атаулы әлеуметтік көмек» аз қамтылған және көп балалы отбасыларымен жұмыс атқаратын арнайы комиссия құрылып, 4  рет комиссия отырысы өткізілді. Нәтижесінде   19  жанұя ниет білдіріп, қазіргі уақытта  5 жанұя жағдайының жақсаруына байланысты тоқтатылып, қалған  5 жанұя АӘК алуда. 19 отбасына,  жанұя құрамы 128 адамға, 5 млн 487 мың 660 тенге  көмек берілді.

Жыл басынан «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдаламасы аясында округте    бірінші  бағыт бойынша қайта даярлау  курсына жоспар 9 адам болса, ниет білдіріп оқып шыққандар -8. Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 азамат шағын несие алып,  мал басын көбейтуге ниет білдірді, несие соммасы 8 млн. 500 мың теңгені құрады. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алған 4 азамат, оның ішінде: 2-мал басын көбейту мақсатында, 1-аспаздық ашу мақсатында /2, 333, 200 теңге/. Алынған несиелер мақсатты түрде округ әкімінің қадағалауында. Үшінші  бағыт бойынша жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 6 адам, жастар практикасына жоспар 3 адам болса, 6 адам қабылданды, 1-жас маман жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмысқа жоспар 60 адам болса, 79 адам жұмысқа тартылды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Қайырымды істер марафоны жалпы ұлттық жобасы аясында біздің ауылымыздың тұрғындарыда қалған емес.Округ бойынша маусым айынан бастап көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында 17 оқушыға 190,000 теңгеге киім және оқу құралдары алынды. 1 оқушыға 10,000 теңгеге аяқ қиім алынды. 3 оқушыға 22,000 ақшадай көмек көрсетілді.  15 оқушыға 91,000 теңгеге мектеп стиліне сай киім /школьная форма/ алынды. 1 оқушыға 15,000 теңгеге куртка алынды, 2 жетім балаға – 100,000 теңге ақшадай және 5000 теңгеге оқу құралдары берілді. 1 оқушыға  30,000 теңгеге киім. Жалпы 463 мың теңгеге көмек көрсетілді. (маусым -қыркүйек айлары аралығында).

Округ бойынша барлығы  3140 гектар егістік жер алқабы бар оның ішінде 3140 гектары суармалы егістік жер алқабы. Жалпы округ бойынша жайылым жер 2615 гектар  оның ішінде 1400 гектары елді мекеннің жері. Округте игерілмей жатқан жерлер жоқ, қазіргі уақытта ауылшаруашылық жерлері толық игерілуде.

Округ бойынша  2021 жылы 133  гектар жер теліміне қант қылшасы себілді. Көктемгі ауа райының қолайсыздығына байланысты 92 гектар қант қызылшасы шықпай қалды. 41 гектар қант қызылшасы жиналып 645 тонна қант қылшасы қант зауытына өткізілді.

  2022 жылға сүдігер бойынша жоспар  650 гектар,  жыртылғаны 650 гектар, оның ішінде тереңі 48 гектар. Орындалғаны 70,0  пайыз

Көп жылдық шөп барлығы 420 гектар, 3-ші шабу жұмыстары толығымен аяқталып және қыс маусымына мал азығы ретінде сабан тағы басқа азық түрлері қажетті мөлшерде жиналды. Барлығы 3120 тонна шөп дайындалды.

Майбұршақ, дәндік жүгері, көкөніс және тағы басқа дақылдардың толығымен жинау жұмыстары аяқталды.

Округ бойынша  5 шаруа қожалығы жеңілдетілген бағамен 23 тн дизель отын алды. 700 га жерге – 175 тн минералды тыңайтқыш, 1050 га жерге арам шөптерге қарсы 670 литр гербицид алынды.

КазСушар мекемесімен 2767 га жерге 235 шқ  келісім- шартқа отырып, жалпы суммасы 12 млн 731 мың тг толығымен төледі(100%).

Округ бойынша  Көк-мойын  ұзындығы 5,2 км, Жар-тоған  3,5 км, Бел-арық  2,8 км  арық тоған тазалау жұмыстары биылғы жылы толығымен тазартылып шаруашылықтарды қажетті сумен толықтай қамтыды. Биылғы жылы егістік алқаптарын тиымді пайдалану мақсатында округте орналасқан барлығы 11,5 шақырым құрайтын дренаж арықтары тазарту жұмыстары жүргізілді, қосымша  Бесқайнар ауылында Хамит поле учаскесінде 3,2 шақырым дренаж каналы қазылды. Цифровизация бойынша электронды картаға жайылым жердің 87 %, суғармалы жердің 100% енгізілді.Игерілмей жатқан жайылым жерлер бойынша Көксу ауданының жер қатынастар бөлімінен 33 шаруа қожалықтың тізімі берілді. Оның ішінде: 7ш.қ. түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мал басы саны бойынша, МІҚ малы – 3800 бас, ҰММ малы -8100 бас, Жылқы -1150 бас, құс – 5400 бас.

Ветеринария пунктінде 4 мал дәрігері, сонымен қатар ҰММ қолдан ұрықтандыру үшін-1 пункт жұмыс жасауда. Округтің бюджеттік бағдарлама шегінде ауыл шаруашылығы жануарлардың аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 12 түрлі ауруға қарсы егу және диагностикалық іс-шаралар жоспары уақытылы жүргізілуде. 

Мал ұрлығының  алдын алу мақсатында  үш жақты (бақташы – мал иесі – әкімшілік) келісім шарт жасалып, 3 шаруа қожалығы  және 3 елді мекеннің бақташылары  келісім шартқа отырды.

Мал шаруашылығымен айналысатын 3 шаруа қожалығында – 2 қыстау орналасқан. 3200 тн қысқы мал азық қоры толығымен жиналып (орындалу пайызы 100%), 500 тн мал азығы қыстауға жеткізілді.

Әлеуметтік саланың маңызды салаларының бірі денсаулық сақтау болып табылады.Бұл сала медициналық қызметтің сапасын арттыруға, азаматтардың, ана мен баланың денсаулықтарының жағдайын жақсартуға, аурулардың санын азайтуға бағытталған. Емдеу мекемелері заманауи құрал-жабдықтармен, қажетті емдік құралдармен жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияда тұрғындарға дер кезінде дәрігерлік қызмет көрсету үшін, емхана негізінде 5 орындық күндізгі стационарлық бөлімше жұмыс жасайды.Онда 137  адам ем қабылдады. Бір жасқа дейінгі бала өлімі жоқ 1215 адам флюрографиялық тексеруден өтті. Жыл басынан 99 - бала дүниеге келсе, өкінішке орай 29 адам - қайтыс болған, табиғи өсім – 70 адам.

Округ бойынша 3 - орта, 1- бастауыш мектеп және 1-балабақша, 4 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс жасайды, онда 150 адам еңбек етеді, олардың ішінде - 91 мұғалім, оның ішінде 91 жоғары білімді. Оқушылар саны – 505, балабақшада – 45 бүлдіршін, шағын орталықтарда 81 бүлдіршін тәрбиеленуде. 3 мектепте асхана және 1 мектепте буфет жұмыс істейді. ЖББ (жалпыға бірдей білім беру) қорынан – 78 бала, кәсіпкер қорынан  - 46 бала тегін тамақтанады. Барлық мектептер интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген және барлық мектептерде компьютерлер интернетке қосылған. ҰБТ қорытындысы бойынша: 11-сынып бітірген оқушы саны 25, оның ішінде 25 - оқушы ҰБТ-ға  қатысты.

Бүгінгі таңда тұрғын үй құрылысын салу үшін жалпы 75 адам кезекте тұр. Осыған орай  тұрғын үй салуға жер телімін беру үшін инфрақұрылым жүргізу қажет. Себебі жылдан жылға кезек саны өсуде.

Көктемгі әскери қызметке округтен барлығы 64 азамат шақырылып, әскерге  адам жіберілмеді. Күзгі әскери қызметке округтен барлығы 93 азамат шақырылып, әскерге 5 адам жіберілді.

Еңбекші ауылдық округіне қарасты мекемелердің алаңдарына5 түп аққайын, 31 түп қарағай, 12 түп туя ағаштары отырғызылды. 100 түп раушангүл отырғызылды.

Округте 21 (жиырма бір) жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде 7 кәсіпкер азық-түлік тауарларын сатумен айналысады, 1 дәріхана, 1-шаштараз, 1-жылыжай жұмыс жасайды. 2021 жылы 1-жем турайтын цех, 1-дәнді дақылдар сақтайтын қойма ашылды.

Төртінші бюджет жоспары 8 млн 343 мың теңге, орындалғаны 11 млн 042 мың 500 теңге, орындалғаны 100% Оның ішінде жер салығы жоспар 304 мың 955 теңге, орындалғаны 100%. Мүлік салығы жоспар 26 мың 411 теңге, орындалғаны  100%. Заңды тұлғалардан көлік салығы  жоспар 177 мың теңге,орындалғаны 100 %. Жеке тұлғалардан көлік салығы жоспар 7 млн 743 мың теңге, орындалғаны 6 млн 843 мың  теңге орындалғаны 88 %. Бүгінгі күні берешек 900 мың теңге құрайды.

Келесі 2022 жылға жоспарланған жұмыстар:

2022 жылы ауылшаруашылық мәселесі бойынша: Округте суармалы егістік алқабының  аздығын ескере келе қант қызылшасының көлемін көбейту қиындықтар туғызуда. Атап айтсақ барлығы 2740 га, соңғы үш жылды зерделеу барысында 250-300 га көлемде  қант қызылшасы егілген.

Елді мекен жерлер мәселесі бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін  инфрақұрылым жүргізу қажет. Бүгінгі таңда  75 азамат жер телімін алу үшін кезекте тұр.

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша  Ірі қара малды бордақылау алаңын ашу бойынша  тұрғындармен жұмыс жүргізу.

Дата публикации
20 февраля 2022
Дата обновления
20 февраля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы