Меню

Страницы

Статья

Көксу ауданы әкімі А. Әділдің 2021 жылы атқарған жұмыстары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы халық алдындағы есепті баяндамасынан үзінді

Дәстүрге айналған әр деңгейдегі әкімдердің халық алдындағы есебі халық пен мемлекеттік органдардың мақсатын біріктіріп, атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырғаны бәрімізге мәлім.

Жыл басынан жеке және заңды тұлғалардан 806 өтініш түсті. Өтініштердің 278-і қанағаттандырылса, 528-не түсініктеме берілді. Олардың көтерген мәселелері әлеуметтік төлемдер, жер мәселесі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, архитектура, жол сапасы және ауыл шаруашылығына қатысты.

Келіп түскен өтініштердің барлығына заңмен белгіленген мерзімде жауап берілді.

Ауданның 238 тұрғыны жеке қабылданды. Олардың көтерген сұрақтарының 55-і қанағаттандырылды, 183-не түсініктеме берілді. Барлық сын ескертпелер мен проблемалы мәселелер тұрақты бақылауға алынып, тиісті шаралар қабылданды.

Тұрғындармен үнемі қарым қатынас жасау үшін аудан әкімінің электронды сайты арқылы байланыс орнатылған. Жыл басынан аудан әкімінің жеке блогына 5 өтініш түсіп, жауаптары берілді.

Сонымен қатар «Инстаграмм» мен «Фейсбук» және «В контакте» интернет желілерінде көтерілген сын ескертпелерге тиісті көңіл бөлінді.

Былтырғы кездесулерде көтерілген мәселердің барлығы назарадан тыс қалмай орындалуы бақылауға алынды.

Құрметті аудан тұрғындары !

Агроөнеркәсіп саласында біршама жұмыстар атқарылды.

Ауыл шаруашылығында 2021 жылы 32 млрд.  309 млн.теңгенің өнімі өндірілді. Нақты индекс көлемі 102,7 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы жердің көлемі – 507 мың гектар, оның ішінде: суармалы егістік жер – 17,5 мың гектар, тәлімді егістік - 10,8 мың гектар, жайлымдық жер – 473,3 мың гектар, шабындық жер – 5,4 мың гектар.

Егін шаруашылығында егіс алқабының көлемі 31710 гектарды құрады. Оның ішінде: 11221 гектар дәнді дақылдан 33,1 мың тонна астық жиналды. Гектар өнімділігі 29,5 центнер құрады.

Қант қызыдшаны 81 шаруашылық  2039 гектарға сеуіп, 72,4 мың тонна  өнім алды, гектар өнімділігі 355 центнерді құрады.

10395 гектарға себілген майлы дақылдан 25,7 мың тонна өнім алынды. Басқа да дақылдар көлемі 8055 гектарды құрады.

Сондай-ақ 23,2 мың тонна картоп (1151 га), 29,2 мың тонна көкөніс (885 га), 2,9 мың тонна бақша дақылдары (140 га), 1,5 мың тонна жеміс жидек жиналды. (234 га)

Мал азығы бойынша 144 мың тонна шөп, 25 мың тонна пішендеме, 22 мың тонна сабан, 27 мың тонна  сүрлем және 20 мың тонна жемге арналған астық дайындалды.

Суды үнемдеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының, өнімділігін арттыру мақсатында «Қыдырғали» ШҚ 23 га тамшылатып суару жүйесін орнатты, ағымдағы жылы жүйе тестілік режимде жұмыс істеді және жақсы нәтижелер көрсетті. Инвестиция сомасы 15 млн. теңгені құрады. Су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына 365,5 млн. теңге көлемінде  субсидия төленді.

Мал шаруашылығының барлық  түрлерінде біраз табыстарға жеткендегі байқалады.  2020 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара малдың саны 1296 басқа, жылқы 1869  басқа артты. Сондай-ақ ет 478 тоннаға, сүт 2419 тоннаға артық өндірілді.

2021 жылы инвестиция құны 580 млн. теңгені құрайтын 2150 бас ірі қараға арналған 3 бордақылау алаңы пайдалануға берілді, 32 жұмыс орны ашылды.

Мал шаруашылығының әлеуетін көтеру мақсатында Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағытында 2021 жылы мемлекет тарапынан 225 млн. теңге субсидия төленді.

362 млн. теңгеге 34 дана жаңа ауыл шаруашылығы техника сатып алынды. 

Ветеринария қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге, аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу профилактикалық және диагностикалық жұмыстар жоспарға сәйкес толық жүргізілді.

Аудан аумағында жеке ауласын ұстау бойынша халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жалпы 7546 га жайылымдық алқабы резервке алынды.

Қазіргі таңда, резервке қойылған алқабтарды елді мекендерге бекітіп, елді мекеннің ортақ пайдаланымдағы жерлерінің шекарасын кеңейтуге жерге орналастыру жүргізу үшін бюджеттен 7,8 млн теңге қаражат бөлініп, жұмыстар жалғастырылады.

Өнеркәсіп саласында 1 ірі, («Көксу қант зауыты» ЖШС-гі)  3 орта кәсіпорын («Строитель» ЖШС,  «Уыз Май Industry» ЖШС-гі «Коксу РЭС») және 10 шағын кәсіпорын жұмыс жасайды.  

Ауданымыздың негізгі өндеу кәсіпорыны Көксу қант зауыты қант қамысын өңдеуді бастады, бұл зауытқа жыл бойы өнім шығаруға мүмкіндік береді және шығарылатын өнімнің ұлғаюына септігін тигізді.

Көксу қант зауты 2021 жылы 12 млрд. 741 млн. теңгеге өнім өндіріп 46,3 мың тонна қант, 824 тонна меласса өндеді.

Майбұршақ өндейтін «Уыз Май Industry» ЖШС-гі 2021 жылы 7 млрд. 886 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 1,1 мың тонна майбұршақ майын, 15,3 тонна майбұршақ шроты, 6,8 тонна толық майлы май бұршақ өнімдерін шағарды.

750 млн.теңгені құрайтын соя зауытын реконструкциялау жұмыстары аяқталу сатысында. Жаңа 20 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Строитель» ЖШС-гі 2021 жылы 988 млн. теңгеге өнім өндіріп 30,9 мың тонна керамзит, 8 мың тонна кірпіш және 7,1 мың тонна блоктар шығарды.

Жалпы 2021 жылы өнеркәсіпте 27 млрд. 487 млн. теңгенің өнімі өндіріліді.  

Іс-әрекеттегі шағын және орта кәсіпкерліктегі тұлғалардың саны 3734 бірлікті құрады. Осы салада 5969 адам жұмыс жасайды, бұл экономикалық белсенді халық санынан – 27,9 %-ды құрайды.  

Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірген өнім және көрсетілген қызмет көлемі 23 млрд. 498 млн.теңгегені құрады.

Бюджетке  581 млн. теңге салықтық түсімдер  түсті, бұл өз кезеңінде  жергілікті бюджетке түскен түсімдердің 27,9 %-ын құрады.

Бөлшек сауда айналымының көлемі сәйкес мерзімде 5 млрд. 708 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші 100%-ға  орындалды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты - шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша ауданымызда жалпы сомасы 459 млн. теңгеге 53 жоба іске асырылды, оның ішінде 29  жоба пайыздық мөлшерін субсидиялау, 21 жоба ішінара кепілдік беру бойынша және  иновациялық жобаларды іске асыруға 3 грант берілді.

«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жалпы сомасы 3 млрд. 751 млн. теңгеге  17 жоба мақұлданды.  

2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаласы» бойынша 150 үміткер тиесілі квалификация бойынша оқытылды.

65 адамға, 239,1 млн.теңге шағын несие  берілді, 70 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 40,8 млн. теңге мемлекеттік грант беріліп, олар өз істерін ашты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд. 338 млн. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші 62,4%-ға  орындалды. 12949 шаршы метр тұрғын үй салынды.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Балпық би ауылында 60 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің  құрылыстары аяқталды.          

Оның сыртында Балпық би ауылының жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар 60 пәтерлі жаргерлік тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалып сараптамадан өтті, 20 пәтерлі жаргерлік  тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ дайындалуда.

Жеке қаражат есебінен «BARS  TECHNOLODGIES» ЖШС-гі инвестициялық құны 160 млн.тенгені құрайтын 20 пәтерлі тұрғын үйді қолданысқа берді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында Балпық би ауылын газдандыру жұмыстары жалғастырылып, бүгінгі күнге 1156 абонент табиғи газ жүйесіне қосылды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы аяқталуда.

Сондай-ақ, 2021 жылы 3 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуде және Мұсабек ауылының газ тарату желілерінің құрылысына 2022 жылға 100 млн. теңге бөлініді. Сонымен қатар 14 елді мекенді газдандыру бойынша жобалау жұмыстары басталып кетті.

Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және қалыпта ұстау мақсатында 2021 жылы 569 млн. теңгеге 10 ауылдық елді мекенде жолдардың орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Соңғы 5 жылда ауданның елді мекендерінің 121,8 км жолдары 2 млрд. 322 млн. теңгеге орташа емесе күрделі жөндеуден өтті.

Қазіргі уақытта жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың 87,0% пайызды құрады.

Аудан экономикасына 4 млрд. 920 млн. теңге  инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 62,9 пайызға орындалды. Инвестиция құрамында бюджеттік инвестициялар 49,3 %-ды құраса, 50,3 %-ды жеке қаражаты есебінен тартылды.

Салық және басқа да бюджетке түсетін міндетті төлемдерді жинау болжамы 105,4 пайызға орындалып, 3223 млн.теңгенің орнына  3398 млн. теңге түсті. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 569 млн. теңгеге немесе 20 пайызға артық.

2021 жылдың қорытындысы бойынша аудан бюджетінің шығыс бөлігі 99,4 % -ға игерілді. Қаржыландыру жоспарындағы 7 млрд. 111 млн теңгенің нақты жұмсалғаны  7 млрд. 65 млн. теңге.

Әлеуметтік салада Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламаласымен  2526 адам қамтылып, оның 1337-і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 639 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды.

Білім беру саласында Аудандағы 25 мектептің барлығы кең жолақты интернетке қосылып, электронды журнал және күнделік жүйесі енгізілген. Bilimland.kz платформасының «Онлайн Мектеп» контентіне ауданның барлық мектептері қосылған. 7 орта мектепте ІТ сыныптар орнатылса, 1 мектепте робототехника кабинеті жұмыс істейді. Компьютерлік техниканың 3200 комплектісі бар, 1 компьютерге шаққандағы оқушылар саны  2,3. Апатты, үш ауысымды мектептер  жоқ.

2021-2022 оқу жылында оқушылар саны – 7698, мұғалімдер – 1056, оқулықтармен қамтамасыз ету – 100%.

10 жылдық Қазақстан және Бесқайнар ауылдырында 120 орындық екі мектептің құрылыстары 2021 жылы басталып, аяқталуы 2022 жылға жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Қ.Жалайыри атындағы орта мектеп-гимназиясының бассейнін және Т.Исабаев атындағы орта мектептің жылыту қазандығын орталықтандырылған газ жүйесіне қосуға бюджет есебінен 121,9 млн.теңге қарастырылды.

Мұсабек, Айнабұлақ ауылындарында орналасқан орта мектептердің стадиондарын абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін 90,1 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі таңда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды  мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 98,8 пайызды    құрайды.

Аудандық аурухананың барлық мекемелері интернет желісіне қосылған, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды. Цифрландыру электронды құжат айналымы және пациенттерге қашықтықтан кеңес беру түріде енгізілді. Аудан тұрғындарының барлығында пациенттердің электронды картасы бар.

 «Денсаулық» бағдарламасы бойынша скринингтік зерттеумен 18 мыңнан аса адам қамтылды. Халықтың нысаналы топтары туберкулез ауруын алдын алу мақсатында тексерумен 31 мыңнан аса  адам қамтылды.

Есепті кезеңде 976 нәресте дүниеге келді, 363 жағдай адам өлімі тіркелген.

2022 жылы Ақшатоған және Еңбекшіқазақ ауылдарында күніне 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыстарына облыс бюджет арқылы 292,3 млн. теңге бөлінді.

Ауданда дене шынықтыру және спортпен айналысатын   12,7 мың адам немесе 30,2 пайызды құрайды. Жалпы 138 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде спорт мектебі, 840 орындық орталық стадион, 180 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Соңгы 5 жылда елді мекендерде 12 спорт алаңдары қолданысқа берілді

Қоғамдық тәртіп аудан бойынша қылмыскерлік 2020 жылмен салыстырғанда 100 жағдайға төмендегені байқалады  

Қылмыстардың ашылу деңгейі 89 пайызды құрады.  

Бөтеннің мүлкін ұрлау – 48, тонау – 4, бұзақылық – 3, есірткі қылмысы – 2 фактіге қысқарған.

34 елді мекеннің 11-і кабельді интернет желісімен, 3G немесе 4G мобильды интернетпен 34 елді мекеннің 20-сы қамтылған.

Бүгінгі күні аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылуда:

- Лабасы ауылдық округінің Талапты ауылына интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында оптикалық кабельды тарту жұмыстары «Алматытелеком» аумақтық телекоммуникациялар дирекциясының  Көксу аудандық филилалымен жүргізілуде;

- Жамбыл ауылына "Капитал компаниясы" ЖШС-гі интернет вышкасын орнатады. Кәзіргі таңда жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

- Қаблиса ауылдық округінің Ақтекше ауылына мобильды «Beeline» операторынің 3G интернет желісін орнату мақсатында «Кар-Тел» ЖШС-мен құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Аталған жабдықтарға арналған жер учаскесі Ақтекше ауылында бөлініп, құжаттары толығымен заңдастырылған.

- Жарлыөзек ауылдық округінің әкімдігі тарапынан жергілікті кәсіпкер Әдетпеков Айдын Шәкәрімұлы өз қаражаты есебінен Жарлыөзек ауылына Билайн базалық станция бағанасы өз қаражатынан 2,5 миллион тенгеге орнатты.

«Транстелеком» АҚ-мы 2021 жылдың мамыр айынан бастап Көксу ауданының 12 елді-мекенінде (Көксу бекеті, Қызылтоған, Ақшатоған, Бесқайнар, З.Тамшыбай, Бозтоған, Жарлыөзек, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талапты, Мәмбет, Мұсабек) интернет желілерін тарту жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сонымен қатар, Көксу ауданының округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, интернет желілерін қосу үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Дата публикации
20 февраля 2022
Дата обновления
20 февраля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы