Меню

Страницы

Статья

Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі М.С.Бәзіловтың 2021 жылы әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары және 2022 жылға арналған міндеттері туралы баяндамасынан үзінді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты  Жолдауында : Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда президент ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.  Президент бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет деген болатын.

Осы іс-шаралардың орындалуы халқымыздың әлеуметтік жағдайының өсуіне септігін тигізеді. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне сенім мол. ПрезидентЖарлығынасәйкесжыл сайынокруг әкімдерінің ауыл тұрғындарының алдында есеп беру жиыны өткізіледі.Жиындағы тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріескерусізқалмайды.Есептіккездесукезіндетұрғындардантүскенұсыныс-пікірлербойыншаіс-шараларжоспарыжасақталып, тұрғындардыжүйелітүрдехабардаретіпотырамыз. Округ аймағында 4 елді мекен орналасқан. Тұрғындар саны 1039 адам, 282 аула бар.  Округ бойынша 129 зейнеткер, 5 тыл еңбеккерлері, 27  көпбабалы аналар, оңын ішінде  7-і  «Алтын алқа», 8-і «Күміс алқа» иегерлері, І-топтағы 4 адам , ІІ-топтағы-8 адам, 1-еуі ІІІ топ, 3  адам бала кезінен мүмкіндігі шектеулі азамматтар  және  22 отбасында 110 оралман қандастарымыз  тұрады.

Округ әкімінің аппаратында  әкім, 3 бас маман, 1 жетекші маман және 6 техникалық персонал  өздеріне бекітілген міндеттер бойынша жұмыстарын атқаруда.Округ әкімі аппараты 44 негізгі қызмет, 30 жеке құрам бойынша өкім шығарды.Жыл басынан ауыл әкімінің қабылдауына 3 жазбаша, 7 ауызша өтініш түсіп толығымен қанағаттандырылды.

Әлеуметтік сала бойынша: Жұмыспен қамту бағдарламасының   орындалуы  бойынша 87 адам жұмысқа орналасты, қысқа мерзімді курстан-6 адам өтті, 1 адам грант алғандар, 1 адам жастар практикасынан өтті.  Қоғамдық жұмысқа 42 адам тартылды.Жұмыспен қамту жол картасы бойынша  жұмысқа орналасқандардың саны-29 адам.

Ауылшаруашылық саласы бойынша: Округтің жалпы жер көлемі 12314,31 га оның ішінде  суғармалы жер -209,62 га, жайылымдық жер – 12132,0 га.  2021 жылы  50 га жаздық арпа, 32 га картоп,  132  га көпжылдық шөп егіліп, 117,5 тонна жаздық арпа, 190 тонна картоп, 2101 тонна шөп  дайындалды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша: Округте2081 басірі қара, 7002 бас қой-ешкі,  868 бас жылқы, түйе 38 бас, 2350 - құс бар. Округте 1 мал ұрықтандыру пункті жұмыс жасайды.Жоспар бойынша ұрықтанатын  3000 бас ҰММ толығымен орындалды.

Салық түсімі: Мүлік салығы-17000 теңге, жер салығы 64000 теңгені құрап,100 пайызға орындалды.Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтар 1 млн 400мың теңге.

Денсаулық сақтау саласы бойынша: Медициналық пункт құрал-жабдықтармен, компьютермен, қызметтік телефонмен, интернет желісімен, жедел жәрдем автокөлігімен қамтамасыз етілген. Жоспарланған кесте бойынша ауыл тұрғындары барлық диспансерлік тексерістен  уақытылы өткізілді. Короновирустық нфекцияның алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарынан 550 адам вакцина алды. Округ бойынша ана мен баланың денсаулығын қадағалау мақсатында округке қарасты ауыл, отгон учаскелерін аралап тұрғындар мен малшылардың денсаулығын тексеріп, үнемі дәрігерлік кеңестер беріліп отырады.Жыл басынан 7 адам қайтыс  болып, 14 бала дүниеге келді.

Білім саласы бойынша: №12 орта мектебінде 2021-2022 оқу жылында барлығы 31 мұғалім, оның ішінде 2 мұғалім жоғары санатты - 4 педагог-зерттеуші,  13 мұғалім бірінші санатты-8 педагог сарапшы, 8 педагог модератор , 5 мұғалім санатсыз және 21 техникалық қызметкер еңбек етеді.Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 04.12.1997 жылғы №463 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерде 6 жас пен 17 жас аралығындағы  балалар мен жасөспірімдерді есепке алу тәртібі  туралы ережеге сәйкес ауыл әкімімен келісе отырып, шағын аудандардағы балалар есепке алынды. Нәтижесінде 0-5 жас 51 бала, 6-18 жас аралығында 150 бала, оның ішінде 16 бала мектепалды даярлық сыныбында,  134 бала аталған мектепте, 9 бала басқа мектепте, 21 бала колледждерде, 6 бала жоғарғы оқу орындарында оқиды.

2021-2022 оқу жылының тәжірибелік іс-шаралардың  кешенді жоспарына сәйкес оқушылардың сабаққа  толық қатысуын қадағалау  және балаларды  тасымалдау қауіпсіздігін қаматамасыз ететін ережелер бойынша ПЧ-45 елді мекенінде тұратын 54 бала тасымалданып оқытылады.

Округте 1 бөбек-жай балабақшасы бар.Штат кестесі бойынша 22 қызметкер жұмыс атқарып, 3   топта 50 бала тәрбиеленуде. Округтегі спорт, жастар, дін, мәдениет саласындағы іс-шаралар жоспарға сәйкес онлайн  атқарылды.

2021 жылы атқарылған жұмыстар:

1.«BS BUILD» ЖШС-і мердігер мекемесі  жалпы ұзындығы 0,7 шақырымды құрайтын Айнабұлақ бекетіндегі Центральная көшесінің орташа жөндеу жұмысы жасалып, 10 304,0 мың теңге қаражат жұмсалды.

2022 жылға арналған міндеттер:

1.ШОБ дамыту мақсатында округте шаштараз бен тігін цехын ашу, жазғы демалыс алаңын ашу.

2.Малшаруашылығын дамыту мақсатында 150 бас ІҚМ мал бордақылау алаңын ашу.

3.Округке балалар алаңын, шағын футбол алаңын салу.

4.Елді мекендердегі Рамазанов, Ағыбай Бартай, Железнодорожная, Байшапанов көшелерін орташа жөндеуден өткізу.

5.Су мұнарасына  электр желісін тарту жұмыстарын аяқтау.

6.Ауыл тұрғындарына мал жайылым жерлерін реттеп беру.

Дата публикации
20 февраля 2022
Дата обновления
20 февраля 2022
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы