Бүгінгі күні аудан әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес бір жыл ішінде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру үшін кездесіп отырмыз.
Елбасы Жолдауы мен Жарлықтарын, Үкімет, облыс, аудан әкімінің қаулыларын орындау жоспар бойынша іске асырылды. Аудан әкімінің шұғыл тапсырмалары күнделікті жұмыста басшылыққа алынып, сапалы орындалуы қамтамасыз етілді.
«Алғабас ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 5 штаттық бірлік берілген : ауылдық округінің Әкімі, 3 бас маман және 1 жетекші маман қызмет атқаруда.
Алғабас ауылдық округі екі елді мекеннен; Алғабас ауылы мен Қызылтоған ауылынан тұрады. Халық саны - 2232 адамды құрайды, оның ішінде: 189 зейнеткер, І,ІІ,ІІІ- топ мүмкіндігі шектеулі жандар 44, көп балалы аналар 92, оның ішінде «Алтын алқа» 28, «Күміс алқа» 36 .
Азаматтардың жүгінулері жөніндегі жұмыстар: Округте жеке құрам бойынша 36 өкім, негізгі қызмет бойынша 62 өкім қабылданды. Жоғарыдан кел келіп түскен құжаттар саны 402 шығыс құжаттар саны 436. Округтегі құжаттар 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес округте орындалу барысы бойынша жыл басынан заңды және жеке тұлғалардан барлығы жазбаша 3 өтініш қабылданып, қанағаттандырылды.
Жеке қабылдауға 11 азамат келіп өз ұсыныс, тілектерін жеткізді.
Өтініштердің көбі тұрғын үй құжаттарын қайта заңдастыру, мал мәселесімен, жұмысқа орналасу мәселелеріне қатысты болды. Барлық қабылдау өз шешімін тапты.
Округтің әлеуметтік саласында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде төмендегі әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапты. «Нәтижелі жұмыс пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 129 адам жұмысқа орналасты, бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 2 адам қысқа мерзімді қайта даярлау курсынан өтіп жұмысқа орналастырылды. Үшінші бағыты бойынша 1 адам жастар парктикасынан өтіп, өз саласы бойынша жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмыстарға 39 жұмыссыз азамат тартылып, 17 млн 153 мың теңгеге қаржыландырылды. 2021 жылы мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлік субъектілері бойынша 3 азамат, 9млн 400 теңгеге мал басын көбейту үшін несие алды, 3 азамат 1 млн 750 мың қайтарымсыз (грант) несие алып өз істерін бастап жалғастыруда.
2021 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті округ бойынша 4 отбасы 22 балаға 2 млн 142 мың 958 теңге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар көктемгі-күзгі әскерге шақыру жұмыстары бойынша ұйымдастырылып, жоспар бойынша 30 бала медициналық тексеруден өтті. 8 бала әскер қатарына алынып, қазіргі уақытта Отан алдындағы борыштарын өтеп жатыр. 10 бала студент, 3 азамат отбасылы үйленгендер. 13 бала медициналық тексеруден толық өтті.
Шағын және орта кәсіп саласы бойынша: Округте 4 дүкен, 2 тамақтандыру орны, 1 шаштараз халыққа қызмет атқарады.
Жергілікті бюджет бойынша: 2021 жылғы жыл басынан Кірістер басқармасында жеке және заңды тұлғалардан алынатын жер, мүлік, автокөлік құралдарына салынатын салық бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілді. Автокөлік құралдарына салынатын салық бойынша: бюджетке төлемдердің уақытылы түсуіне 83 адамға ескерту берілді. 2021 жылы жергілікті өзін-өзі басқару бойыншажергілікті бюджетке автокөлік құралдары бойынша – 4 млн 656 мың433 теңге, жеке тұлғалардан түсетін табыс салығынана – 403 мың 400теңге, мүлік, жер салығынана- 141мың 668теңге түсім түсірілді.Барлық салық түрлерінен жылдық жоспар бойынша орындалды.
Ауылшаруашылығы саласы бойынша:
Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен 2021 жылы 54 шаруа қожалығы шұғылданады.
Егін шаруашылығы саласында барлығы 1631 гектар егістік жер алқабы толығымен нысаналы мақсатта игеріліп, дәнді-дақылдар егілді.
2021 жылғы егіс науқанының аяқталуы бойынша қысқы мал азығына жалпы көлемі 7500 мын тоннадам астам шөп, 2500 мың тоннадан астам мал азықтық жем дайындалды.
2021 жылы Алғабас ауылдық округінің аумағынан жер пайдаланушылармен нысаналы мақсаты бойынша игеріліп, ауылшаруашылығы айналымына енгізіліп жер телімдері толық игерілді.
Елді-мекендердегі жайылым жерлерді, егіс алқаптарын тиімді пайдалау және Ауыл шаруашылығы министірінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес веб парталда танаптар тарихы кітабын қалыптастыру бойынша шаруа қожалық басшыларымен бірлесіп ауыспалы егіс жоспарларын құру дайындалған. Жайылым жерлерді ұтымды пайдалау және егістік, жайылым танаптар тарихын қалыптастыру бойынша 2021-2025 жылдарға 18 шаруа қожалықтың жұмыс жоспары әзірленіп ғылыми тұжырымдама негізінде бекітіліп дайындалды.
Мал шаруашылығы : Сонымен қатар, Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында шаруа қожалықтары және ауыл тұрғындары арасында жұмыстар жүргізілді.
2022жылдың 1 –қаңтарына жылдық санақ бойынша 2043 ірі қара малы, 9284 қой-ешкі , 923 жылқы малын құрайды. Округ бойынша төрт түлік малдың саны өз төлі есебінен көбеюде.
Орта білім беру жұмыстары білім беру бағдарламасына сәйкес іске асырылуда. 2021-2022 оқу жылында округте 328оқушы білім алуда. (Алғабас орта мектебі – 223, Қызылтоған Орталау мектебінде- 105)
Жалпы білім сапасы – 63,1
Алғабас орта мектебінің сұйық отын лимиті-41335 л., Қызылтоған мектебінесұйық отын 27 460 литр – лимит берілді.Санитарлық талаптар мен жылу нормалары талаптарға сай жүргізілуде.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету үшін Алғабас ауылында «Балауса» бөбекжай бала бақшасы қызмет көрсетеді.
Қазіргі уақытта 3 топта 65 бала тәрбиеленуде.
Бала бақшаға қысқы жылыту маусымына 18377 литр (лимит) сұйық отынмен қамтамасыз етілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша. Ауыл халқына күніне 25 науқас қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және 15 науқас кабылдайтын 1 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Зертхана, физкабинет, күндізгі стационар жұмыс жасайды. Санитарлық автокөлігімен қамтамасыз етілген.
2021 жылы 39 бала туылған, қайтыс болған адамдар саны – 10; 2021 жылғы табиғи өсім + 29 адамды құрап отыр.
Округте 2021 жылы атқарылған алдын-ала тексеру және емдеу жұмыстарының жоспар бойынша толық жұмысы жүргізілген.
Мәдениет үйі қысқы маусымға 13 мың 242 литр сұйық отынмен қамтамасыз етілді. 2021 жылға қаржыландыру мәселесі бойынша: Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджет есебінен елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 1 млн 700 мың тенге , түнгі көше жарығына 429 мың теңге, көше жарығының қызмет көрсетуге (ремонт) – 3млн 219 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға (билборд, банер, ағаш егу, мәдени іс шаралар бойынша безендіруге) 4млн 930 мың тенге,
Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыру-шешуге арналған іс шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша Алғабас ауылдық округіндегі футбол алаңын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4млн 928 мың теңге бөлініп жұмыстар атқарылып қолданысқа берілді.
2021 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 100 пайызға игерілді.
Ауылдық округ бойынша қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты бақылауда.
«Аудан әкімінің округ әкімдерінің елді мекедеріндегі ауыл халқының алдында есеп беру кездесулері бойынша айтылған талап-тілектері мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген, атқарылған жұмыстар:
Алдағы жылы әлеуметтік-экономикалық дамудағы оң қарқынды сақтау мақсатында, экономиканың нақты секторын мүмкіндігінше дамыта отырып, әлеуметтік саланы дамытуға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдардың дамуына бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.