Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы алу үшін уақытында хабарласыңыз

БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, әйелдердің зейнеткерлік жасын жыл сайын 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жарты жылға ұлғайта отырып), сондай-ақ бірінші және екінші топтағы адамдардың мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқығы

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО)бөлімшелеріне уақтылы жүгінулері қажет. Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар БЖЗҚ-ның өңірлік бөлімшелеріне не БЖЗҚ-ның интернет-сайты арқылы (www.enpf.kz) электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда жүргізіледі.

Сіздің назарыңызды зейнетақы тағайындау туралы өтінішпен бірге ХҚКО-ға құжаттарды зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 10 күн бұрын беруге болатынына аударамыз. Осыған байланысты ағымдағы жылы 60 жасқа толған, туған күні 31 желтоқсан (қоса алғанда) аралығындағы әйелдерді 2021 жылдың соңына дейін ХҚКО-ға жүгінулеріңізді сұраймыз, өйткені 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60,5 жасқа дейін ұлғаяды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда "ГНПФ "ЖЗҚ"АҚ негізінде құрылды. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті" ММ БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ мына сілтеме бойынша www.enpf.kz).

Дата публикации
31 января 2022
Дата обновления
31 января 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы