Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес жыл басында әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру жиындары өткізілуде.
Балпық ауылдық округіне қарасты 3 елді мекен бар. Балпық би ауылы, Ақшатоған және Теректі ауылдары. Балпық би ауылы облыс орталығынан 19 км. қашықтықта орналасқан. Жалпы халық саны – 15430 адам, яғни аула саны 4787 үйді құрап отыр.Округте барлығы: 98-дүкен, 5-мейрамхана, 25-кафе мен асхана, 1-тұшпара цехы, 1-шұжық цехы, 3-наубайхана, 7-ТЖО, 4-автокөлік дөңгелектерін жөндейтін орталық қызмет көрсетіп отыр.
Округте 2021 жыл басынан негізгі қызмет бойынша 483– өкім, жеке құрам бойынша– 63 өкім, 6 – шешім, жеке және заңды тұлғалардан 161 жазбаша өтініш және жеке және заңды тұлғалардан түскен ауызша-28 өтініш тіркелген. Мемлекеттік қызмет көрсету /жерге кезек, өзіндік қосалқы шаруашылық, нысаналы мақсатын өзгерту/ бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш – 118. Кіріс құжаттары -573, шығыс құжаттары -693, анықтама- 160 берілді. Барлық құжаттар көрсетілген мерзімге сәйкес, уақытылы жауаптары берілді.
Әлеуметтік сала бойыншаауыл көлемінде жыл басынан жоспар бойынша 155 адам жұмыс сұрап тіркелген барлығы 241 азамат жұмысқа орналастырылды. Уақытша ақылы қоғамдық жұмысқа округке 42, мекемелерге 77 жұмыссыз азамат қабылданып, оның ішінде: аумақты көгалдандыру, көркейту, тазалық жүргізу, және т.б. бағыттарда 31 адам және 11 адам карантин кезеңінде санитарлық нормаларды сақтау бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан 97 жұмыссыз азаматқа кәсіптік оқуға жолдамалар беріліп, нақты 97 азамат(ша) оқуды тамамдады,жұмысқа орналастырылған 90. Жастар практикасына жоспар бойынша 13 жас, нақты орындалғаны 28 жас жұмылдырылды.
Округте тұрмыс деңгейі төмен, аз қамтылған отбасыларымен жұмыс атқаратын арнайы комиссия құрылып, 18 рет комиссия отырысы өткізілді. Нәтижесінде тұрмысы төмен 129 өтініш берді, оның ішінде 666 алушыға, жалпы бөлінген қаражат 406 млн. 521 мың теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Сонымен қатар округте ана жеті және одан көп бала туған және тәрбиелеп өсіргені үшін 3 “Алтын алқамен” және8 «Күміс алқамен» наградталды. Округте арнай тұрғын үйге кезегінде тұрған 8 санаттағы, 57 отбасына /көпбалалы, таза жетім, Алтын, Күміс алқа иегерлерінемүгелек азамат/ша/ ға, зейнеткерлермен жалғыз басты аналарға/ өз кезегімен тұрғын үй берілді.
Ауылдың негізгі қызмет түрі ауылшарушылықты көркейту ауылдың басты мақсаты болып табылады. Балпық ауылдық округінде 203 шаруа қожалығы бар, оның ішінде мал шаруашылығымен 10 - шаруа қожалығы айналысса, қалған қожалықтар жем-шөп дайындау мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және дәнді дақылдармен тәтті түбір егумен айналысады.
Ауыл көлемінде 27528,27 га жер бар. Оның ішінде 4976 га егістік жер, 3479 га суармалы, 750 га шабындық, жайылымдық 13650 га.Ауылшаруашылық бойынша 2021 жылы атқарылған жұмыстар: 24 шаруа қожалығы 565 га жерге қант қызылшасын егіп, қант зауытына 24000 тонна қант қызылшасын өткізді. Орташа өнімі – 406 центнерді құрады. Дәнді дақылдарға тоқтала кетсек 2021 жылы 1418гектар жерден, оның ішінде: 837га күздік бидай, орташа өнімі 15,5ц/га жалпы түсімі 1297 тонна . 1724 га майлы бұршақ шабылып, өнімділігі 27 центнерді құрап, жалпы түсімі 4654,8 тонна жиналды.
2021 жылға қант қызылшасын егу жұмыстары бойынша 650 га сүдігер жыртылды, оның ішінде 450га терең сүдігер. 2021 жылдың 1 қантар айына мүйізді ірі қара малдың саны 6510 бас, ұсак мал-3003 бас, жылқы – 814, және құс саны – 50650 бас құрады. Округ бойынша 1 – ауылшаруашылық кооперативі құрылған, кооператив 3 мүшеден тұрады. Кооперативтің негізгі жұмыс істеу бағыты жүн, тері өндеу болып табылады. 2021 жыл басынан Балпық ауылдық округі бойынша 522бас қанғыбас ит ауланды.
Әлеуметтік саланың маңызды салаларының бірі денсаулық сақтау болып табылады, медециналық қызметтің сапасын арттыруға, азаматтардың, ана мен баланың денсаулықтарының жағдайын жақсартуға бағытталған. Округ бойынша күніне 250 адам қабылдайтын емхана, 125 орындық орталық ауруханада 72 дәрігер, барлығы 277 ақ халатты абзал жандар халыққа медициналық қызмет көрсетіп келеді.
COVID-19 алдын алу мақсатында,Балпық ауылдық округінің қызметкерлерімен арнайы құрылған мобильдік топтың құрамы округтегі азық – түлік дүкендерің, дәріханаларды, сауда орталықтарын,сән – салондары, фотасалондарды т.б. мекемелердің бағаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету және пошта, 2 – ші санаттағы банкке келушілерге 2 метр ара қашытықты сақтау жөнінде және сатушыларға карантиндік режимде санитарлық талаптарды сақтау керектігі туралы күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.Сонымен қатар халыққа той, еске алу, құдалық, туған күн жиындарын өткізуге болмайтыны туралы ескертулер айтылып, күнделікті, демалыс күндері де логдаун режимін сақтау тәртібін түсіндіріп, қадағалауда. Сондай-ақкарантин уақытында демеушілердің қолдауымен Балпық ауылдық округіндегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғызбасты аналарға, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға барлығы 402 отбасына көмек көрсетілді. «Біз-біргеміз» акциясы аясында ауыл тұрғындарына маскалар таратылды. Іс-шараға демеушілік қаражат есебінен3 139 940тг жұмсалды. «Вакцина салда – сыйлық ал» акциясын ұйымдастырып COVID -19 қарсы вакцинациялау жұмыстарын жүргізілді. Балпық ауылының орталығында адам көп шоғырланатын жерлерде COVID -19 қарсы халыққа маска таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Округте 1 – «Қ.Жалайыри атындағы қазақ орта мектеп гимназиясы», 5 - орта мектеп, 4 -балабақша, 1-музыка мектебі, 1 балалар жасөспірімдер спорт мектебі бар. Мектептерде 355 мұғалім еңбек етіп, 3459 оқушы білім алуда. Балабақшаларда 220 тәрбиеші қызмет етуде, 760 - бала тәрбиеленуде. Барлық балабақшаларда балалардың келуі жақсы, тамақтары ас мәзірі бойынша беріледі, балабақшалардың жылуы 20 градустан төмен емес.Әскери шақырту бойыншаокругте 2021 жылы 33 бала әскер қатарына алынып, өз борыштарын өтеп жатыр.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында 3-өлкелік полиция қызметкері қызмет етеді. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыру мақсатында округ бойынша қылмыстың алдын-алу, болдырмау жөнінде түнгі кезекшілік ұйымдастырылып жұмыстар атқарылуда.
Округ бойынша арнайы қоқыс төгетін орынға 5085 тонна күл-қоқыс шығарылып төгілді, атап айтқанда Балпық ауылдық окргіне қарасты ТОО «Көксу көркем» мекемесі 2395 тн. ТОО «Көксу қант зауоты» 1550 тонна, ТОО Уыз Май Industry» зауоты 420 тонна «Премиум Строй» мекемесі күл-қоқыс шағарды, тазалық жұмысы үнемі аудан әкімінің жеке бақлауында тұрғандықтан Алматы - Өскемен тас жолы бойында тазалықты (учаске бойынша) сақтау, күнделікті жүргізілуде. Күл-қоқысты кез келген жерге төгу фактілері бойынша аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесіп заңға сәйкес айыппұл саланатын жөнінде, уақытылы тиісті жұмыстар жүргізіліп отырады. ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы 1 - бөлігі бойынша яғни елді мекендердің, аумақтардың көріктендіру ережесін бұзғаны үшін 239 әкімшілік хаттама толтырылып, ескертпе жасалынды. Балпық би ауылы бойынша «Премиум Строй 2021» ЖШС қоқыс тасмалдаушы компаниясы 2021 жылдың мамыр айының 1-ші күнінен бастап жұмыс атқаруда. 830 тұрғын үй келісім шартқа отырған. Бағасы бір тұрғын үйге 1200 тг. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына теңестірілген, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналар, жетімдер, жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар, 1-2-3 топ мүгедектерге тағы 50% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
Балпық би ауылының ішкі газбен қамту жүйесі бойынша орта қысымды19,052 шақырым және төменгі қысымды 94,321 шақырым газ құбыры тартылды. Жалпы Балпық би ауылы бойынша 3 354 абонент қосылу жоспарлануда, Бүгінгі күні 3500 ауланың алдынан газ құбырлары өтіп, 1252 келісім-шарт жасалып, оның бүгінгі күні 1156 қосылды. Балпық би ауылы бойынша 60 көше газ жүйесіне қосылды. Газ жүйесінің ұзындығы 113,373 км, газ тұтыну көлемі жылына 21 млн/м³ құрайтын болады.Балпық би ауылының газ құбырлары жүргізілген көшелердің тұрғындарына газға қосылу мүмкіншілігі, үнемділігі және жеңілдіктері туралы толық түсіндіру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына теңестірілген, Алтын алқа, Күміс алқа иегерлері, көп балалы аналар, жетімдер, жанұясында мүгедек бала асыраушы отбасылар, 1-2-3 топ мүгедектерге тағы 20% - 30% аралығында жеңілдіктер қарастырылған.
Балпық би ауылында орналасқан «Көксу жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен орталықтандырылған жылыту қазандығына барлығы 903 абонент қосылған. Оның ішінде: жеке тұлғалар тарапынан көп пәтерлі тұрғын үйлер 812 пәтер және жекеменшік 56 тұрғын үй қосылған, заңды тұлғалар 35-дана ғимарат орталықтандырылған жылыту қазандығына қосылған.
Халықты қатты отынмен қамтамасыз ету мақсатында көмір сататын қоймалардың жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. Орташа есеппен есептегенде қатты отынның бағасы бүгінгі күнге Шұбаркөл 15 000, Семей 15000 теңгеден сатылып жатыр, жалпы алғанда бүгінгі таңға 7 мың тонна қатты отын сатылды, округ бойынша4 көмір сататын қоймаларда көмір бар.
Өнеркәсіп және инвестиция бойынша:Шағын және орта бизнес үлкен әлеуметтік рөлді орындап қана қоймайды, сонымен қатар тұрғындардың басым көпшілігінің экономикалық белсенділігін қолдай отырып, жұмыспен қамту мәселелерін шешіп, бюджетке салықтың түсуін қамтамасыз етеді. Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында әр түрлі бағытта, дамыту барысында округте 24 азамат (ша) несие алды.Бизнес идея грант алғандар 32. Жалпы округте 1181 жеке кәсіпкерлер әр түрлі бағытта жұмыстар атқаруда.
Рухани жаңғыру бағдарламасы: Округте “Тәуелсіздікке 30 жыл” мерекесіне орай іс –шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Округте түрлі деңгейде іс-шаралар өтті, дөңгелек үстелдер, онлайн түрде конференциялар, zoom-бағдарламалары бойынша кездесулер өткізілді.
2021 жылы Балпық ауылдық округінде жалпы коммуналдық сала бойынша «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көшелердің жарық жүйесіне, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру бағдарламасы бойынша жұмыстар басты назарда.
«Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы аясында Балпық ауылдық округінің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қосымша жол жүру қауіпсіздігін арттыру мақсатында аудан аумағында 58 дана жол белгілері және орталық аудандық аурухана, музыка мектебінің алдына жылдамдықты тежеуіш құрылғылары (искусственная неровность) орнатылды.
Балпық ауылдық округі бойынша уақытша 2-автобус жол бағдарымы жүруде, олар Балпық би ауылы ішінде №01 маршрут ЖК «Изосимов» және Балпық би – Теректі ауылдары арасында №02 маршрут ЖК «Гулиев» қызмет көрсетуде.Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы 2021 жылы Балпық би ауылына 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйлердің құрлыс –монтаж жұмыстары жүргізілді, 2022 жылы қолданысқа берілді деп жоспарлануда. Сонымен қатар 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің жұмысы толығымен аяқталып, қолданысқа берілді.
Алға қойылған мақсатпен мідеттер:
9 Балпық ауылдық округіндегі көше жарықтарының электр қуатының жұмыстарын жақсарту
10 Заңсыз қоқыс тастау орындарын жою жұмыстарына контейнерлік алаңдардың дезинфекциялық жұмыстарын, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондардың дезинфекциясы және дератизация жұмыстарын бақылаға алып жұжандандыру
11 Қоқыс контейнерлерін орнату, контейнерлік алаңдарды қоршау бойынша жұмыстар жүргізу
12 Елді мекендерді абатттандыру мен көгалдандыру, ағаштардың көшеттерін отырғызу, гүлдерді отырғызу, саябақпен алаңды күтіп ұстау, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын жасау
13 Алматы-Өскемен жол бойын күтіп ұстау, бейнебақылау жүйесіне қызмет көрсету Елді мекендердің жолдарын қыстық күтіп ұстау жұмыстарын бақылауға алып орындау.