Меню

Страницы

Статья

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2021 жылдың І-тоқсанында ұйымдастырған спорттық іс-шаралары туралы ақпарат

 Көксу ауданы бойынша барлығы 128 спорт  құрылымдары бар. Оның ішінде: Б.Оңғаров атындағы орталық 1 стадион, Балпық би ауылында 2021 жылы қолданысқа берілген 1 дене шынықтыру спорт кешені, Лабасы ауылдық округіндегі 1 «Жастар» спорт кешені, 1 жүзу бассейні,  «Харуат» мәдени-спорт орталығы, 1 бокс залы, жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде 3 күрес залдары, Мәмбет ауылының 1 күрес залы, 11 атыс орны, орта мектептер мен мәдениет үйлерінде орналасқан 29 спорт зал және 78  плоскастық спорт алаңдары бар. Жастар мен балаларға арналған туристік «Тритон» қоғамдық бірлестігі спорттық туризм бағытында жұмыс істеуде.

 Наурыз мейрамы мрекесіне орай 2021 жылдың наурыз айының 18-19 күндері аралығында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі мен бірлесе Көксу ауданының балалар және жасөспірімдер спорт мектебі ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа барлығы 200 ден аса бала қатысты. Атап айтсақ Хандойбы, тоғызқұмалақ, арқан тарту, асық ату, ләңгі ойнау спорттарынан өтті. Жарыстың мақсаты бұқаралық спортты және ұлттық спортты дамыту болып табылады. Жарыстар барлық карантиндік шараларды сақтай отырып онлайн форматта және жалпы форматта өтті.

 Мамыр айының 27- күні Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында орналасқан дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің ашылуы өтті.Ашылуына Көксу ауданының әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы және тағы облыстық басқармадан және ауданымыздан шыққан спорт майталмандары қатысты. 180 орындық барлығы 3000 шаршы метрден астам спорт нысаны аудан спортшыларының спортпен шұғылдануына кең пайдасын тигізетіні анық.

 Алматы облысы, Талғар қаласында өткен мүмкіншілігі шектеулі жандарға арналған Қазақстан Республикасының біріншілігінде Көксу ауданы, Мұсабек ауылының тұрғыны Мұқамет Бүркітбек жүлделі II – орын иеленді. Бұл жарыс алда өтетін Әлем және Азия біріншіліктеріне іріктеу болатын, яғни алдағы уақытта жерлесіміз Әлем және Азия біріншіліктеріне жол тартпақ. Осы жарыс нәтежисесінде Мұқамет Бүркітбек спорт шеберіне үміткер атанды.

 Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласында 16-17 мамыр күндері, Қазақстан Рсепубликасының мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен, самбо күресінен спорт шеберлері арасында өткен жарысқа, Алматы облысының құрама командасында Көксу ауданының спорт шеберлері ілініп жарысқа қатысып келген болатын. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спорт майталмандары арасында орын алған дүбірлі додада ауданымыздың спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ: Серижанов Тәңірберген Махмұтұлы II - орын, +98 кг 36-40 жас аралығында, Абиров Жанат Нұрдымақынұлы III - орын, +98 кг 55-60 жас аралығы, Дарубаев Нұрлан Саханұлы II - орын, 71 кг 50-54 жас аралығы, Сиражанов Алдаберген Махмұтұлы II - орын, 98 кг 45-49 жас аралығында.

 14-15 маусым күндері Көксу ауданының орталығы Балпық би ауылында орналасқан  Б.Оңғаров атындағы орталық стадионында Қазақстан Республикасының 23 маусым Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай жаздық спартакиадалық ойындар өткізілді. Спартакиада 6 спорт түрінен ұйымдастырылды. Атап айтсақ үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, кермеге тартылу, 100 метрге,1000 метрге жүгіру. Бұл жарыс облыстық мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға іріктеу жарысы болған болатын. Үздік жүлделі орын алған қызметшілер Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемсінің құттықтау қағаздарымен және медальдарымен марпатталды.

 4 жылда бір ұйымдастырылатын, «Ақ бидай-2021» ауыл спорты ойындарына Көксу ауданы құрама командасы  22-25 шілде күндері аралығында 7 спорт түрінен қатысты. Аудан спортшылары жақсы өнер көрсетіп жеке сындарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында өткен қазақ күресінде Аудан спортшылары Дауытов Бауыржан 66 кг салмақта I-орын, 100 кг салмақта Төкен Айбар III-оырн, Нияз Ерсайын III-орын иеленіп қайтты. Қаратал ауданы Үштөбе қаласында гір көтеру жарысында жекелей сында 85 кг салмақта Ноғайбай Жасұлан жүлделі II-орынға иеленсе, Талдықорған қаласында өткен Президенттік көпсайыс ойындарында аудан спортшысы Тастанданиова Гүлнұр жекелей сында III-оырнға ие болды. Тағы сол сияқты Талдықорған қаласында өткен үстел теннисінен аудан спортшылары Цой Аркадий, Касымов Бахтияр, Есханин Санат атты спортшыларымыз жалпы командалық есепте IV-орын иеленді. Футбол ойындарынан Көксу ауданының құрама командасы үздік танылып жүлделі I-оырнға жайғасып чемпион атанды. Бұл аталған жарыста үздік танылған спортшылар алдағы уақытта өтетін Ақтау қаласында өтетін Республикалық Ақбидай-2021 ауыл спорт ойындарына қатысуға жолдама алды.

 Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай 13 – 17 қазан аралығында аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығында гандболдан жасөспірім қыздар және әйелдер арасында Республикалық чемпионаты өтті. Чемптонат өте жоғары деңгейде өтіп, жеңіске жеткен командалар келесі турларға жолдамалар алды.

 Тәуілсіздік 30 жылдығына орай Балпық би ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығында жауынгерлік самбодан ерлер арасында облыстық чемпионаты өтті. Чемпионатқа ауданымыздың спортшылары және басқа аудан спортшыларынан әр түрлі салмақ дәрежесінде 150 спортшы күш сынасты. 3 салмақ дәрежесінде Көксу ауданының спортшылары жеңіске жетіп жүлделі орындардан көріне алды. Айта кетсе I – орын 1 спортшы, III-орын 2 спортшы иеленді.Тағы сондай жасөспірім балалар және қыздар арасында қазақ күресінен аудандық жарыс ұйымдастырылып, облыстық жарыстарға спортшыларды іріктелініп алынды. Жеңіске жеткен спортшылар облыстық жарыстарға қатыстырылатын болады.

 Қазан айының 22-23 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкілдігімен және Көксу аудаынының дене шынықтыру және спорт бөлімі және Көксу ауданының балалар және жасөспірім спорт мектебі бірлесе 2008-2009 жылдыр, 2010-2012 жылдыр туылған қыздар және ұлдар арасында дзюдо күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Түрнирге облыстық аудандар мен қалалардан 450 ге жуық спортшы ұл-қыздарымыз қатысып, жүлделі орын алған спортшылар сыйлықтар мен және грамоталармен марапатталды.

 Қазақчтан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай Көксу ауданында орналасқан мекемелер арасында кіші футболдан, қазан айының 28 күні аудандық турнир ұйымдастырылды. Түрнирге барлығы 9 команда қатысты. Барлық ойындар өзара тартысты және қызықты болды.Үздік 3-орынды 2021 жылы ашылу салтанаты болған Балпық би ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру орталығы алса, 2-орынды Көксу ауданы әкімі аппаратының құрама командасы ұтып алды. Үздік 1-орынды Көксу ауданының білім бөлімі ұтып алып, чемпион атанды. Орын алған командалар Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің грамоталары мен медальдары мен және кубогімен марапатталды. Бұл жарыс жылда ұйымдасып келе жатқан өзіндік тарихы бар турнирлердің бірі екендігін айта кету керек.

 Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Көксу ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі жылдық жоспар бойынша мүлтікпей жұмыстарды атқаруда. Кез – келген мерекелерде спорттық іс – шаралар міндетті түрде өткізілуде. Әр округтегі спорт нұсқаушыларының жылдық жұмыс жоспары жасалып, жоспарлары бойынша ай-сайын есептері қабылданады. Спорт нұсқаушыларының айлық есеп өткізуі үнемі бақылауға алынған. Көксу ауданы бойынша дене шынықтырумен айналысу үшін барлық жағдайлар барынша қарастырылуда. Жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылданамын деген аудан тұрғындарына спортзалдар есігі әрдайым ашық. Аудан тұрғындарының бұқаралық спортпен күнделікті шұғылдануы үшін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бекітілген кестелерге сәйкес  дене шынықтыру жөніндегі әдіскерлер басқаруымен және жаттықтырушылармен жаттығулар жүргізіледі.

Дата публикации
04 ноября 2021
Дата обновления
04 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Инфографика
20 октября 2026
Ақпарат
27 июля 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ
30 марта 2026
Лудомания – қоғам үшін қауіпті тәуелділік

Социальные медиа

Инстаграмм
Фейсбук

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы