Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дағы барлық жеке зейнетақы шоттары енді автоматты түрде ашылады

Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұданәрі – Заң) қолқойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңынада енгізілді.

Осы өзгерістергесәйкес 2021жылдың 26 қазанынанбастапБЖЗҚ-да міндеттікәсіптікзейнетақыжарналары (МКЗЖ) есепкеалынатын жекезейнетақышоттары (ЖЗШ) алғашқыжарнакеліптүскенкездеавтоматтытүрдеашылатынболады.

БЖЗҚ-ныңақпараттықжүйелерізейнетақыжарналарыныңбасқатүрлерібойынша ЖЗШ ашу тәртібі сияқты МКЗЖесепке алынатын ЖЗШ ашудыңжаңатәртібінедайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, ЖЗШ ашудың мәлімдемесіз тәртібі мына кезеңдерден бері әрекет етеді:

- 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;

- 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.

Пайдасына МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру МКЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, өзге де деректері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Жұмыс беруші МКЗЖ агенті (төлеушісі)болып есептеледі, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын  ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде жұмыскердің пайдасына өз қаражаты есебінен жарналар аударуға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алуға зиянды және қауіпті қызмет салаларында еңбек ететін азаматтар құқылы. Мұндай кәсіптердің тізбесі «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.

МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде ашу жөніндегі заңнамалық өзгерістер агенттерге МКЗЖ аудару бойынша міндеттемелерді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді. Енді БЖЗҚ-ға 10-нан астам атауы бар белгілі бір құжаттар тізбесін ұсына отырып, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу туралы өтінішті қызметкермен бірлесіп ресімдеудің қажеті жоқ.

Анықтама: міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударады.

МКЗЖ аударылуынсалықоргандарыбақылайды. Егержұмысберушіқызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ-ныуақытылы аудармаса (нақтытөлемжасалып, қызметкеркірісалғанжағдайда), жұмысберушіденсалықоргандарымерзіміөткенәрбіркүнгеуәкілетті орган белгілегенқайтақаржыландырудыңресмимөлшерлемесінің 2,5 еселенгенмөлшеріндеесептелгенөсімпұлмен МКЗЖ өндіріп алып, БЖЗҚ-ғааударады. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы